Бейнелеу ?нері саба?ында о?ушыларды? дарындылы?ын аны?тау жолдары.
Бейнелеу өнері сабағында оқушылардың дарындылығын анықтау жолдары.
Қазіргі уақытта білім беру саласында жоғары жетістіктерді анықтайтын және ынталандыратын бірқатар өңірлік , ұлттық , халықаралық сайыстар мен бағдарламалар жүргізіледі. Алайда мұндай сайыстық құрылымдар талант пен қабілетті өрістетудің , барлық балалар әлеуетін дамытудың жалғыз тәсілі болып табылмайтыны туралы пікірлер баршылық.(Мұғалімге арналған нұсқаулық 13 бет) Осы бағдарлама бойынша талантты және дарынды балаларды оқыту модулін алудағы мақсатым : бейнелеу өнері пәнінде оқушылардың арасынан өнерге деген қызығушылығы бар , қабілеттілігі бар оқушыларды сабақ барысында қабілеттілігін ашу. Осы модульдің негізі балалардың қабілеттіліктерін , біліктілігін әлеуетті мүмкіндіктерін көрсету үшін оларға сабақ барысында жағдай туғызу қажет.Дарынды балалар қандай? Олар әр түрлі, бір-біріне ұқсамайды. Дарынды баланы байқамау мүмкін емес, көпшіліктің ортасында ол өзінің іс – әрекетімен, бейімділігімен, қабілеттілігімен бірден көзге түседі. Дарынды балаларды қалай тануға болады? Мен оқушының талантты немесе дарынды екенін қалай анықтадым. Оқушылар бір ғана пәннен емес бірнеше пәндерден жоғары деңгей көрсетуі мүмкін. Мысалы : әртістік, спорттық немесе басқа таланттарымен танылуы да мүмкін. Менің тәжірибе кезінде өткізген сабақтарымда , бейнелеу өнері пәніне деген соның ішінде сурет салуға деген икемді , бейім оқушыларды байқадым. Оларды анықтау үшін мен П. Торренстің креативтілік тестін пайдаландым. Оқушыларға жеке - жеке ақ қағаздың бетіне әртүрлі сызбаларды түсіріп қойдым . Оқушыларға сызықтарды бір бейне салып аяқтауды ұсындым. Оқушыларға осы тестні бергенде аң - таң қалды.
П.Торренстің креативтілік тесті зерттелушінің шығармашылық қабілетін анықтауға арналған.
Көптеген оқушылар бейне емес , заттың бейнесіне ұқсамайтын заттарды салған. Тест тапсырмаларын бағалау кезінде салынған суреттердегі идеяларды өңдеу мектептегі психолог маманының кәсіби білімділігі мен жоғары шеберлігін талап етеді. Себебі, тест тапсырма суреттері әр балада бірін - бірі қайталамайтындай ерекше сипатта болады. Мұнда зерттеп отырған оқушының жылдамдық көрсеткіш мазмұны , иілгіші , айрықшалылығы, жаңашылдығы , идеялылығы т.б. ерекшелелігі ескеріле отырып бағаланады.
Сыныпта екі оқушы ирек сызықтан , фигурадан , абстрактылы өрнектерді салу арқылы негізгі идеяны , қолданылған суреттер , суреттің кеңістікте алатын орны , бейненің ішкі және сыртқы бұрылыстары сияқты әрбір элементтерін түсірген. Сыныпта Ғабиденұлы Мұхтархан мен Нәсіпқали Құныскерей сияқты екі оқушы өздерін қабілетті оқушы екенін көрсетті. Осы зерттеуімді тұжырымдай отырып , бейнелеу пәні бойынша берілген күрделі тапсырмаларды да орындай алатынын байқадым. Сыныптағы оқушылармен салыстырғанда Мұхтархан мен Құныскерейдің тапсырманы орындауда ойлау жылдамдығы жоғары болды. Мұхтарханға қарағанда Құныскерейдің басқа пәндер бойынша , білім деңгейі төмен. Арнайы пәндер соның ішінде бейнелеу пәнінен ерекше қабілеттері дамыған болуы мүмкін деген тұжырымға келдім. Оқушыларға сыныпта ынтымақтастық атмосферасын құру мақсатында социограммалық үлгідегі сауалнамаларды үлестіріп, сыныптағы ахуалды реттеп алдым.
