Географиядан саба? жоспары Т?ркия 11 сынып


Тақырыбы Түркия мемлекетінің құрамы мен құрылымы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы.
Мақсаты Оқушылар мемлекеттің негізгі қалыптасу кезеңдерін анықтап, экономикалық-географиялық жағдайы, табиғаты және табиғат ресуртары, халқы жайлы мәліметтермен танысып, оларға сипаттама беоуді үйренеді.
Күтілетін нәтиже Оқушыларға оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін үйрету, өз бетінше және топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырып дамыту. Критерийлер бойынша топтық және өзін-өзі бағалау. Сонымен қатар жиынтық бағалау. Рефлексия.
Ойлау құралдары Саяси және физикалық карта, 11-сынып атласы, интерактивті тақта АКТИВОТ құрылғысы, флипчарт, маркер, бағалау парақшасы, слайд, видеоролик.
Қажетті әдіс-тәсілдер Ассоциация әдісі, «Идеяларды тоғыстыру» (Не? Қайда?Қашан?) оқыта үйрету ойыны, «Фишпул» әдісі, «Интервью» әдісі, картамен жұмыс, «Автор орындығы»
Деңгейі, мақсаты Сұрақтармен тапсырмалар (түрткі) Оқушының іс-әрекеті (нәтиже) Уақы-ты Бағалау
Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды Түркияның шекаралас елдері (Әзірбажан, Иран, Болгария, Греция) пайдалы қазбасы (темір, хром, мыс) халқы (күрдтер, черкестер, лазылар) бойынша үш топқа бөлу. Топ лидерін Анықтайды, топ ережесімен танысады. Жазылған географиялық нысандар арқылы топқа бөлінеді. 2 мин Өзін-өзі, топтық, жұптық бағалау критерий бойынша бағаланады. Топ лидерінің қорытынды бағалауы.
Білу
Теориалдық материалды еске түсіру арқылы оқушының қызығушылығын ояту. 1.Үй тапсырмасын АКТИВОТ арқылы 15-сұрақ тест ретінде тексеру.
2.Ассоциация құру арқылы оқушылар қосымша мәліметтерді еске түсіреді. 1Оқушылар сұраққа жауап беріп, өзін-өзі бағалайды. Оқушылар ой қозғайды.
Елестетеді
Бұрынғы біліміне
Еске түсіреді. 10мин Өзін-өзі бағалау.: Жинаған ұпайы бойынша ҰБТ шкаласымен бағаланады.
1-4— «2»
5-7— «3»
8-12—«4»
13-15— «5»
Түсіну
Тақырыптың мақсаты мен міндетін ашу Түркия туралы видеоролик көрсету. «Идеяларды тоғыстыру» (Не?Қайда? Қашан?) оқыта үйрету ойыны: 1- топ (Анкара): Түркияның құрамы және геосаяси жағдайы
2-топ (Арарат):Табиғаты және табиғат ресурстары
3-топ (Стамбұл):Халқы: ұлттық құрамы, табиғи өсім, урбандалу дәрежесі. Берілген тапсырма арқылы:
1.Оқушылар топтарды оқиды.
2. Талқылайды.
3. Постер дайындайды, қорғайды. 15мин Топтық бағалау: Критерий бойынша постерді бағалайды. Бұл жерде 5 балдық жүйемен бағаланады. Тақырып ашылған, жалпы негізделген—1б. Тақырып ашылған, жалпы негізделген—2,5б.Тақырып ашылған, нақты негізделген—5 ұпай
Қолдану
Картамен жұмыс дағдысын дамыту Картамен жұмыс: Пайдалы қазбалары бойынша кесте құру. Жеке жұмыс: тапсырма орындалып болған соң бір-бірін бағалайды. 5мин Жұптық бағалау: Шарты белгі анық, пайдалы қазба толық— 5б. Шарты белгі анық, пайдалы қазба толық емес — 2,5б. Шарты белгі, пайдалы қазба толық емес—1б
Талдау
Мәтін бойынша талдау жасау. «Автор орындығы»: Түркия табиғатының басты ерекшеліктерін анықтау. Жеке жұмыс: Оқушылар алған білімдері бойынша Түкия табиғатының ерекшеліктерін анықтайды. Дұрыс жауап берген оқушы смайликпен бағаланады.
Өте жақсы-сары смайлик
Жақсы-көк смайлик.
Орташа-қара смайлик
Жинақтау
Сабақты қорытындылау. «Фишпуль» әдісі: Оқушылар жаңа тақырыптар бойынша сұрақтар қояды. Логикалық ойларын көрсете білу керек. 10мин Дұрыс жауап берген оқушы смайликпен бағаланады.
Өте жақсы-сары смайлик
Жақсы-көк смайлик.
Орташа-қара смайлик
Бағалау
«Интервью» әдісі Кері байланс парағын толтырады Оқушылар тапсырма орындау барысында алған ұпайларын есептейді. Топ лидері қорытынды баға шығарады. Сабаққа қатысушыларды мадақтау
Үйге тапсырма Түркия мемлекетінің құрамы мен құрылымы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы. Жеке жұмыс