?ткенді пысы?тау математика ашы? саба?


Өткенді пысықтау
2-сынып
Ақмола облысы,
Шортанды ауданы,
Бозайғыр орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі
Закириш Гулмайра
Мақсаты Білімділігі: Есептің жаңа түрін шешу жолымен таныстыру, ондықты аттап қосу мен азайтудың өтілген жағдайларын пысықтау.2. Дамытушылығы: Жазбаша, ауызша есептеу дағдыларын арттыру. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.3. Тәрбиелігі: Ұйымшылдыққа, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауапСабақтың көрнекілігі: Сызбалар, смайликтер,стикерлер, фломастер, кестелер.
Күтілетін нәтиже Әдіс-тәсілдері Жеке-дара, жұптық, топтық, ұжымдық.
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Сендерді «Шаттық шеңберіне» шақырамын.
Көңілденіп шаттаныпАйналама қарайын.Қуанышын көршімніңКүн нұрына балайын.Алақанды көршіме Соғып-соғып алайын.Бүгінгі келген қонақпенАмандасып алайын. Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту 48 беттегі №4 тапсырма тексеріліп, оқушылар өз жауаптарымен салыстырады. Өрнектерді оқып мәнін табады. 5 топтан 3 оқушыдан шығады. Барлығы 9 тапсырма орындалады. Осылай үй тапсырмасы тексеріледі.
Қорытынды жасап жауаптарын дәлелдейді. М: Бұлар-жақшалы өрнектер. Жақшалы өрнектерде бірінші жақшаның іші орындалады. Содан кейін келесі амал орындалады.
(12-9)+10=3+10=13 Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану
Сергіту сәті Оқулықпен жұмыс.
1,3,5 тапсырмаларды орындату.Мұнда №1 тапсырма 5 топқа 1-1 тапсырмадан беріледі. Топтағы оқушылар бірлесе отырып өрнекті жазып, мәнін табады. №3 есеп Кесте бойынша есеп құрастырады және оны жеке , жұпта , топта ақылдаса отырып шығарады Әр топтан 1-1 спикер шығып жұмысты қорғайды.
Болғаны –12 ( машина, қуыршақ, құс, шар, кітап);
Сатылды (оқылды, ұшып кетті, сыйланды, кетті) - ?; Қалғаны-3 ( 4,5,6,7,8,1,2)
Бес топ бес есеп шығарады және жауаптарын дәлелдейді.
№5 Кестені толтырады және өз жауабын тексереді.
Мектеп асханасында таңертеңгілік асқа құймақ, ботқа, сүзбе, ал сусын үшін шырын,шай, сүт дайындалды. Таңертеңгілік астың неше нұсқасын құрастыруға болады?
Қоян шықты далаға,
Жан-жағына қарады.
Жүгірді, секірді,
Орнына кеп отырды.
Жаңа ғана шалғында, Алты бұзау жүр еді. Әлде шаршап қалды ма, Жатып қапты біреуі. Нешеуі енді жайылып, Айт, жүргенін айырып. ( 5)
2. Табақта бес алма, Қолымда үш алма, Інімде екі алма, Қосқанда барлығын. Болады неше алма? Бір алма атама, Бір алма әжеме, Бір алма апама, Бір алма әкеме, Нешеуін алады? Нешеуі қалады? (6)
Ой толғаныс 1.Әнуарда 6 қарындаш болды. Ол бірнеше қарындашын досына бергеннен кейін ода 4 қарындаш қалды. Әнуар досына қанша қарындаш берді?  (2)2. Айнашта 8 шар бар. Бірнеше шарды ол құрбысына бергеннен кейін, қызда 4 шары қалды. Айнаш құрбысына неше шар берді? (4)3. Айжанның 6 тәтті наны болды. Ол бірнешеуін Серікке бергеннен кейін ода 2 тәтті нан қалды.Айжан Серікке қанша тәтті нан берді? (4)4. Аспазшы 10 литр кампот пісірді. Балалар оның бірнеше литрын ішкеннен кейін 4 литр қалды. Балалар неше литр кампот ішті? (6 л) Жүрегіндегі осы сабаққа деген ерекше ықыластарын жеткізеді.
Үйге тапсырма 50 бет №6 Күнделіктеріне жазып алады
Бағалау Оқушыларды оқу үшін бағалау және оқыту үшін бағалау. Жауап берген оқушылардың күнделігіне наклейкалар жапсырып беремін. Сонымен қатартиісті бағаларын журналға және күнделіктеріне қойып беремін Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?
Бүгінгі сабақта не үйрендіңдер?
Көңіл күйлеріңді , сабақтан алған әсерлеріңді стикерге жазып,смайликтерге жабыстыра қойыңдар. Сабақ аяқталды.
Сау болыңдар! Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады.