Ашы? саба? Те?деу ж?не те?сіздік Математика 1 — сынып
Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебі.
Ашық сабақ
Тақырыбы:
«Теңдік және теңсіздік. Теңдеу»
Өткізген: 1 «ә» сынып жетекшісі Ешмухамбетова А.Е
2016-2017 оқу жылы
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
Сабақ тақырыбы: Теңдік және теңсіздік .Теңдеу
Күні :21.02.2017ж
СЫНЫП: 1-сынып
Оқу мақсаты: таңдау әдісі және қосу мен азайту амалдарының байланысы негізінде теңдеулерді шешеді;
қосу мен азайту арасындағы байланыстар негізінде теңдік құру үшін әріпті өрнектерді қолданады;
есепті сурет, сызба түрінде модельдейді;
қосындыны және қалдықты табуға берілген есептерді талдайды және шығарады.
Барлық оқушылар:
Оқушылардың басым бөлігі:
Кейбір оқушылар: Ресурстар: Суреттер,маркерлер
Тірек сөздер теңдеу.
Сабақтың мақсаты: Теңдеу ұғымымен таныстыру және бөліктер мен бүтін арасындағы өзара байланыс негізінде х-тің мә нін табуды үйрету.
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы
Ертеңгілік шеңбері
Өсемiз бiз күлiп-ойнап,
Он саусақтың саласындай,
Өсемiз бiз күлiп-ойнап,
Бiр адамның баласындай.
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!
Топқа бөліну
І топ Теңдік
ІІ топ теңсіздік
ІІІ топ теңдеу
Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту. Шаттық шебері
Сабақтың ортасы
Жаңа сабақты түсіндіру
Суреттерді пайдалана отырып, теңдеу туралы түсінік беру.
Белгісіз саны бар тура теңдік теңдеу деп аталады.
Х (икс)
У(игрек)
Оқулықпен жұмыс.
44 беттегі тапсырмаларды орындау.
Сергіту жаттығуы
Әппақ болып таң атты,
Түтiн тiке шығады.
Қарлығаштар қанатын
Самғап биiк ұшады.
Топ-топ, топ басайық,
Жалаудан күн жасайық.
Жаса, жаса алтын күн
Жаса, жаса жарқын күн. (балалар қолдарын соғады)
Топтық жұмыс.
І топ Сурет бойынша теңдеу құрастыр және оны шеш
ІІ топ Шығарып көр
ІІІ топ Теңдеуді шеш
Дәптермен жұмыс.
41- бет Теңдік дұрыс болу үшін х-тің орнында қандай фигуралар тұруы керек? Олардың суретін сал.
42- бет Теңдеуді шеш.Х-тің неге тең екеніні жаз.
Жұптық жұмыс. Ойын «Орындап көр»
Өздік жұмыс
Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары
Оқулық, кестелер.
Сергіту сәті
Оқулық, дәптерлер.
Сабақтың соңы
Рефлексия
Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бағдаршам әдісі арқылы бағалаймыз
Смайликтер
Бағалау Оқушылар сабақ соңында:
теңдеудің мағынасын түсінеді;
қосуға берілген жай теңдеуді таңдау тәсілімен шешуді меңгереді.
Оқушының сабақты меңгеру деңгейін анықтау үшін қалыптастырушы бағалау түрінде мына сұрақ тарды қойып, тексеріңіз:
— Бір-бір теңдеу құрыңдар.
— Теңдеуді берілген мәтінге сәйкес құрыңдар: “Мен бір сан ойладым, оған 2-ні қосқанда 12 саны шығады” (х + 2 = 12.)
— Теңдеуді шешу дегеніміз не?
— х + 2 = 12 теңдеуін шеш.
— Қандай тәсілмен шештің? (Таңдау тәсілімен.)
— Неге теңдеу деп атайды? Сен қалай ойлайсың?
Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо-йынша өзін-өзі бағалатыңыз.