Т?л?аны? ?зіне сенімділігін арттыру тренинг
«Тұлғаның өзіне деген сенімділігін арттыру» атты 11-сынып оқушыларына арналған психологиялық тренинг.
Мақсаты: оқушылардың өздеріне деген сенімдерін нығайтып, өзі туралы ойын дамытып, коммуникациялық іскерлікті жетілдіру, өзін сенімді сезіну үшін тұлғаны психологиялық күйге келтіру.
1, «Сіздің көңіл-күйіңіз қандай?»
Мақсаты: оқушылардың дәл қазіргі көңіл-күйлері қандай екенін анықтап алу.
Қажетті заттар: түрлі-түсті қағаздан жасалған фигуралар, ватман, акварильді краскалар.
1) интерпретацияҚызыл түс – қуанышты көңіл-күйАлқызыл – ұнамды көңіл-күйСары – жағымды көңілкүйКөк – суық көңі-күйҚоңыр – қиналған көңіл-күйКүлгін – алаңдаушы көңіл-күйҚара – күш қуаттың төмендеуіАқ – анықталмаған көңіл-күй
2) Әр оқушы өздеріне ұнаған әр түсті таңдап алады. Қағаздың артында әр түске арналған интерпретациялар жазылып тұрады. Сол бойынша әр оқушыы өзінің көңіл-күйін біледі.
Осы көңіл күйлерін қағаз бетіне өз қолдарының белгілерімен краска арқылы ватман бетіне естелікке қалдырады.
2,«Мимикалық жағдай» жаттығуы.
Мақсаты: өзіндік баға және топтық талдау дағдысын дамыту.
Қатысушылар үш топқа бөлінеді де топ басшылары ортаға шығып карточкаларды таңдайды. «Сенімділік», «Бұзықтық», «Қызығушылық» тақырыбында беріледі. Әр топ өздеріне берілген тақырыпқа мимика арқылы, панто-мимикалық жағдай құрастырып шығулары керек, ал қалған екі топ қандай жағдай екенін анықтауы керек.
3,«Біз өзімізге сенімдіміз!» .Мақсаты: өзара түсінік және топ мүшелерінің креативтілігін дамыту.
Нұсқау: Үш топқа бөлінген оқушылар «Біз өзімізге сенімдіміз!» атты тақырыпта қалай сенімді болуы керек екндігі жайлы бейнелеп көрсетулері керек және осы бейнеленген суретті қорғап шығулары керек. Жұмыс істеу барысында топтағы белсенділігі төмен оқушыны анықтап жасыл түсті дөңгелекті орындық артына білдіртпей жабсырып, сурет салынып аяқталғаннан кейін жасыл түсті дөңгелек кімнің орындығында болса сол өз орнында қалады және басқа топ мүшелері басқа топтармен ауысады. Орнында қалған топ мүшесі салынған суретті қорғап шығуы керек.
4 «Сергіту» жаттығуы.
Мақсаты: Қатысушылардың бірін – біріне деген сенімділіктері арта түсуі үшін.
Нұсқау: Жағдай оқылыды. Егер сіз онымен келіссеңіз, айтылған әрекетті орындауыңыз қажет.
Егер үлкен туған ағаң болса, үш рет шапалақта.
Кімнің бойы 1.65 ұзын болса, «Кинг Конг» деп айқайласын.
Кімнің бойы 1.65 қысқа болса, «Алақай деп айқайласын.
Кім бүгін таңертең дәмді таңғы ас ішсе ішін сипасын.
Балмұздақты жақсы көретіндер, тоңып тұрғандай іс-әрекет жасасын.
Ата-анасының жалғыз балалары қолдарын көтерсін.
Кофеге сүт және қант қосып ішетіндер орындарында тұрып айналсын.
Тәтті торт жегенді жақсы көретіндер екі қолын бірдей көтеріп, күлсін.
ҰБТ тапсыруға қорықпайтындар «Алға!» деп айқайласын.
Өздеріне сенімсіздер «Көмек қажет» деп айтсын.
Осы тренингке қатысқандарына қуанатынндар «Қуаныштымын!» деп бес рет айтсын.
«Ақ тілек» жаттығуы.
Нұсқау: Барлығымыз шеңберленіп тұрып қолымыздағы «Сенімділік жүрегін» бір-бірімізге тілектер айта отырып барлық шеңберді айналып өтеді.
5,Тренинг соңында әр оқушы тренинг жайлы өз ойларымен бөліседі
6, тренингті қорытындылау. Оқушылардың қорытынды ойларын анықтау.
«Бекітемін»
Мектеп директоры: Т.Шермаханов
«Тұлғаның өзіне деген сенімділігін арттыру» атты 11-сынып оқушыларына арналған психологиялық тренинг.
Педагог-психолог
2016-2017 оқу жылы