Социограммалық сауалнама нәтижесінде Мұхтархан мен Құныскерейдің жұмысын тандап алдым . Мұхтарханға қарағанда Құныскерейдің достары көп екені байқалды.
Құныскерейдің «мені» жоғары екенін байқадым. Сондықтан достары аз болар деп тұжырымдадым . Өйткені сауалнама бойынша менің жақын достарым деген жерге сыныптағы жақсы оқитын үндемейтін жуас баланы жазып қойыпты. Осыдан оның досының аздығын білдім. Танымал оқушылар деген жерге де өзін жазыпты , осы сауалнамадан ұққаным баланың ойын білу үшін жеке парақшалар арқылы сауалнамалар жүргізу керек екенін ұқтым.
Құныскерейдің дене шынықтыру , технология, бейнелеу өнері сияқты өзін еркін ұстайтын пәндерді өте жақсы көретіндігі байқалды .Ос ы балаларды бақылай отырып , ата - аналарымен сөйлесуді жөн деп таптым. Мұхтарханның анасының айтуы бойынша , жанұяның әл - аухаты бір өзіне түсіп отырғандықтан , тек қана оқуды айтып отыратындықтан үйде білімін тексеріп отыратындықтан, баласының білімге ден қоюуы сондықтан болуы мүмкін деп ойлайды. Құныскерейдің ата- анасының айтуы бойынша баласының негізгі пәндерден қызығушылығы төмен екенін айтқан болатын. Керісінше , дене шынықтыру, технология, бейнелеу өнері пәні сияқты жеңіл пәндер болатын күні мектепке асыға баратынын байқаған. Менімен сөйлескеннен кейін ғана анасы балас ының сурет салуға қабілетті екенін білді. Осындай әнгіме жүргізу арқылы ата - анамен мұғалім арасында байланыс орнады.
Қабілетті бала болғанымен, мұғалімнің көмегінсіз орындай алмайтын тапсырмаларды
оқушымен мұғалім арасында «көпіршелер» орын алады. Көпіршелер уақытша құрал және баланың білім – дағды , білік және өз бетінше әрекет ету мүмкіндігін дамытуға орай берік орнығып, нығайып немесе бөлшектеніп не толығымен жойыла алу мүмкіндігіне ие (Мұғалімге арналған нұсқаулық 29 бет)
деген қағидатқа сүйене отырып, осы оқушылардың болашақта тек қана сабақтың үстінде ғана емес, сабақтан тыс мезгілде де қабілетін дамытамын деп ойлаймын.
Сондай - ақ , мектеп жасына дейінгі балалардан бастап , мектеп бітіруші жасына дейінгі балалардың дарындылық қабілеті мен шығармашылық ойлауын анықтауға болады. Балаларға жасалған жағдай неғұрлым жылы шырайлы , ашық , тартымды ойын сипатында құрылса , балалардың жасампаздығы мадақталып отырса , нәтижеде соғырлым жоғары болады. Қабілетті балаларда бір салада дарынды болса, келесі салада қиындыққа тап болуы мүмкін екендігін Құныскерейдің білімінен байқауға болады.
Құныскерейдің бейнелеу өнері пәніне деген қабілеттілігін басқа пән мұғалімдері жоққа шығарды. Ол бейнелеу өнері пәнінен қабілетті болса да өзін басқа қырларынан танытпауы мүмкін. Осы орайда баланың қабілеттілігін , біліктілігін, әлеуетті мүмкіндігін көрсету үшін жағдай туғызу қажет және бұл қабілеттілік осы жастарында өте қиынға соғып , бойынан жоғалып кетуі мүмкін екенін ата - анасына ескерте отырып , сабақ барысында жағдай туғызуды ойладым.
