Математикадан саба? жоспары Квадратты? те?сіздік (8 сынып)


8сынып, алгебра
Күні:___________
Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңсіздік.Квадрат теңсіздікті квадраттық функцияның графигі арқылы шешу./2,3 жағдайлар/ (2-сабақ)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Квадрат теңсіздікті квадраттық функцияның графигі арқылы шешуді білу.
Дамытушылық: Квадрат теңсіздіктердің берілуіне байланысты теңсіздікті шешу әдістерін білу
Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету
Сабақтың түрі: Жаңа тақырып
Сабақтың барысы:
І Мотевациялық кезеңі:
Оқушыларды сабаққа ынталандыру
Сабаққа қатысушы оқушыларды түгендеу
Қайталауға арналған сұрақтар: І жағдай
ІІ Мағынаны ашу:
Анықтама:
aх2+вх+с>0, aх2+вх+с<0, aх2+вх+с0, aх2+вх+с0 түріндегі теңсіздіктер квадрат теңсіздіктер деп аталады.
мұндағы а,в,с – сандар және а≠0, х-айнымалы.
Квадрат теңсіздікті шешу үшін aх2+вх+с квадрат үшмүшесінің таңбасы қалай өзгеретінін білу қажет.
Бірінші коэфф-т және дискриминант таңбаларына байланысты квадрат үшмүше графиктерінің орналасуын қарастырайық.
ІІ жағдай: 1) a>0, D=0 үшін
х1=х2=-в2ау= aх2+вх+с –ның графигі абсцисса осін х = - в2а нүктесінде жанайды және Ох осінен жоғары орналасқан. Сондықтан aх2+вх+с>0 теңсіздігі х-тің х = - в2а мәнінен басқа кез келген мәнінде орындалады. Ал aх2+вх+с <0 теңсіздігінің шешімі болмайды.
2) a<0, D=0 үшін
у= aх2+вх+с –ның графигі абсцисса осін х = - в2а нүктесінде жанайды және Ох осінен төмен орналасқан. Сондықтан aх2+вх+с<0 теңсіздігі х-тің х = - в2а мәнінен басқа кез келген мәнінде орындалады. Ал aх2+вх+с >0 теңсіздігінің шешімі болмайды.
ІІІ жағдай: 1) a>0, D<0 үшін
Бұл жағдайда квадрат үшмүшенің нақты түбірлері жоқ және у= aх2+вх+с –ның графигі Охосінен жоғары орналасқан, яғни абсцисса осімен қиылыспайды. Сондықтан
aх2+вх+с >0 –х-тің кез келген мәнінде орындалады
aх2+вх+с<0-нің шешімі болмайды.
2) a<0, D<0 үшін
aх2+вх+с<0- х-тің кез келген мәнінде орындалады
aх2+вх+с >0 -нің шешімі болмайды.
ІІІ Бекіту кезеңі:
Оқулықтағы 2,4,5,6 мысалдарды талқылау
Тақтада жұмыс жасау:№№282,283,284 /тақ есептер/
Рефлексия:
Бүгінгі сабақта нені білдің?
Нені уйрендің?
Үйге тапсырма беру:№№283, 284 /жұп есептер/
Бағалау: Оқушылардың белсенділіген байланысты бағалау