Айнымалысы модуль та?басы ішінде берілген бір айнымалысы бар сызы?ты? те?деу. 
Ақмола  облысы, Бұланды  ауданы
Балуан  Шолақ  атындағы  мектеп-лицейінің  
математика  пәнінің  мұғалімі  Хасихан Еңлік
Сабақтың  тақырыбы:  Айнымалысы  модуль таңбасы  ішінде  берілген  бір айнымалысы  бар  сызықтық  теңдеу.
Мақсаты:      Оқушылар  айнымалысы  модуль  таңбасының  ішінде берілген  бір  айнымалысы  бар  сызықтық теңдеу туралы  мәлімет  алып,  теңдеуді  шешіп  үйренеді. 
 Оқушылардың есептеу  жылдамдықтары  дамып,  логикалық  ойлау  қабілеттері  артып,  еңбекке  тәрбиеленеді. 
Оқыту  нәтижесі:     -  айнымалының  модуль  таңбасының  ішінде  болғандағы  мағынасын  түсінеді;
-айнымалысы  модуль  таңбасының  ішінде  берілген  сызықтық  теңдеуді оң,  теріс  және  нөл  саны  үшін  шешілу  айырмашылығын  біледі; 
-қандай  жаңдайда  теңдеудің  екі,  бір  немесе  шешімі  жоқ  екенін  анықтай  алады; 
Сабақтың   түрі  Жаңа  сабақты  оқыту 
Тапсырма  Топтық,  жұптық  жұмыстар 
Қажетті  ресурстар  А4, А3  форматындағы  қағаздар.  Стикерлер,  кері  байланыс  қағаздары 
Сабақтың  барысы 
Сабақ  бөлімдері  Мұғалімнің  іс-әрекеті  Оқушының  ісәрекеті 
Кіріспе  бөлімі: 
5 минут
Негізгі  бөлім:
10 минут
Рефлексия  Сәлемдесу 
Топқа  бөлу :  Каточкалардағы  есептерді  шығару  арқылы  оқушылар  «Оң»,  «Теріс», «Нөл» және  «Таңба»  деп  4  топқа  бөлінеді. 
Блум  түймедағы сұрағы
 (сары  түстен және  сағат тілі  бойынша  жауап  береміз)
1)Модуль  деген  не ?2) -5 және 5 санының  модулі  тең  бе ?  Неге ?
3) Есепте :   5;   -35;     0  
4)  Модуль теріс  сан  болуы  мүмкін  бе ? 
 5) Егер     x=10;          x=-4,2;      x=0 болса,  онда  х неше  тең ? 
 6)  х-тің  неше  мәні  болады,  егер  оның  модулі  оң  сан  болса ? Теріс  сан болса  және  0- ге  тең  болса ? 
Айнымалысы  модуль  таңбасының  ішіндегі  бір  айнымалысы  бар  сызықтық  теңдеу 
    x=10;    x=-4               x=0? ,  яғни  оң  санның  модулі  сол  санның  өзіне, ал  теріс  санның  модулі оған  қарама-қарсы санға  немесе 0 санына тең екені белгілі. Сондықтан,  белгісізі  модуль  таңбасының  ішінде  орналасқан  сызықтық теңдеулерді  шығару  кезінде  екі  жағыдай  қарастырылады. 
 Егер х ≥ 0  болса,   онда  | х | = х; 
           х< 0  болса,   онда  | х | = -х;
1-Мысал; | х | = 7 теңдеуін шешейік. 
Егер  х≥0  болса,  онда  | х | = 7 теңдеуі  х =7  теңдеуіне  мәндес; 
 Егер х< 0  болса,   онда  | х | = -7 теңдеуіне  мәндес  болады. Демек,  | х | = 7 теңдеуінің  екі  түбірі  болады.  Теңдеудің  шешімін  фигуралық  жақшаға  алып  жазу  қабылданған. 
Жауабы: {-7;  7}.
2-мысалы: -| х | +12| х |-24,3=5,7-4| х | теңдеуін  шешейік
 Берілген  теңдеуді  оған  мәндес  теңдеумен  алмастырайық . Ол  үшін   таңбаларды    қарама-қарсы  таңбаға  алмастыра  отырып  айнымалылары  бар  қосылғыштарды теңдеудің  сол  жақ, ал  сандарды  оң  жақ  бөлігіне  көшірейік.  
-| х | +12| х | + 4| х |=5,7+24,3, 15| х |=30,  | х |= 2 
Жауабы: {-2;  2}.
Сергіту  сәті:  «Демалып  алайық!» 
Жұптық  жұмыс. 
№865 , № 866,  №867  есептер  жұптық  жұмыс 
Топтық    жұмыс. 
№870 
Төрт  топқа  төрт  есеп  беріледі. 
 «Автобус  аялдамасы »  әдісімен  сабақты  бекіту
1-аялдама: 
Теріс санның  модулі  неге  оң  сан  болады? 
2-аялдама: 
Айнымалының  қандай  мәндерінде  | х |= х теңдігі  тура  болады? 
3-аялдама:
Теріс  санның  модулін  табуға  бола  ма ?
4-аялдама: 
a>0, a<0  a  = 0   болғанда  | х |= а  теңдеуінің  қанша  түбірі  бар ?
«Бағдаршам»  кері  байланысы  арқылы  оқушылар  кері  байланыс  жасайды.  
БАҒАЛАУ
№ Критерийлер Ұпай 
1 Кейбір  математикалық  терминдерді,  формулаларды,  ұғымдарды  біледі.  1
2 Математикалық  терминдерді, формулаларды,  ұғымдарды,  ережелерді,  заңдарды  және   әдістерді  біледі,  бірақ  қателер  жібереді.  2
3 Математикалық  терминдерді, формулаларды,  ұғымдарды,  ережелерді,  заңдарды  және   әдістерді  толық  білмейді,  түсіндірмейді,  анықтамайды,  қате  жібереді.  3
4 Негізгі  математикалық  терминдерді,  формулаларды,  ұғымдарды,  ережелерді,  заңдарды  және  әдістерді  біледі,  түсіндіреді,  анықтайды,  бірақ  қателер  жібереді  4
5 Математикалық  терминдерді,  формулаларды,  ұғымдарды, ережелерді,  заңдарды  және  әдістерді  біледі, анықтайды,  түсіндіреді,  бірақ кемшіліктер  жібереді. 5
6 Математикалық  терминдерді,  формулаларды,  ұғымдарды, ережелерді,  заңдарды  және  әдістерді  біледі, анықтайды,  түсіндіреді.  6
Үй  тапсырмасы:   
§32. Ереже  жаттау
№863, №864 , №868 
тыңдайды
жауап  береді 
қағаздарды  таңдап  жауап  береді
ДЖИГСО-1 стратегиясы арқылы  оқушылар  бір-бірлеріне  түсіндіру  негізінде  өз беттерімен  білім  алады. 
Жаттығу  жасайды
Жұптық  жұмыс  орындайды.