Сыни т?р?ыдан ойлану ар?ылы салауатты ?мір салтын ?алыптастыру та?ырыбында коучинг таныстырылымы


Ұжым – күрделі оркестр, онда әркімнің өз аспабы болады, сол аспабымен ойнайды. В.А.Сухомлинский Тақырыбы:Сыни тұрғыдан ойлану арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру Коучинг мақсаты:Мұғалімдер арасында диалогтік өзара әрекеттестік арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға арналған. СТО қалай дамиды? Өзінің жауаптары мен оқыту үдерісі туралы ойлануы арқылы дамиды. СТО-ны дамыту жолдары: Мұғалімдерді мәселеге көңіл аударуға және мәліметтерді талдауға шақыру нәтижесінде қарастырылатын болады. Мұғалімдер өз әріптестерімен сұхбаттасуда өз көзқарасын айтады әрі қорғайды. Сондай-ақ, осы сабақта біз дене шынықтыру сабағында сыни тұрғыдан ойлаудың кейбір аспектілерін қарастырамыз.P.S. Бұл тақырып бойынша дене шынықтыру сабағындағы мақсатым салауатты өмір салтын қалыптастыру болса, коучингте өмір салты қалыптасқан мұғалімдермен әдіс алмасу және есеп беру мақсатын көздеймін. Коучингке қызығушылық оятуКоучингте Темірғали ағай көп сөйлеп түсіндірсін бе, әлде, өздеріңіз көп сөйлеп түсінгіңіз келеді ме? (кері байланыс)Сабақ тақырыбы, мақсаты, міндеттері тұрғанда топқа бөліну деген жай ғана сыныпқа кіріп, сырт киімді ілгішке ілген сияқты мәселе деп қарайсыз ба?Сыни тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау дегенге келісесіз бе?Сыни тұрғыдан ойлау адам шындыққа не қорытындыға қол жеткізетіндігіне кепілдік бере ме?Сапалы сұрақтарды қоя білу сыни тұрғыдан ойлаудың және жақсы сыни ойшыл болып қалыптасудың негізгі кілті бола алады ма?Сыни тұрғыдан ойлау бұл зерделеуге және жетілдіруге болатын (жетілдірілуге тиіс) зияткерлік шеберлік дегенге келісесіз бе?Темірғали ағай дене шынықтыруда СТО-ны қалай қолданады екен деп ойлап отырсыз ба?Тапсырма: Тобыңызбен жұмыс істеп сұрақтарға сыни тұрғыда жауап беріңіз? Сыни ойлау анықтамасы:


ppt_xxshearppt_x
ppt_xxshearppt_x

ppt_xxshearppt_x
Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету үшін:



{5DA37D80-6434-44D0-A028-1B22A696006F}Тапсырма: Тұжырымдамалармен келісесіз бе?Ия/ЖоқБірінші байлық – денсаулық сөзінің салмағын, жүктер жауапкершілігін көбіне сезбейміз де, мойындамаймыз. Аурулар - салауатты өмір салтына күресу үшін жаратылған. Тәні саудың жаны сау – ойсыз айтылған сөз! Тәннің саулығы сау парасаттың жемісі. Салауатты өмір салты – бұл өмір емес, бұл бояма. Адамның іс-әрекеті қандай болса, өзі де, табиғаты да, науқастануы да сондай. Зиянды әдеттер – бос сөз, денсаулық болса болды. Неғұрлым мәдениет төмен болса, соғұрлым денсаулық нашар болады.Сабаққа қызығушылық ояту Денсаулыққа әсер етуші факторларҚоршаған ортаДәрігерлік көмекТұқым қуалаушылықСалауатты өмір салтыСұрақ: Сіздің топтағы мамандардың зерттеуі бойынша денсаулыққа әсер етуші факторлардың пайыздық қатынасы қандай? " Қазақстан -2030" бағдарламасы арқылы халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін төмендегідей стратегиялық бағыттар ұсынамын!