?аза?стан тарихынан презентация?аза?стан ж?не Ресей
Қазақстан және Ресей5-сынып Қазақстан тарихыСабитова А.Б. №17 орта мектеп
Сабақтың мақсаты:Қазақ хандығының 17-18 ғасырлар аралығындағы саяси-әлеуметтік, экономикалық жағдайы;Қазақстанның Ресей империясына қосылу үрдісінің басталуы, қазақ-жоңғар шапқыншылығы;Оқушылардың танымдық көзқарасын арттыру, отаншылдыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Жаңа ұғымдар мен терминдерЖаңа есімдерЖаңа ұғымдарТәуке хан, Батыр қонтайшы, Қайып хан, Әбілқайыр хан, ІПетр патша, Анна Иоанновна, ТевкелевЖоңғар мемлекеті, Аякөз шайқасы, Бұланты шайқасы, “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама”, Аңырақай шайқасы
17-18 ғасырлар арасындағы Қазақ хандығы1628-1652 жылға дейінгі аралықта Қазақ хандығын билеген Жәңгір хан тұсы қиын-қыстау кезеңі болды;Мемлекеттің шығыс бөлігінде қазіргі Монғолия жерінде жаңа мемлекет құрылды:1635 жылы Жоңғар мемлекеті құрылды. Мемлект басшысы-Батыр қонтайшы болды. “Қонтайшы”-мемлекет басшысы. Жоңғария-әскери мемлекет болды. Халықты және атты әскерді азықпен қамтамасыз ету үшін жаңа жерлерді иемдену қажеттігі туындады.
Жоңғар мемлекетінің солтүстік-шығысында Қытай мемлекеті , ал батыс бөлігінде Қазақ хандығы еді. Батыр қонтайшы Қытайға қарағанда Қазақ елі әлсіз деп есептеп ,жорыққа аттанды. Қазақ хандығына қарсы жорық ұйымдастырудың басты мақсаты:1. жаңа территориялдарды-жерлерді иемдену, басып алу;2. пайда табу көзі: мал-мүлік, құлдар т.б3. Өз билігін нығайту, әскерді бағынышта ұстау.
Жоңғар-қазақ шайқасы: 1643 жылғы Орбұлақ шайқасыБатыр қонтайшы-Жәңгір хан50 мың әскер-600 сарбазОрбұлақ шайқасы“Үшбұрыс”әдісі-далалық әдісБатыр қонтайшы жеңілдіСипаты жағынан : Қазақ хандығына азаттық, қазақ жасағының жеңісімен аяқталды.
Тәуке ханның билік кезеңі (1680-1718жылдар) Қазақ хандығының “Алтын ғасырыСаяси жағынан нығайған мемлекет;Соғыс жағдайы болмаған;Мемлекетті біріктіретін біртұтас заңдар жинағы бар;Билер сотын енгізген мемлекет басшысы.
Ұлы жүз Орта жүз Кіші жүз
Қайып хан билігі(1718жыл)Мемлекет басқаруда әлсіз, жігерсіз;Ел билеу қабілеті төмен;Мемлекеттің тәуелсіздігін сақтап қалуға дәрменсіз:батысында-Ресей империясыШығысында-Жоңғар мемлекетіОңтүстікте-өзбектерОңтүстік-батысында-башқұрттар* 1718 жылы Қайып қайтыс болып, үш жүздің басын біріктіру мәселесі маңызды болып қала береді.
Осындай ішкі және сыртқы жағдайлар қазақ хандығының Ресеймен одақ жасауына алып келдіПатша үкіметі І Петр патша тұсында да қазақ хандығын қосып алуға мүдделі болды;Қазақ жері арқылы керуен жолдарын өткізуге мүдделі;Әскери бекіністер мен қамалдар салуға қолайлы “бос жатқан” жерлер .
І Петр патша /1689-1725 жылдар аралығы1715 жылы Тәуке хан орыс патшасы І Петрден әскери көмек сұраған болатын. Алайда, Ресей Швециямен соғыс жүргізіп жатуына бай ланысты әскери көмек бере алмады.Қазақ хандығының ұлан-ғайыр территориясы Ресейді қызықтырды: пайдалы қазбалары
Анна Иоанновна (1730-1740жылдар)1730 жылы Кіші жүз ханы Әбілқайыр арнайы жіберген екі елшісі Сейтқұл мен Құтлымбет Ресей патшасынан әскери одақ құруды сұрады.Патша үкіметі әскери одақпен шектелмей Кіші жүзді Ресей қол астына алу жөнінде шешім қабылдады.
1731 жылы Ресей патшасы Анна Иоанновна Кіші жүзге Сыртқы істер коллегиясының корреспондент мүшесі Тевкелевті Әбілқайыр хан мен 29 сұлтандар мен старшиндерден ант алуға, грамотаға қол қоюға жіберді.Патша үкіметі сырттан келген қауіп-қатерден қорғаймыз деген желеумен батыс Қазақстан жерінде қамал, бекіністер сала бастады. Қазақтардың көші-қон жерлері тарыла бастады.Жайық пен Ертіс өзенінің оң жағалауындағы жайылымдық жерлер тарылып, ол жерлерге орыс шаруаларын қоныстандырды.
Әбілқайыр хан (1693-1748жылдар)Кіші жүздің билеуші ханы-Әбілқайырдың беделі жоңғарлармен болған шайқастарда көтерілді.Кіші жүзді Ресейге қосу арқылы;Өз қарсыластарының сағын сындыруға;Жоңғар мемленкетіне түпкілікті тойтарыс беру мақсатын көздеді.*Жоңғарларға тойтарыс беру үшін Ордабасында 1726 жылы қазақтың игі жақсыларының басын қосып кеңес өткізді.Қазыбек бидің ұсынысымен Әбілқайыр қазақ жасағының бас қолбасшысы болып бекітілді.
1726 жылғы Бұланты шайқасы. 1729 жылы Аңырақай шайқасыӘбілқайыр мен Болат хандардың бастауымен Бұланты өзенінің басында Қарасүйір деген жерде шайқас болды. Жоңғарларды ойсырата жеңіп, Қазақстанның солтүстік-батыс бөлігін азат етті.Осы шайқастан кейін Кіші жүзді отарлау тереңдей түсті.Жоңғар шапқыншылығына біршама тойтарыс берілді.
Бекіту тапсырмалары:Жаңа ұғымдарға анықтама жазыңдар: Жоңғар мемлекеті, Аякөз шайқасы, Бұланты шайқасы, “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама”, Аңырақай шайқасы, қонтайшы113-беттегі өзін-өзі тексеру сұрақтарына жауап беру;Оқулықты пайдалана отырып133 –беттегі 1-5 сұрақтарға жауап дайындау (жазба түрінде)