«Step by step» технологиясы бойынша ата-анамен ж?мыс ?йымдастыру т?рлері
«Step by step» технологиясы бойынша ата-анамен жұмыс ұйымдастыру түрлері.
Еліміздің болашағы жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік-отбасы,ата-ана тәрбиесі болса,екінші бесік-балабақша.Тәрбиенің алғашқы негізі отбасында қаланып,балабақшада әрі қарай жалғасын табады.
Әрбір мектепке дейінгі тәрбие беретін мекеме – мемлекеттің шағын жанды бөлшегі. Ал әрбір бала- қоғамның дербес мүшесі. Еліміздің бүгіні мен ертеңі болашақ ұрпақ қолында екенін ескере отырып, жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеу – кезек күттірмейтін мәселелердің бірі.
Балабакша мен ата-ана ынтымақтастығының негізгі бағыттарыБалалардың психикалық,физикалық денсаулығын қамтамасыз етуАта-аналардың педагогикалық,психологиялық сауаттылығын арттыруБаланың бейімділігі мен отбасы қажеттілігіБалалармен бірлескен шығармашылық іс-әрекет түрлеріне қатысуОтбасы жағдайында жеке тұлға қалыптастыруБаланы мектепке даярлауды қамтамасыз ету
.Ата-аналармен жұмыс жүргізудің алғы шарттары Әрбір отбасының мақтан тұтарлық жақтары болады, әр адам жақсы ата-ана болғысы келеді. Барлық отбасы көмекті қажет етеді, көмек түрі отбасының қандай-дабір қажеттілігіне байланысты болады. Ата-анамен жұмыстыұйымдастыру барысында ата-ананы, яғни отбасының қиыншылықтарын жеңу мүмкіндігін нығайтуды көздеу. Баланың жетістіктері туралы ақпарат ата-аналарға бала тәрбиелеудегі өз рөлін жүзеге асыруға ықпал етеді. Әрбір отбасы көрсетілген көмектің тиімділігіне көзі жеткенде ғана қоғамдық жұмыстарға белсене араласады.
.Ата-анамен жұмыстың мақсаты:Ата-аналармен бірлесе отырып, баланың тұлғасын дамытуға бірыңғай білім мен тәрбие беру кеңістігін қалыптастыру. Отбасымен бірігіп балалардың өмірін қорғау, денсаулығын сақтау үшін қолайлы жағдай жасау. Баланың тұлғалық әрекетінің дамуы үшін отбасында эмоционалды жағдай туғызу, психологиялық жағынан кедергісіз жетілуін қамтамасыз ету үшін ата-анасына көмектесу. Отбасының тәрбиесін, әдептерін, дәстүрді сақтауын ескере отырып, балаларды әлеуметтік ортаға қарым-қатынасмәдениетімен таныстыруға ықпал жасау. Баланың психологиялық денсаулығын сақтаужәне нығайту, оның жеке тұлға ретінде үйлесімдідамуына ықпал ету. Жұмысты ұйымдастыруда педагогикалық іс-әрекеттердің белгілі тәсілдерін қолдану және жаңашылдықты іздеу
Ұйымдастырушылық кезең Бала мен отбасы туралы деректер алу, отбасының әлеуметтік жағдайын, отбасы мүшелерінің балатәрбиелеудегі рөлін анықтау, ата-аналардың ұсыныс-пікірлерін, ойын бөлісу мақсатында сауалнамалар, анкеталық сұрақтар алынады. Ата-аналар баланыжан-жақты дамытудың психологиялық-педагогикалықжұмыс жоспарымен таныстырылып, кеңес беру пунктіндегіата-аналар үшін өткізілетін барлық шараларға қатысу ұсынылады.
Ата-анамен жұмыс түрлеріАта-аналарды орталықтардың жұмыстарына тартуТренингтер психогимнастикалық жаттығуларОтбасылық сайыстар мерекелер«Ашық есік» күніДәстүрлі емес жиналыстарКеңес беру пункті
Нәтиже1.Ата- аналардың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігі артты. 2.Ата-ана белсенділігі,қызығушылығы байқалды.3.Өздеріне деген жауапкершілікті сезінді және ынталанатын болды.4.Балабақша ұжымына деген сенімділік белгілері жоғарлады.
Тәрбиелі жас ұрпақтың білімді, білікті болу отбасы мен балабақшаның үздіксіз бірлескен еңбегінің нәтижесі. Біздің ең биік мақсатымыз әр отбасындағы ұрпақтың дені сау, рухани бай, білімге, еңбекке құштар болып өсуі. Ата-аналармен әртүрлі шараларды ұйымдастырудағы мақсат-міндетіміз балалардың бүгінгі жасаған қадамы, ертеңгі тұлға болып қалыптасуына үлкен әсерін беретін ұғындыру. Еліміздің болашақ ұрпағын тәрбиелеуде баршамыз үздіксіз ізденіп, тыңғылықты еңбек ету жолындамыз. Біздің қызметіміз де, өмірімізде бала өмірімен тығыз байланысып жатыр. Бұл тұрғыда әрбір педагог өз ісіне жауапкершілікпен қарап, жас ұрпақтың саналы болып өсуіне бойымыздағы бар асыл қасиетімізбен білімізді арнасақ болғаны.