Бірінші:Екінші:Үшінші:Тапсырма: Топпен талқылап келешекте атқарылатын айрықша үш басты бағытты айқындап беріңіз. Неліктен ол бағыттар маңызды деп ойлайсыз?Егер мен президент болсам... Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев барлық қазақстандықтарға жолдаған " Қазақстан -2030" бағдарламасында халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі 3 бағытта күрес жүргізу керек деп атап көрсетті. Олар:1 – бағыт. "Темекі шегуді тоқтату";2 – бағыт. "Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес";3 – бағыт. "Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес". Барлық ішімдікті өнімдердің құрамында этил спирті деген у бар. 100 грамм ішімдік құрамындағы этил спирті:Сыра (пиво) – 6-12г Шарап (вино) – 20гШампан – 17гАрақ (водка) – 40гКоньяк – 40гСамогон – 20-70гC6H12O6(глюкоза)2 CО2 (көмір қышқыл газы)2 C2H5OН(спирт)Адамды өлімге жеткізетін алкоголь мөлшері:1 кг дене салмағына 8 грамм этил спирті (С2H5ОН) немесе70 кг дене салмағына 560 грамм этил спирті. Наркоз мөлшері:1 кг дене салмағына 4-6 грамм этил спирті немесе70 кг дене салмағына 280-420 грамм этил спирті.Ішімдік туралы Ішімдік туралы қызықты мәліметтерЖыл сайын жер шарында ішімдіктен 6 миллионға жуық адам қайтыс болады екен. Қазақстан халқының 51 пайызы ішімдікті пайдаланады екен. Барлық аурулардың 10 пайызы спиртті ішімдіктердің салдарынан туындайды.Арақ-шарапты пайдалану адам өмірін 10-15 жылға қысқартады екен.Бұзақылықтың 90 пайызына, адам өлтірудің 70 пайызына, ұрып-соғу, жәбірлеудің 60 пайызына арақ ішкен адамдар кінәлі көрінеді. Сұрақ: Ішімдікті тұтыну себептерін айтып бере аласыз ба? кезекпен сөйлеубелсенді тыңдаусұрақ қою және сұрақ бар ма екенін сұрауұсыныс енгізу және басқаларда ұсыныс бар ма екенін сұрау өз ойларын және пікірлерін ортаға салу және басқалардың идеялары мен пікірлерін білуұсыныстарды, идеяларды және пікірлерді ұжыммен талқылау көмектесу және көмек сұрау түсініктеме беру және түсініктеме беруді өтінуидеяларға түсініктеме беру және оны бағалаутоптық шешім қабылдау және бір тоқтамға келу талқылаудың қорытындысын шығарудәйекті айғақтар келтіру. Топта жұмыс істеу ережелері Ішімдікті тұтынудың алты себебіГЕДОНИСТИКАЛЫҚ — рахатқа құмарту. Ол адамның ойы: «Неге ішуден бас тартуым керек, өмір бірақ рет беріледі!!! Бұл өмірге келген соң рахатыңа көріп қалу керек».АТАРАКТИКАЛЫҚ — аффективті жағдайды, эмоциялық ауырлықты, үрейді, абыржу, сенімсіздікті жеңілдету. «Дәрігер, мен жағымсыз естеліктерді бір сәт ұмытайын деп едім».СУБМИССИВТІК — еріксіздік және бағынушылық, қоршаған ортаға қарсы тұра алмау. «Көппен көрген ұлы той! Ерекшеленіп ақ қарға болғым келмейді».ГИПЕРБЕЛСЕНДІ МІНЕЗ— ішімдік допинг ретінде тонусты көтеріп, белсенділікті және іскерлікті жақсарту үшін. «Шаршаған кезде сергіп алу үшін ішемін».ЖАЛҒАН МӘДЕНИЕТТІЛІК — қоршаған ортаны күрделі коктейль рецептурасына, шараптың сирек маркаларына көңілдерін аудару. Дәрігерге қаралып жүрген бұл аурулар өздерін «спиртті ішімдікті ерекше бағалаушымыз» деп айтады.