Т?рбиелік шара Н?р себеле, ?лысты? ?лы к?ні2-сынып


«Нұр себеле,Ұлыстың ұлы күні”2 “ә”сыныбы Роза Рымбаева Наурыз НАУРЫЗ - жыл басы, ұлыс-тың ұлы күні. Күн мен түннің, ыстық пен суықтың, қыс пен жаздың, қараңғы мен жарықтың теңеліп, жер арқасы кеңіп, жан-жануарлар, өсімдік дүниесі, күллі тіршілік әлемі жан алып, қайта түлейтін Табиғат мерекесі. Наурыз басы: “Күнге сәлем ету”Армысың қайырымды, Күн - Ана!Атар таңға, шығар күнге Тәу – тәу!Басымызға амандық,Елімізге береке дарыта көр! Тәу – тәу!Жыл басы келді, жаңғырта келді,Тәу – тәу!Кең байтақ ұлысыма Ұлы күн келді,Жаңа Жыл келді, Тәу – тәу!Қайырымды Күн-Ана, тілегімді бере көр!Тәу – тәу! Игі дәстүр: “Бұлақ көзін аршып, тал егу”Наурыз ерекшеліктері:- Сіз келген күні таңертең ата, ағаларымыз қолдарына күрек. Ал аналарымыз құрт, ірімшік, сүт, піскен ет алып далаға шығады.- Бұлақ көрсең көзін- аш- деп, ағаларымыз төңіректегі бастаулардың көзін ашады.- Бір тал кесең, он тал ек- дескен қариялар бұлақбасына тал егеді. Ал әйелдер атып келе жатқан Күнге тәу етіп, “Армысың қайрымды Күн-Ана!”, - деп иіліп сәлем береді және кеудесі түкті жер- Ана, құт дарыт, жарылқа!- деп ашылған бұлақ көзіне май құйып, жаңа егілген ағаштарға ақ бүркеді. Наурыз тілек:Ұлыс оң болсын!Ақ мол болсын.Наурыз белгілері:Наурыз күнгі тағам – “Наурызкөже”Наурыз күнгі айтылатын ән: “Жарапазан”Наурыз күнгі жауған қар – “Наурызша”Наурыз күнгі дыбыс, жылы ағыс – “Әз”Наурыз күнгі тілекті қабыл қылатын қария – “Қызыр ата”r НаурызшешекНаурызшешек – наурыз айында өсетін жапырақты түрлі – түсті гүлді, қауашақты әсем шөп. Майының дәрілік қасиеті бар. Қазақстанның таулы аймақтарында оның бірнеше түрі өседі. «Наурызшешек» «Қызыл кітапқа» енген, сирек кездесетін, бағалы өсімдік. Наурызкөк НаурызнамаНаурыз тойы басталғанда, ауыл бойжеткендері жігіттерге арнап, соғымның етін уызға салып пісіріп, «ұйқы ашар» деп аталатын ерекше дәм дайындаған екен. Ал, Наурыз келгенде жігіттер көңілі ұнатқан бойжеткендерге айна, тарақ, иіссу сияқты сыйлықтар ұсынған. Бұл сыйлықтардың аты – «селтеткізер», «діреткізер» деп аталған. Наурыз көжеНаурыз көже – Наурыз тойына тән көпшілікке арналған мерекелік тағам. Оны әр үй жеті түрлі дәмнен: сүт, ет, су, тұз, тары, құрт, жеміс, т. с. с тағамдардан жасап, оған қазы шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосып, мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады. Наурыз көженің дәстүрлік, мерекелік, ұлттық тағылымы өте зор. БҰЛ КҮНІ:Сапарға шықпайды;Ешкіммен ренжіспейді;Жаман, блапыт сөздер айтпайды;Жаман қылықтар көрсетпейді.Шаш, тырнақ алмайды.Іс тікпейді, Кір жумайдыБҰЛ КҮНІ:Күн мен түн теңеледіРенжіскен адамдар достасадыЖақын туыстармен дәм алысады7 түрлі дәмнен Наурыз көже дайындайды.Ат шаптырып, балуан күрестіріп, қыз қуып, қол күрестіріп үлкен той жасайды. Наурыз ойындары ___________________________________ С.Сенғалиева 1 "б" сыныбыБатаменен ел көгерер. Ұлттық салт - дәстүр