?з-?зіне ?ол ж?мсауды? психологиялы? алдын-алу факторлары.
Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
№ 28 Құсмұрын орта мектебі» ММ
Өз-өзіне қол жұмсаудың психологиялық алдын-алу факторлары
Мектеп психологы: Камелова Жадра Әділбекқызы
Білімі: жоғары
Санаты: екінші
Өз-өзіне қол жұмсаудың психологиялық алдын-алу факторлары.
Мақсаты: Өз-өзіне қол жұмсаудың алдын-алу факторларымен таныстырып, одан әрі топтасып жұмыс істеу жүйесін дамыту;
Бүгінгі таңда бізді ойландыратын өзекті мәселелердің бірі – бұл адамның өз-өзіне қол жұмсауы (суицид). Соңғы кездері кейбір үлкендердің, жастарымыздың психологиялық күйзелісті (стресс) бастан кешіріп жүргенін жиі кездестіреміз. Психологиялық ауруы асқына берсе, ол адамның өмірге деген құштарлығы жойылады, өлімнен басқа мына әлемнің ешқандай проблемасы қызықтырмайды. Бұл дерттен айығуға ұзақ уақыт, психологиялық тұрғыдан көмек керек. Қоғамда адам баласын теріс жолға апаратын түрлі жол бар. Шындық осы.
Өз-өзіне қол жұмсау әрекеттерге барудың негізгі психологиялық факторлары: көңіл-күйдің төмендігі, жақын адамның өлімі, жанұядағы келеңсіз жағдайлар (түсініспеушілік, қызғаныш, алдану, т.б.), бопсалау, әлімжеттік жасау, қорқыту, қаражатқа байланысты қиыншылықтар, бақытсыз махаббат, сексуалдық сәтсіздік... т.б. Осы жағдайларды басынан кешкен жандар өз-өзіне қол жұмсап, сәл қиындық кездессе кейбір жастарымыз шыны сияқты шытырлап сынып қалуға, ажалды еш үрікпей күтіп алуға әзір тұрады. Жүйкесі жұқарған ұрпақтың қатерлерге қарсы тұра алмайтыны мәлім. Бүгінгі таңдағы өте салмақты мәселеге айналған осынау аты жаман дертті әркім әрқалай қабылдап, өз алдына топшылайды. Бірі – заманның өзгеруі десе, екіншілері – әлеуметтік жағдайдың қиындығынан, не болмаса, денсаулықтың салдарынан деп таниды.Ойлап қарасаң, дене түршігерлік жайт.
Өзіне-өзі қол жұмсаудың формалары:
суық өз-өзіне қол жұмсау – бұл жағдайда жасөспірім шынында өмірден кетуді қалайды, яғни өмір сүргісі келмейді.
белгілі бір ойын ретінде болатын өз-өзіне қол жұмсау – яғни, бұл адам өзін басқалардың құтқарып алатынына сенімді, ол жай ғана өзгелердің оған назар аударуын қалайды.
жасөспірімнің әр түрлі проблемалардан құтылу тәсілдері ретіндегі суицид – бұл жағдайда жасөспірім өз-өзіне қол жұмсауды барлық проблемаларды шешудің ең тиімді әдісі деп біледі.
Өз-өзіне қол жұмсауды ұйғарған адамдар өздерінің проблемалаға тұйықталып қалғандығымен және ол проблеманы шешу жолдарын таба алмайтындығымен қажетті болады, сондай-ақ «Мен сенсіз өмір сүре алмаймын», «Сенсіз өмірдің маған еш қажеті жоқ» деген ойлар өзінің жақын адамының басқа біреуге кетіп қалуы немесе опасыздық істеуінен пайда болады да, жасөспірімді өз-өзіне қол жұмсауға итермелейді. Жасөспірімдер өздерінің және эксперт психологтардың көзқарастары бойынша өз-өзіне қол жұмсау себептері төмендегі жиі кездесетін мысалдар арқылы түсіндіруге болады:
көмекке шақыру - өзіне-өзі қол жұмсауды ойлаған адамдардың көпшілігі шын мәнінде өмірден кеткісі келмейді. Өз-өзіне қол жұмсау – бір нәрсеге қол жеткізу тәсілі ретінде ғана қаралады. Мысалы, басқалардың өзіне көңіл бөліуне немесе махаббатқа қол жеткізуі. Өз-өзіне қол жұмсағандардың көбі маңыйындағыларға мұндай ойы барын сездіруге тырысады. Көбіміз оған мән бере қарамай, сөз астарын түсінбей қалуымыз мүмкін. Дегенмен де олардың көбі өлімнен қорқады, қорқа тұра соған барады, себебі, жүрек түкпірінде біреу-міреу құтқарып қалар деген үміттері бәрібір блады. Жасөспірімдер арасында дайындалып жүріп шын мәнінде өмірмен қоштасатындар өте аз. Олар осындай әдіспен өздеріне назар аудартқылары келеді.
болашаққа үмітсіздік – жасөспірімге өмір мәнсіз көрінеді. Және болашаққа сенімі жоғалады. Өз өмірін жаөсарту немесе жаңалау үміті жоғалады.
проблеманың көптігі – жасөспірім үшін проблемалардың соншалықты шешімінің жоқтығы, оларды бір-бірлеп шешу амалдарының табылмауы. Мысалы, жасөспірім қылмыс жасағанда немесе қыздың жүкті болып қалуына бйланысты.
біреуге жәбірлік істеу, қасірет келтіру әрекеті – «Олар әлі өкінеді», «Оларға мен әлі-ақ қайғы тауып беремін» деген сияқты ойлардың болуы.
өз-өзіне қол жұмсау проблемаларды шешу тәсілі ретінде көру – бұл кезде жасөспірім өз-өзіне қол жұмсауды ерліктің және күштіліктің белгісі деп қарайды. Бұл арқылы бала барлық проблема шешіледі деп ойлайды.
Қауіпті топтағы балалармен қарым- қатынас жасау ережелері:
Өз - өзіне қол жұмсауға барудың кілтін табыңыздар
Өз- өзіне қол жұмсаушыны тұлға ретінде қабылдаңыз
Қамқоршылық қарым -қатынасты қалыптастырыңызМұқият тыңдаушы болыңыз
Сұрақ қойыңызҮмітсіз нәрселерді ұсынбаңызКонструктивті шешім ұсыныңызҮмітті ұяландырыңызӨз –өзіне қол жұмсау деңгейін анықтаңызӨз- өзіне қол жұмсау деңгейінің жоғары көрсеткіші анықталса жалғыз қалдырмаңызМамандардың көмегіне жүгініңізМаңыздысы көмек пен қамқорлық жасау болып табыладыӨз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу үшін бірінші кезекте күнделікті қарым-қатынастағы жақын адамдарымызға жылы шырай танытып, ішкі жан-дүниесін түсінуіміз қажет. Осы арқылы ғана жақсы жағынан ықпал етіп үлкен нәтижеге жетеріміз хақ. Қандай жағдай болса да жасөспірімдерде суицид көрінісінің алынуына ересектер жауапты. Өз-өзіне қол жұмсауға бағытталған қандай да болмасын әрекеттерге, айтылатын сөздерге үлкен жауапкершілікпен қараған жөн. Жан айқайымен зарлаған бала өзіне көмек іздегенде ересектерден жауап күтетініне күмән келтірмеген жөн. Өйткені, оның жалғыздық дағдарысына ең жақын адамы - ата-ана болып табылады.. Жасөспірімнің жабығу көңіл-күйінің болмауы , өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу іс-шарада ата-ана маңызды рөл атқаруы дұрыс. Баланың көңіл-күйі төмендеуі және жабығудың басқа бегілері байқала бастағанда-ақ аталған күйден шығару бойынша жедел шаралар жасаған жөн. Жалпы білім беру мекемелерінде жеткіншектерге үнемі әлеуметтік психологиялық тренингтер жүргізіліп, психолог, сынып жетекшісі, әлеуметтік педагог алдын алу шараларын ата-анамен тікелей байланыста болып, бірлесе отырып атқарған дұрыс.
Мектепте топтық ұйымшылдықты арттыру.
-Жалпы мектептік психикалық саулық бағдарламасын құру, мектепте оқушылар өздерін жайлы сезінетін салауатты ортаны қалыптастыру.
-Сыныптан тыс түрлі өмірлік маңызы бар тәрбиелік жұмыстар ұйымдастыру.
- Мектеп және ата-аналардың өзара және мектептің қоғаммен әрекеттесуінің моделін құру.
Іс- шараларды жүзеге асыру керек:
1. Мінез-құлыққа диагностика өткізу.
2.Оқу және жеке мәселелер бойынша, өз бағасын көтеруге, әлеуметік қолдауға байланысты жекелей,топтық сабақтар өткізу.
3.Сынып сағаттары, дөңгелек үстел ұйымдастыру.
4. Ата- аналармен тығыз байланыста борлу.
5.Психикалық көмек көрсету мекемелеріне бару, кеңес алу.
6.Суицидке ұмтылушыны әлеуметтік және психологиялық жағынан оқшаулау.
7.Теңдетілген психотерапиялық түзетулер.
Өмір – күрес, сын. Түн артынан күн шығатыны секілді, қиыншылық арты жақсылыққа ұласатынына сенімді болу керек. "Сабыр түбі - сары алтын" деп бабамыз бекер айтпаған ғой. Өмірімізді өзіміз қадірлейік, бағалайық, осы үшін қажымай жұмыс жасап, өз оқушыларымызға қол ұшымызды аямайық.
Білім беру мекемелеріндегі суицидтің алдын алу жолдары, Алматы облыстық білім басқармасы, Алматы облыстық мамандар кәсіби дамыту институты, Алматы, 2011. - 104 бет.
Елшібаева К.Ғ. Суицидтің алдын алу. Алматы Нұр-Принт 2008
Ковалев В.В. Психиатрия детского возраста. М., 1979.
Изард К.Э. Психология эмоций. СПб., 1999.
Черепанова Е. «Психологический стресс. Помоги себе и своему ребенку». М. 2006.