ҰЛТТЫҚ — той және мейрамдар. Темекінің шығу тарихы. Темекі тарту ХҮ ғасырда 1496 жылы басталды. Алғаш темекі тіс ауруына қарсы қолданылатын дәрі ретінде Испанияда қолданды.Темекі - заңды түрде қолдануға болатын есірткі түрі. Шылымның түтінінде 4 мыңнан астам химиялық элементтер бар, олардын ішінде онкологиялық ауруларды туғызуға қабілеті бар 40 улы заттар бар. Шылымның 1-2 қорабында никотинның өлімдік мөлшері бар. Темекішілді құтқаратыны, бұл мөлшердің организмге бірдені емес, бөлшектеніп түсетіні. Темекі туралы қызықты мәліметтерӘлемде 1,5 млрд. (40% адам) шылым шегуші бар. Жылына 2,5 млн. адам, яғни темекінің улы әсерінен әрбір 13 секунд сайын бір адам өледі екен.Темекі түтініне ерекше «аромат» пен «дәм» беру үшін адам зәрінің құрамына кіретін урина дейтін химиялық компонент қолданылады.Темекі – ең сатылмалы тауар. Жыл сайын әртүрлі елдерде 1 триллиондай «темекі» сатылады.Фильтр темекі құрамындағы зиянды заттардың 20 пайызын ғана ұстап қалады.Күніне тартылған 20 темекі жылына 300 рет өткен флюрографиямен тең.Темекі шегуші биологиялық жастан бес есе тез қартаяды.Күніне бір қорап темекі шеккен адам рұқсат етілетін радиация мөлшерінен 3,5 есе артық доза қабылдайды.Шылым шегетіндер шылым шекпейтіндерге қарағанда пәле (рак) аурымен (өкпе 10 есе, көмей 6-10 есе, өңеш 2-6 есе) жиі ауырады.Қазақстан халқының күніне темекіге жұмсайтын шығыны 1 656 564 АҚШ доллары20 қараша – Дүниежүзілік темекіден бас тарту күні. Шылым шегілген бөлмеде бір сағат болған адам шылым шеккендей уланады. Тапсырма: Топтарға жеребе арқылы әр-түрлі жағдайлар тапсырылады. Диалог құрып, рөлдерде ойнап беру шарт. Тапсырмада сыни ой-пікір болу керек. Бірінші оқиға:Мұғалім оқушыны темекі шегіп тұрған жерінен ұстап алды. Ұстаз бен шәкірт диалогын құрып, рөлдерде ойнап беріңіздер! Екінші оқиға:Сіздің жұбайыңыз темекі шегеді. Сіз оны зиянды әдеттен арылту үшін не айтасыз? Ерлі – зайыпты диалогын құрып, рөлдерде ойнап беріңіздер!Үшінші оқиға:Көшеде отырған қарияға:Неге темекі шегесіз? - дедіңіз.Ол сізге: Бір Алла-Тағаланың жазуы бар ғой, көп жасаймын ба, жоқ па, аз жасаймын ба, әйтеуір бір жазу бар ғой деді.Рөлдерде ойнап, диалогты жалғастыру.Төртінші оқиға:Темекі мен темекі шегіп көргісі келіп жүрген адамның диалогын құрып рөлдерде ойнап беріңіздер! Бес жолдық өлең стратегиясыШымкенттің салқын сырасыКөрдіңбе ішіп құрдасымМөлдіреп тұнып тұрғансынҚалай сен шыдап тұрасыңШөлдеген кезде жолдасымШаршаған кезде сырласымІшкенде жаның кіріпБойыңда қаның жүріпӨмірдің мәнін ұғарсыңТапсырма: Өлең шығарыңыз! РефлексияАяқталмаған сөйлемдер. Мен бүгін …... (білдім, сезіндім, алдым, үйрендім, түсіндім) Мен …… орындай аламын.Мен ……талпынып көремін. Мен тапсырманы …… орындадым.Мені …… таң қалдырды.Маған …… қызықты болды.Маған …… қиындық тудырды.3 айлық курсқа қатысты ...... түсіндім. Енді менің …… қолымнан келеді. Коучинг маған …… берді.Коучинг ......