Те?дік, те?сіздік, ?рнек, те?деу.4 сынып
4-сынып Математика.
Сабақтың тақырыбы: Теңдік, теңсіздік, өрнек, теңдеу.
Сабақтың мақсаты:теңдеу, теңдік, теңсіздік, өрнек туралы білімдерін жетілдіру; алған білімдерін таныс және жаңа оқу жағдайларында пайдалана білу; математика бойынша білім-білік жүйелерін игеру деңгейлерін тексеру; логикалық ойлауларын дамыту.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
2. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.
1) Кестеден математикалық терминдерді тауып оқиды. Сөздерді көлденеңінен де және тігінен де оқуға болады. (Теңдік, теңсіздік, теңдеу, өрнек). Сабақтың тақырыбын құрастырады.
Д Т Е Ң В О Ө Ы
Ж Т Б С У Г Р Щ
Т С Ж І З З Н Е
Е Е Р А Д С Ч К
Ң Д І Р І Ж У Н
К А К Ж К Т Е Ь
У Р А Т Е Ң Д Ъ
Н Ы Ф Ц Й Ш З Х
2) Математикалық диктант.
- 7 саны 91-ден неше есе кем?
- 68 шығу үшін 17-ні неше есе арттыру керек?
- 8 шығу үшін 56-ны нешеге бөлу керек?
- Бір кітапта 40 бет, ал екіншісінде 10 бет бар. Бірінші кітапта екінші кітапқа қарағанда неше бет артық?
- Тіктөртбұрыш пішінді журналдың ені 10 см, ал ұзындығы 20 см. Осы тіктөртбұрыштың периметрі нешеге тең?
- Азайғыш - 1000, азайтқыш - 450. Айырманың мәнін тап.
- Бөлінгіш - 320. Бөлінді - 4. Бөлгіш нешеге тең?
- Санның төрттен бір белігі 60-қа тең. Сан нешеге тең?
- 190 және 60 сандарының айырмасын 2 есе арттырдың.Нәтижесін жаз.
- 720 санын 2 есе кеміт. №1 ауызша есептеуге арналған. 3. Өтілген материалмен жұмыс. Алдымен №6 теңдеуді шешіп, жай және күрделірек теңдеулерді шешу алгоритмін еске түсіреді. Содан соң есепті арифметикалық және теңдеу құру арқылы шешу тәсілдері туралы білімдері жүйеленеді. Ол үшін №3 тапсырмадары есепті шығарудың әртүрлі тәсілдері қарастырылады.
1-тәсіл
Амалдар немесе өрнек бойынша есептеу.
Торкөздідәптер - 30 дана
70 дЖолдыдәптер- ? дана
70 - 30 = 40 (дана) 2-тәсілТеңдеудіңкөмегіменесептеу. Торкөздідәптер - 30 дана
70 д
Жолды дәптер - ? дана
х жолды дәптер сатып алдық дейік. Теңдеу құрамыз:
30 + х=70
х=70-30
х = 40 (дана)
Жауабы: 40 жолды дәптер. Жауабы: 40 жолды дәптер.
ә), б) бөлімдерін талдап, ары қарай өз беттерінше жазуды ұсынуға немесе үйге беруге болады.
ә)
х - сөре
30 • X - X сөредегі кітаптар
30 • X = 150
б) х - жәшікте қалған кітап
3 • 30 - 3 сөредегі кітаптар
3 • 30 + х - кітапханаға әкелінген кітап
3 - 30 + х=150
Содан соң әртүрлі құрылымдағы теңдік, теңсіздік туралы білімдері қорытындыланады.
№5 тапсырманың көп нұсқалы шешімі бар. Оқушыларға ең жеңілі - осы кесте бойынша теңдіктер құрастырады, соңынан өрнектердің мәніне сүйене отырып, теңсіздіктер де құрастырады. Бұл тапсырманы топтар арасындағы жарыс түрінде ұйымдастыруға болады: кесте бойынша теңдіктерді және теңсіздіктерді кім көп құрастырады?
Әріпті өрнек туралы түсініктерін қайталау үшін төмендегідей (№7) кесте ұсыныңыз:
с 150 32 206 9 95 105
2 ∙ с с + 505 1000 - с с 150 32 206 9 95 105
2 ∙ с 300 64 412 18 190 210
с + 505 655 537 711 514 600 610
1000 - с 850 968 794 991 905 895
Өтілген материалмен жұмыс
Егер сынып деңгейі жоғары болса, блиц-турнирді мұғалімнің көмегінсіз орындатуға болады. Ал орташа немесе төмен болса, №4 есепті жан-жақты талдаудан бастаған тиімді, тек содан соң ғана орындатуға болады.
1) Есеп не туралы? Нені білу керек? 3-сөреде қанша кітап болғанын бірден білуге бола ма? Бұл үшін нені білу керек? (1-ші және 2-сөреде барлығы неше кітап болды?). Мұны бірден білуге бола ма? (Жоқ, себебі 2-сөреде неше кітап болғаны белгісіз). 2-сөредегі кітаптар санын білуге бола ма? Қандай амалмен? (көбейтумен). Неге көбейтумен? (Себебі екінші сөреде кітап 2 есе артық болды). 2-сөреде неше кітап болғанын анықтай отырып, нені білеміз? (1-ші және 2-сөрелерде барлығы неше кітап бар?) Қандай амалмен? Есептеуді орындай отырып, нені біле аламыз?
Жан-жақты талдаудан кейін өрнек құрастырылады:
145 - (45 + 45 • 2) = 10 (кітап).
Есепті шығарғаннан кейін өрнекті талдау тиімді:
- Шешуіндегі 145 саны нені белгілейді? 45 пен 45 • 2 өрнегінің қосындысы ше?
Өрнекті құрастыруға қиналатын оқушылар алдымен есепті амалдар бойынша шығарып, сосын өрнек құрастыруына болады.
ә) және б) есептер өз беттерінше шығару үшін ұсынылады.
259 + (259 + 108) = 626 - лагерьлерде демалды.
457 + 16 • 9 = 601 (сағ) - туристік база қабылдай алады.
№9 логикалық тапсырма кімнің қандай үйірмеге қатысатындығы туралы әңгімеден басталады.
Былай талдауға болады. Сыныпта 28 оқушы: 4 бала (тек хорда ән айтады); 8 бала (тек спортпен айналысады); 6 бала (хорда да ән айтады, спорт үйірмесіне де барады) = 8 бала.
Балаларға сұрақтар қойған дұрыс: Спортпен неше бала шұғылданады? (6 + 8). 14 саны нені білдіреді? (Неше бала спортпен айналысады) Хорда неше бала ән айтады? (6 + 4). 10 саны нені білдіреді? (Неше бала хорда ән айтады)
Өздік жұмыс
Сурет бойынша теңдеу құрастыр және оларды шығар.
№8 тапсырма орындалады, соңынан тексеріледі.
№2 тапсырманы орындағаннан кейін, өзін-өзі тексереді.
Үй тапсырмасы: №4 тапсырма.
Жанадилова Р.Ы. бастауыш сынып мұғалімі,
ЖББ М.Каналиев атындағы
Алғабас орта мектеп-балабақша кешені
Алғабас ауылы
Сырым ауданы
Батыс Қазақстан облысы