Құныскерей мен Мұхтарханның ішкі сезімі жағынан өзгешелігі:өте сезімтал, ықылас қойған нәрсесін, тақырыбын әр жерде негізгі мәселе етіп ұсынатынын байқадым. Кейбір Мұхтархан сияқты балалардың әдеттегі білім алу ордасында көрсете алмайтын ерекше әлеуметтік дағдылары мен көшбасшылық қасиеттері бар екенін айта кеткенді жөн көрдім. Жақсы оқитын балалардың сыныпта көшбасшылық емес, «менмендігі» басым екенін байқадым. Осы мінезін байқай отырып, сабақта көшбасшы ретінде пайдалануды жөн көрдім.
Оқушының дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігіне және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық. Осы Құныскерейдің мінезіне байланысты кәсіби біліктілігімді пайдалана отырып , сабақ барысында да шығармашылық тұрғыда да қабілеттілігін дамытуға жұмыстандым.
Көбінесе “дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы” деген пікір қалыптасқан. Топтық жұмыс бере отырғанда да қабілетті баланың топтың ішінде талқылауда дау айтып , қарама - қарсы пікір айтуда, топты ұйымдастыра білуде өзінің қабілетін көрсете білді.Тұжырымды пікір айтуда да топта барлық оқушыларды қатыстыра білді. Сабақ барысында «киіз үйдің сыртқы сұлбасын» салуды тапсырғанда , сыртқы жабындысын үйлестіруде де эскизін сызып , қиып келістіргенде де Құныскерей мен Мұхтарханның үйлесімділікті дәл , нақты салуды жаны сүйетіндіктеріне көзімді жеткіздім. Сыныптастарына дұрыс емес үйлесімсіз жерлерін ескертіп отырды. Ең соңынан өрнекті жапсырғанда Құныскерейдің шеберлігімен көзге түсті. Сыныптастары да ою – өрнекті Құныскерейдің өрнектегенін және үйлестіргенін жамырай баяндады. Тағы да сабақ барысында «шығармашылық жұмыс» бергенде де «киіз үйдің ішкі жиһаздарын» салғанда да Құныскерей мен Мұхтархан сынып оқушыларынан ерекшеленіп отырды.Топ басшылары да бағалағанда ең жоғары балды осы екі оқушыға берді. Сонымен қатар Дамира үйден ғаламтор желісі арқылы «киіз үй» туралы қызықты материал жинақтап алып келген. Дамираның түсіндіруі бойынша киіз үйдің киелі екенін айта отырып , Астанадағы Ханшатыры киіз үйдің сұлбасына ұқсатып салынған екендігі жөнінде айта отырып, оны интерактивті тақтадан көрсетті. Сыныптағы оқушылармен қатар , өзім Астанаға барып келгендей сезімде болдым. Оқушылардың бойынан еліне деген сүйіспеншілігінің артқанын, ұлтжандылығының артқанын байқадым. Бейнелеу өнері пәні арқылы да Қазақстанның ең әдемі деген жерлерін аралауға болатындығына көзім жетті. Осы қабілетті оқушылармен топпен жұмыс жасағанда басқа сыныптастарынан көш ілгері тұратынын байқадым. Басқа пән мұғалімдерімен пікірлесе отырып, Құныскерейдің тәртібінің нашар екендігін естідім. Мұғалімдерге қандай оқушы керек деп өзіме сұрақ қойсам: оларға оқуда ешқандай қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайтынын айтты. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын Құныскерей сияқты , тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды екен. П.Торренстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеулердің нәтижесін есте ұстағаны жөн деп ойлаймын. Мұғалімдердің сыңаржақты пікірде болмауын әріптестеріме пікірлескенде ұсыныс ретінде айттым. Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты – олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыруды тәжірибе нәтижесінде көз жеткіздім.
