Ашы? саба?. Те?деу.Те?дік ж?не те?сіздік


Сабақ тақырыбы: Теңдік және теңсіздік. Теңдеу
Теңдік және теңсіздік Мұғалім: Габбасова Г.К.
СЫНЫП: 1А
Күні : Оқу мақсаты: теңдік пен теңсіздікті, теңдеуді, тура және тура емес теңдіктерді ажырата біледі;
“+”, “-”, “=”, “≠”, “>” , “<” таңбаларын, белгісіз сан таңбасын (□) қолдана біледі.
Барлық оқушылар:
Оқушылардың басым бөлігі:
Кейбір оқушылар: Ресурстар: массасы бірдей түйме жиынтығы, жетондар немесе монеталар;
массасы бірдей көгөніс муляждары;
А4 пiшiндегi қағаз парақтары;
әрбір оқушыға арналған маркерлер.
Тірек сөздер теңдік;
теңсіздік.
Сабақтың мақсаты: “Теңдік” және “теңсіздік” ұғымдары туралы білімдерін­ толықтыру, теңдік пен теңсіздікті ажы­ рату, теңдіктерді “=” таңбасын, ал теңсіздіктерді “≠” таңбасын пайдаланып­ жазу дағдысын дамыту.
Сабақтың кезеңдері Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер
ресурстар
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Өсемiз бiз күлiп-ойнап,
Он саусақтың саласындай,
Өсемiз бiз күлiп-ойнап,
Бiр адамның баласындай.
Кіріспе тапсырма.
Оқушыларға шар беріп екі оқушының шарларын салыстыру
Теңдік, теңсіздік ұымдарын таныстыру
№1.Қораптағы кәмпит санын салыстыр.
№2. Теңдік пе,әлде теңсіздік пе?
Суреттерге қарап қайсысы теңдік, қайсысында теңсіздік екенін табады
№3.Шығарып көр. Оқушыларға тапсырманы жұппен­ орындатып, 12 ойыншықты 2 қорапқа қандай әдіспен тең бөліп салуға болатынын талқылауды ұсыну. Бірінші рет салғанда теңдік шығатындай, ал екінші рет теңсіздіктер шығатындай орналастыруды сұрау. Жауап нұсқаларын екі бағанға жазуға болады. Бірінші баған “теңдіктер”, екінші баған “теңсіздіктер” болады. Талдау барысында қай оқушының теңсіздік пен теңдік түрін көп жазғанын салыстыруға мүмкіндік туады.

№4.Орындап көр. Оқушыларға таразы табағының тең емес жағдайын бағалауды ұсыну. Оларға таразы басын теңестіру үшін, яғни теңсіздікті теңдікке айналдыру үшін не істеуге болатынын ойланып көруді ұсыну. Топпен бірлесіп талдау
Тірек сөздері
Теңдік, теңсіздік
Ақ парақша
маркерлер
оқулық
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз,
Алақанды ұрамыз.
Бiр отырып, бiр тұрып,
Тез шынығып шығамыз.
Қосымша тапсырмалар. Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау
Қалыптастырушы бағалау
№1.Cуреттен теңдіктерді тап. Оқушылар теңсіздіктер бейнеленген суретті таңдап алып, суреттің жанындағы дөңгелектерді кез келген түспен бояйды. Теңдік болатын суреттің жанына тиісті теңдіктерді жазу керек.
№2.Белгілерді қой. Тапсырманың мақсаты а) және ә) көлемді фигуралар тобының жұптарын салыстыру. Олардың­ арасына теңдік немесе теңсіздік белгілерін қою. Суреттің астына тиісті өрнекті жазады
Жұмыс дәптері
Сабақтың соңы
Рефлексия
Сұрақ -жауап
— теңдікті жазу үшін қандай белгіні қоямыз? (“=”)
— Теңсіздікті жазу үшін қандай белгіні қоямыз?­ (“≠”)
— Азаматтың 3 қызыл мәшинесі, ал Серіктің 4 жасыл мәшинесі бар. Теңсіздік құрып жаз. (Теңсіздік: 3≠4.)
— Гүлмираның жануарлар туралы 5 кітабы, ал Сәуленің өсімдіктер туралы 5 кітабы бар.
Берілген деректерге сүйеніп теңдік немесе теңсіздік құрастыр. (Теңдік: 5 = 5.)
Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бойынша өзін-өзі бағалату.
Сабаққа қатысты рефлексия: