Презентация по технологии тему Киімні? б?лшектерін ?атырмамен ?аптау


Киімнің бөлшектерін қатырмамен өңдеу
Қызылорда қаласы, №1 мектеп – гимназиясыныңтехнология пәні мұғаліміЕшпанова Лиза ШынәліқызыСабақтың тақырыбы: Киімнің бөлшектерін қатырмамен өңдеу.Сабақтың мақсаты: Бөлшектерге арналған аралық төсемді материалдара) Білімділік мақсаты: желімді аралық материалдардың түрлері, пайдасы және бұйымға сәйкестігін анықтауә) Дамытушылық мақсаты: Дублирин, флизелин түрлері және олардың қолданылу мақсаттарыб) Тәрбиелік мақсаты: Киім тігудегі біржүйелілікті сақтауға үйретуІІІ. Сабақтың типі мен түрі: Дәстүрлі емес сабақІҮ. Көрнекілік құралдар, әдістемелік дидактика.1. Технология 9 (2013). § 23; 86 - 90 беттер2. Интерактивті тақта, слайд, бейне материал3. Үлгі мен бұйымдар.Ү. Сабақтың барысы мен мазмұны:1. Кіріспе, ұйымдастыру кезеңі, ҚТЕ сақтау.2. Өткенді пысықтау, ой шақыру.3. Танымдық кезең, жаңа тақырып (слайд - шоу)4. Іскерлік пен дағдыны меңгеру кезеңі, топтық жұмыс (бейне материал)5. Сергіту сәті. «Мақалды жалғастыр»6. Бекіту кезеңі, үйге тапсырма.Ұйымдастыру кезеңі:А) Оқушыларды түгендеу;Ә) Жұмыс парағын тарату;Б) «Ателье»және «Сәндер салоны» атты екі топқа бөлуВ) Тақтаға топтарды бағалау қағазын ілу.Топтардың жұмысын бағалау парағыТоптың аты Ой шақыру Іскерлік кезең Сергіту сәті Бекіту кезеңі Ұпай саныАтельеСәндер салоныҮІ. Өткен тақырыпты пысықтау, ой шақыруШалбар қандай бұйымға жатады?1. Шалбардың қандай түрлері бар?2. Қолданылуына қарай қалай бөлінеді?3. Шалбар тігу үшін қандай өлшемдер алынады?4. Лекалоны матаға жайғанда негізгі жіп қалай жатады?5. Суретті, торкөзді матаны қалай пішеді?Шалбар тігу технологиясы1. Жобалау, эскиз жасау.2. Модельге лайықты мата таңдау.3. Сызба, үлгі дайындау4. Модельдеу, пішу5. Шалбарды тігу, ЫЖӨ6. Бөлшектерді өңдеу7. Бұйымды аяқтау, сәндеуБілгім келеді!Белдік бұйымдардың, сырт киімдердің, жейделердің кейбір бөліктері жұмсақ, кей бөліктері қатты болып тұрады. Неліктен? Жағалар, манжеттер, белдіктер, жакет - костюмдер қағаз сияқты формасын сақтап тұру үшін не керек деп ойлайсыңдар?ҮІІ. Танымдық кезең, жаңа тақырып (слайд - шоу)Желімді материалдар бөлшектерді немесе бұйым шеттерін бекіту үшін және жұқа материалдардан тігілген киімдерді өз формасында ұстап тұру үшін қажет. Желімді аралық төсемдердің бір бетінде балқымалы жабынды болады. Оларды қолдану оңай және қол жұмысын біраз жеңілдетеді. қазіргі кезде желімді төсемдердің түрлері өте көп, сондықтан матаға сәйкес түрін таңдай білген дұрыс. Желімді материалдардың түсі, тығыздығы, қалыңдығы және ені әртүрлі болады, сондай - ақ мата және беймата негізінде шығарылады. Олар дүкенде жайма, тор, жіп, жолақ түрінде сатылады. Желімді маталарды көбіне дублирин, флизелин деп атайды. Дублерин беті бедерлі және сусымалы маталарға жабыспауы мүмкін. Дублериннің флизелиннен айырмашылығы, ол әмбебап, онымен көлемді желімделуі қиын маталарды қатырмалайды.Дублерин - бояуға төзімді, жиырылмайтын, отырмайтын, нүктелік әдіспен бір бетіне желім жағылған, экологиялық таза материал. Флизелин - бұл беймата негізді, бір жағы тұтас желімді, көлденеңінен созылатын синтетикалық материал.Мата текстурасына қарай флизелин таңдауАралық төсеммаркасы Бекітілген маталар Үтікпен өңдеу ережесіН 180 флизелин Жібек, вискоза, атлас Құрғақ, жай басу, жібек режиміН 200 флизелин Тығыз жұқа маталар (твид) Құрғақ, жай басу, жүн режиміН 250 флизелин Мақта, полиэфирлі маталар Құрғақ, жай басу, жүн режиміН 315 флизелин Жүн маталар үшін 10 - 12с ылғалдап, қатты басуН 410 флизелин Жеңіл, орташа жүн мата 10 - 12с ылғалдап, қатты басуҒ 220 флизелин Қатаң, ыстыққа төзімді мата 8 с құрғақ, қатты басуLE 420 флизелин Лайкра, мақпал, жасанды былғары, жылуға төзімді 8 с құрғақ, жай басуЕсіңде ұста!Жұмсақ маталарға Н180, қаттылау маталарға Н200, Н250, костюмдік, пальтолық маталарға С405, Н310 маркалы флизелиндер қажет.ҮІІІ. Негізгі бөлім. Іскерлік пен дағдыны меңгеру кезеңі, топтық жұмыс (бейне материал)Мата бөлшегін қатырмалау жұмысын орындау.«Ателье» тобына жағаны қатырмалау тапсырмасы беріледі.«Сәндер салоны» тобына қалтаны қатырмалау тапсырмасы беріледі.Жұмысқа нұсқау:1. Мата бөлшегін үтікпен тегістеп алу.2. Мата бөлшегімен бірдей етіп флизелин қырқу.3. Мата бетіне флизелинді қойып, шыт матасын төсеп үтіктеу.4. Бөлшекті өлшеп, артық шеттерін қырқу.Сергіту сәті. 1. Сергіту жаттығулары: терең дем алып, қолдарымызды жоғары көтереміз, аяқтың ұшына тұрамыз, қолды түсіреміз де дем шығарамыз. 2. Оң қолымызды жоғары көтеріп 2 секунд тұрамыз. Әрі қарай.. шашымызды дұрыстай саламыз.3. «Мақалды жалғастыр» 1. Еңбегі аздың........... аз. 2. Еріншектің............ бітпес.3. Еңбектің........ тәтті, жалқаудың....... тәтті.4. Келген дәулет, кеткен........5. Еңбек түбі..........6. Көз қорқақ, қол......7. Ердің атын...... шығарар.8. Өнерлінің қолы.......Пайдалы кеңес.Күнделікті киілетін киімдерімізді кейде шегеге немесе басқа абайсыз жағдайларда жыртып, іліп алатынымыз бар. Осындай жерлерге желімді аралық материалды бұйымның ішкі жағынан жапсырып желімдеп жіберуге болады.Х. Бекіту кезеңі, үйге тапсырма.1. Желімді аралық төсемдер не үшін пайдаланылады?2. Желімді маталардың қандай түрлерін білесіңдер3. Киім формасын, көлемін, жуылғанда сақталу үшін қандай аралық төсемдер қолданылады?4. Дублирин дегеніміз не?5. Флизелин дегеніміз не?6. Перде ламбрикендері үшін қандай аралық төсем пайдаланамыз?ХІ. Қорытынды. Маталардың формасын сақтау үшін, жаға, өңір, манжет сияқты маңызды бөлшектерге қаттылық беру үшін аралық төсем материалдары қажет. Топтардың жұмысын бағалау парағы арқылы оқушыларды бағалау.Үйге тапсырма. Белдікті пішіп, қатырмамен өңдеу.
зғалтқыш