Ашы? саба? 8 сынып. Квадратты? функция


8 сыныптағы сабақ жоспары + презентация. Сабақтың тақырыбы: Квадраттық функция
Молдрахмет Рая Қанапияқызы Математика пәні мұғалімі. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың квадраттық функцияның дербес түрлерін қайталау және белгілі графиктердің көмегімен квадраттық фунцияның графиктерін салудағы білімдерін бекіту және өз беттерімен ізденуге, қорытындылай білуге үйрету. Дамытушылық: оқушыларды ойлауға, шешім қабылдауға үйретіп, пәнге қызығушылығын арттыру. Тәрбиелік: оқушыларды өз өмірі мен әрекетіне жаупкершілікпен қарауға және қойған мақсатына жетуге тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, проектор, MS Power Point бағдарламасының көмегімен осы сабаққа арнайы дайындалған слайдтар (презентация). Сабақтың барысы: I. Үйымдастыру кезені. Сабақтың мақсатымен оқушыларды таныстыру. II. Теориялық материалды қайталау.Презентация.( 3-15слайдтар) 1.Қандай фукцияны квадраттық функция деп атайды? 2.Берілген функциялардың қайсысы квадраттық функция болады? 1) у=5х2-6 4) у=4х2 2) у=7х-1 5) у=x3+x+1 3) у=-3х2+х+7 6) у=-9х2+4х 3. y=ax2 y= ax2+n y= a(x-m)2 функциялардағы а коэффициенті нені білдіреді? 4. y= ax2+n функциясының графигін қалай салуға болады ? 5. y= a(x-m)2 функциясының графигін қалай салуға болады? 6. y= a(x-m)2+n функциясының графигін қалай салуға болады ? III. Ауызша есептер шығару( 16-19 слайдтар) 1. Сурет бойынша формуламен берілген функция мен графиктің сәйкестігін табу. 2. Квадраттық функция келесі формуламен берілген. Парабола төбесін анықтаңдар. y = x2 -6 y = (x-5)2 y = (x-7)2 +4 y = (x+3)2 -1 3. y= 0,5(x-1)2+4 функциясының графигін y=0,5x2 функциясының графигінен қалай алуға болады? IV. Үйге берілген шығармашылық тапсырманы тексеру( Geonext және MS Power Point программаларын қолданып, өздері слайдтар дайындаған 2 оқушы тақтаға шығып түсіндіреді) ( 20-24 слайдтар).
V. Практикалық жұмыс.( 25 слайд ) Екі оқушы тақтада орындайды. 1. y=x2 үлгісінің көмегімен : а) y=-x2-2 ә) y=-(х+1)2 – 3 б) y=|-х2 +3| графиктерін салыңдар. 2. Салуды орындамай-ақ, функцияның графигінің х осімен және у осіменен қиылысу нүктелерінің координаталарын табыңдар: а) y=х2+2х ә) y=х2 +2х-8 VI. Тест ( 26-27 слайд) 1.Берілген көпмүшелердің қайсысы квадрат үшмүше болады? А) 2х+3 В) х3 – х -7 С) х2-19х Д) 3х2 -9х -1 2. х2 -9х+8 квадрат үшмүшесін көбейткіштерге жіктеңдер: А)(х-1)(х-8) В) (х+1)(х –9) С) (х+1)(х+8) Д )жіктеуге болмайды. 3.Суретте y=x2-4 функцияның графигі қандай түске боялған? А) қызыл В) көк С) жасыл Д) басқа 4. y=(x+5)2 функцияның графигін y=x2 функцияның графигінен қалай алуға болады? А) Ох осі бойымен 5 бірлік оңға В) Ох осі бойымен 5 бірлік солға С) Оу осі бойымен 5 бірлік төмен Д) Оу осі бойымен 5 бірлік жоғары жылжыту арқылы алуға болады. 5. y=3x2+4х-7 параболаның х осімен қиылысу нүктелерінін абсциссаларын анықта: А)1;-7/3 В) 1;7/3 С) 2;4 Д)8;1 VII. Оқушылар жұмыстарын өздері дайын жауаптармен тексереді. VIII. Қорытыңды. IX. Үйге деңгейлік тапсырма .№ 253, №257, №262 ( 28 слайд)