Отбасы мектеп о?ушылар арасында?ы байланыс ар?ылы дарындылы?ты дамыту жолдарын аны?тау


“Отбасы мектеп оқушылар арасындағы байланыс арқылы дарындылықты дамыту жолдарын анықтау”. Дарындылық дегеніміз – бұл қабілеттің интегралды көрінуі, психика қасиеттерінің адам өмірінде жүйелі дамуы, іс - әрекеттің бір немесе бірнеше түрінде көрінетін адам жетістігінің мүмкіндігі. Дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудағы басты міндет – балалардың қабілеттері мен таланттарын жан – жақты аша түсу үшін дарындылықтың ерекшеліктерін (түрі, деңгейі және т.б.) анықтау болып табылады. “Оқыту барысында дамыту қандай маңызды болса, білік пен дағдыны қалыптастыру да сондай маңызды” К.Ушинский. Дарындылықтың сапалығы мен даму сипаты –тәрбие мен әлеуметтік ортаның күрделі байланысының жемісі Дарынды балаларды анықтау – баланың дамуын талдаумен байланысты ұзақ үрдіс. Дарындылықты қандай да бір әдіспен анықтау мүмкін емес (мысалы, сынақтан өткізу). Дарынды баланы тәрбие беру мен оқыту барысында біртіндеп, сатылап анықтау қажет Дарындылық түрін анықтау критерийлері: Дарындылық түрін анықтау критерийлері: Іс - әрекет түрі және оны психикалық сфераның қамтамасыз етуі;Дарындылықтың қалыптасу деңгейі;Оның көріну формасы;Алуан түрлі іс - әрекетте көріну кеңдігі;Дарындылықтың жас ерекшелікке байланысты көрінуі. 3-ші критерий бойынша дарындылықтың көріну формасын 2 – ге бөледі: ашық және жасырын. Ашық дарындылықта баланың қабілеті анық көрінеді, анықталған балаға дамыту бағдарламалары таңдалынып жұмыс жүргізіледі.Дарындылықтың жасырын түрі табиғатынан күрделі және оның көрінуін болжау мүмкін емес психологиялық феномен. Дарындылық – жеке тұлғаның өте күрделі, көп аспектілі қыры. Олар әр түрлі, бір-біріне ұқсамайды. Дарынды оқушылардың ерекшеліктері: 1. Ойлау ерекшелігі: - шапшаң ойлау, тез нәтижеге жету, тез ілгерілеу; - Әдеттен тыс қызығушылық, сауалды көп қойып, жауап іздеудегі үлкен талабы. - Кең көлемді білімді меңгеру, есте сақтау қабілетінің жоғары болуы.2. Ішкі-сезім ерекшелігі: - Сезім мүшелерінің ерекше қабылдауы (дыбыс, түс); - Интеллектуалдық дамуда ерекше бір ілгерілеу шапшаңдығы ( ойлауы, байқағыштығы өте жоғары, білімге, жаңалыққа құмар, оқуы жеңіл, оз ойын жақсы жеткізе алады, алған білімдерін кез-келген уақытта еске түсіріп, пайдалана алады, сыныптастарынан көп біледі); - Жан дүниесінің тереңдігі; - Кейбір пәндер бойынша өте үздік үлгерім таныту.3. Әлеуметтік тұрғыдан ерекшелігі: - Өз талап тілектерін орындау, адамгершілік мәселесінде ерте даму; - Жоғары дәрежедегі әділдік сезімі.4. Академиялық тұрғыдан ерекшелігі: - Оқуда есте ұзақ сақтап, жаңғырта алады. Оқушының дарындылығын анықтауда төмендегідей әдіс-тәсілдерді қолданамыз:Баланың отбасы жағдайын зерттеу;Шығармашылық қабілетін анықтау;Сауалнамалар, психодиагностикалық тренингтерді өткізу;Ата-анасымен әңгімелесу;Пәндік олимпиадаларға, ғылыми жоба жарыстарына, пікір сайыс ойындарына қатыстыру; Дарынды оқушылармен жұмыс барысында қолданып жүрген психологиялық әдістемелер төмендегідей: Интеллектуалдық мүмкіншілігін анықтауға арналған тест, Н.Ржичан; Оқу мотивін анықтау сауалнамасы; Интеллектуалдық қабілет көрсеткіші, МЭДИС әдістемесі; Сөздік – логикалық ойлау деңгейі, Замбацявич тестісі; Ақыл-ой дамуының мектептік тестісі, К.М.Гуревич; Интеллект тесті, Р.Кеттел; Торренс әдістемесі адам бағыттылығы, Б.Басс әдістемесі; Холланд әдістемесі. Кәсіби тұлғалық типін анықтау; Л.Г.Матвеева «Баланың профилдік қызығушылығын анықтау»; Жалпы дарындылықты анықтау бағалау әдістемесі. Ата-анаға сауалнама; «Дарындылық картасы» әдістемесі. Савенков. Мектеп дарынды балаларды оқыту, дамыту ортасы болу үшін оқыту үрдісі мынадай бағдарламалар талаптары негізінде құрылуы тиіс:пән мұғалімінің бақылауы;сынып жетекшінің бақылауы;логикалық ойлау қабілетін топтық интеллектілік тест арқылы анықтау тәсілін қолдану. Ғылым мен тәжірибеде дарындылық туралы екі көзқарас бар. Бірі “... Кез – келген бала дарынды, тек уақытында нақты қабілетін анықтап, дамыту керек” десе, ал қарсы көзқарастағылар “... Дарындылық өте сирек құбылыс, жалпы адамдардың өте аз тобына ғана тән, сондықтан дарынды балаларды іздеу, алтын түйінді іздегенмен бірдей” дейді. Бүгінгі дарын иесі – егемен еліміздің ертеңгі тірегі!