Киім б?лшектерін ?атырмамен ??деу


Сынып: 9
Пәні:Технология
Тақырыбы:Киім бөлшектерін қатырмамен өңдеу
Негізгі түйінді идея:Тігілетін бұйым қонымды болу үшін материалдарын дұрыс таңдап,оны жақсылап өңдеуге үйрету.
Оқу мақсаттары:Қатырманы матаға көлем және беріктік беру үшін,созылып кетпеуі үшін,қыртыстануды азайту үшін пайдаланады.Оқушылардың 60 пайызына 20 минуттың ішінде флизелин түрлерін, ұсынылатын маталар және оны өңдеу ережесін үйрету.40 пайыз оқушыны 20 минут уақыт ішінде қатырманың түрлерімен таныстырады.
Тілдік мақсат:Барлық оқушылар аралық төсем материалдарының маталары туралы айта алады.Негізгі сөздер мен тіркестер:флизелин,желім,жіп.
Табыс критерийлері:
1.Дублирин матасын қолдана біледі.
2.Оқушылардың 60 пайызы бөлшектерді қатырмалауды үйренеді.
3.Жалпы тақырыпты меңгереді,берілген тапсырманы шығармашылықпен орындайды.
Уақыт Мұғалім не істейді? Оқушылар не істейді?
Кіріспе 5 минут
1.Психологиялық ахуал қалыптастыру үшін мұғалім оқушылармен амандасады,сергіту сәтін жасайды.
2.Мұғалім үй тапсырмасын сұрау.
3.Топтастыру.
1.Оқушылар сергіту сәтін жасайды,топтарға бөлінеді.
2.Оқушылар үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы бірін-бірі бағалайды.
Интер-белсенді тақта.Үлестірме қағаз.
Іс-әрекет 30 минут
Жаңа сабақ
1.Бөлшектерді қатырмалау жұмыстарын жасайды.(мәтінмен жұмыс)Аралық төсемматериалдарының маталары туралы айтады.(топтық талқылау)Постер қорғау,сарамандық жұмыс.
1.Оқушылар мәтінмен жұмыс жасайды.
2.Топта мәтінді түсінуі үшін жұптық топтық талқылау жасайды.
3.Постер қорғау,екі жұлдыз,бір ұсыныс арқылы бағалайды. 5 мин
Рефлексия 5 мин
«Бір ауыз сөз» (ұнады,қажет,пайдалы,білдім,үйрендім,қызықтым,ұмтылдым,есте сақтадым)
Бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын айтып,сабаққа кері байланыс береді.Өзін-өзі бағалау.Стикер бағалау парағы. XE "Сынып\: 9"