Осы оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, оларға шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындадым. Сынып оқушыларына түгел қазақ киімінің үлгілерін салуды тапсырдым. Бірақ , Мұхтарханға қарағанда Құныскерей бұл тапсырманың өзіне жеңіл екенін айтып , қазақи киім киген батырдың үлгісіндегі батырды бейнелеуді тапсырма етіп беруді сұрады. Оқуда дарынды қасиеттері бар балалар құрдастарының тапсырмаларынан өзгеше тапсырмаларды қажет етеді (Мұғалімге арналған нұсқаулық 74 бет) деген қағида шындыққа жанасады. Жалпы сыныпқа бір тапсырма дайындап келген екенмін , күрделі тапсырманы оқушы өзінің қажеттілігіне байланысты сұрап тұрғанда есіме түсті. Оқушының сұрауы бойынша тапсырманы орындауға рұхсат бердім. Тапсырма орындалған соң, оқушының
суретіне көңілім толды.Оқушының әсерге бөленіп отырып сурет салған ы сондай, бояудың үйлесімділіктерін дәл тауып , шынайылықты бейнелеген. Бояулардың түстері ашық, анық бояулар арқылы салынған. Батырдың киімін салған кезде оқушылардың көзқарасымен бағалаттым. Балаларда оның суретіне деген қызығушылығының артқанын байқадым. «Киіз үй» тақырыбы бойынша сабақ барысында Мұхтархан интерактивті тақтаға киіз үйдің сүйектерін бейнелеуде ерекше көзге түсті. Сонымен қатар киіз үй туралы әңгімелеп те берді. Онда киіз үйдің қазақ халқы үшін баспана ретінде ролінің зор екендігін, қазіргі кезде сәндік қолданбалы өнер ретінде қолданылатыны айтылды.Сыныпқа жеке жұмыс бергенімде де, сынып оқушыларынан бөлек Құныскерей мен Мұхтарханның суретті қызығушылықпен, түстік аспектілерді ажырата біліп , компоновканы үйлесімділікпен таба білуі ерекшелігімен дараланып отырды.
Оларға құрбылармен қарым- қатынас жасауға және құрбылары қойып отырған мейлінше кеңейтілген тапсырмаларды орындауға мүмкіндік берілді , соның көмегімен олар өздерінің білім денгейін белгілі бір дәрежеге көтере алады деп тұжырымдадым.
Осы диалогтік әңгіме кезінде тек қана қабілетті оқушы ғана емес, түгел сынып оқушылары да белсенділік танытты. Интерактивті тақтамен жұмыс жасағанда да оқушылардың қызығушылығы артты. Сонымен қатар «оюлар» тақырыбы бойынша үйге тапсырма бердім. Балалардың көбі орындамай келген екен.Сыныптың ішінде Дамираның сабаққа дайындалып келгенін, оның орнында отыра алмағанынан байқадым.Тақтаға шығарғанымда қуаныштан көзінде нұр ойнап тұрды. Өйткені сыныпта жалғыз өзі ғана ерекше тапсырма орындап келгенін сезіп тұрды. Тапсырмасын тыңдаған кезде оқушылар ғана емес өзімде таң қалдым.
Өйткені ғаламтордан іздеп тауып әкелген ресурсы « Ою хан мен Жою хан» туралы ертегі еді. Ертегінің ішіндегі өрнектерді тіпті ақ қағазға бейнелеп те алып келіпті. Оқушыларға мәнерін келтіріп жеткізе алмаса да қағазындағы ою - өрнектер арқылы барлығы дерлік түсінді. Ертегіден алған әсерлерін бір- біріне айтып әлек. Сол кезде оқушының берілген тапсырманы ізденуінде ғаламтор желілерінен, ақпараттық құралдардан алып, өңдеп , қолдана алатынына көзімді жеткіздім . Кей жағдайларда өзімнің таба алмаған , тіпті қажет емес деген ресурстарды оқушы тауып әкеліп отырғанда оқушының ойлау денгейінің жоғары екендігін байқадым.
Талантты және дарынды оқушыларға білім беруді дамытудың тәсілі негізінде осындай балаларды анықтау туралы ой-пікірлер мен зерттеулер жасау. Оқушылардың қабілеттерін дер кезінде анықтай білген ұстаз болашақта талантты да тани біледі дер едім.
Құныскерейдің батырдың киімі туралы салған суретін мектепшілік ұйымдастырылған көрмеге тапсырдым. Осы нәтижелерді көре отырып , мектеп табалдырығынан бастап баланы қабілетіне байланысты өзім сияқты мұғалімдердің дамыта алатынына көзім жетті. Аз ғана уақыт мектептегі тәжірибе кезінде қарапайым сыныптың ішіндегі оқушыларды негізгі сабақтар бойынша ғана емес, арнаулы пәндер яғни бейнелеу өнері, дене шынықтыру, технология пәндері бойынша да қабілеті бар балаларды анықтауға болады және осы пәндерге байланысты қабілеттері де анық байқалады . Менің ойыша дарынды бала дегенім: өз қатарынан әлдеқайда дамыған , ерекше зейіні бар, белгілі бір іс - әрекет бойынша асқан қабілеттілік танытып , жоғары жетістіктерімен дараланатын бала дер едім.
Осы қабілеттерін дамытатын, тек қана ата- анамен бірігіп отырып, дамытатын біз ғана екенімізге көзім жетті. Мұхтарханды зерттеу барысында , басқа пәндерден салыстырғанда бейнелеу өнері пәнінің оқу бағдарламасын жылдам, тез игеруінің нәтижесінде экстернат балалардың қатарына жатқыздым. Негізгі сабақтардан төмен баға алып жүрген бала өнер саласында қабілетін тез байқататынын сабағымның барысында байқадым және осы қабілеттерді алдағы уақытта дамыту үшін сабағымда түрлі зияткерлік тапсырмалар беруді ұйғарып отырмын. Бұл менің тек аптасына бір рет болатын сабаққа байланысты зерттеуімнің нәтижесі. Бейнелеу өнері пәнінен бөлек қосымша үйірме сағаттары берілсе , менің осындай қабілетті оқушылармен жұмыс жасауға көп уақытым болар еді. Дарынды және қабілетті оқушылармен жұмысты жүргізу мақсатында мектебімде мольберт, жеке кабинетпен жабдықталса жақсы болар еді. Сонымен бірге Мұхтархан мен Құныскерей сияқты оқушылардың қабілеттілігін дамыту барысында мектепішілік , аудандық , облыстық ғылыми жобаларға қатыссам деген жоспарым бар. Бағдарламаға гобелен өнерін , құммен сурет салуды терең меңгерту және бейнелеу өнері оқулықтарында материалдар көбірек енгізілсе дегім келеді. Мұхтархан мен Құныскерейдің жұмыстары мектепшілік және аудандық , облыстық көрмелерге қатысып , жүлделі орындарға ие болып жүр. Ата- анамен , мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық қарым- қатынас, атмосфералық ынтымақтастықты қалыптастыра отырып, Мұхтархан мен Құныскерейдің қабілеттерін сабағымның барысында жетілдіру арқылы жетістіктерге жеттім және осы жетістігімді ары қарай жетілдіре беремін. Мектептегі қабілетті дарынды оқушыларды зерттеу мақсатында менің аздаған жұмысымның нәтижесі, бұл оқушыларды зерттеу мақсатында ары қарай оқушыларға күрделі тапсырмаларды бере отырып, оқушыларым арқылы жоғары дәрежелі жетістікке жететініме сенімдімін.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Мұғалімге арналған нұсқаулық
2.Ресурс
3.Бейнелеу өнері 6 сынып
4. «Мектептегі психология» журналы