Ашы? т?рбие са?аты «Мемлекеттік тіл -мені? тілім!»
Тақырыбы: «Мемлекеттік тіл – менің тілім»
Жүргізуші:
Қайырлы күн, құрметті Ана тіліміздің меркесіне жиналған қауым. Тіл мерекесіне орай өткізгелі отырған №71 Лицей оқушыларының мерекелік ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер. Бұл мерекеміз елбасымыз «Н.Ә.Назарбаевтың 22 қыркүйек Тіл мерекесі күні болып атап өтілсін деген бастауын қолдап,мерекеге жиналып отырсыздар. Яғни 1997жылы 22 қыркүйек күні қабылданған Қазақстанның тіл туралы Заңында Республика халықтарының тілдерін қолдау мен дамыту құқығының негізі бекітілген.
1-жүргізуші:
Балалар құтты болсын тілің бүгін
Ашатын жан сарайын білімдерініңКешегі анаң айтқан, бабаң айтқанТіліңе зер салыңдар бұрынғының.
2-жүргізуші:
Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық.Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда.Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.
1-бала
Қазақ тілім өз тілім, ана тілім
Абай , Мұхтар сөйлеген дана тілім.Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сеніБолашағым, бақытым дара тілім.
2-бала
Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.Ана тілің біліп қой,Мақтанышы елімнің.
3-бала
Ана тілің арың бұлҰятың боп тұр беттеӨзге тілдің бәрін біл,Өз тіліңді құрметте.
4-бала
Бұл гүлденіп жайнағанГүлстандар Отаны!Бірін-бірі сыйлағанТуысқандар Отаны!Бұл ғажайып мұраттыХалықтардың Отаны!Алтын заман құратынАлыптардың Отаны!Сол алыптың бірімін-Отанымның ұлымын!
Тілім, дінім, самғаған, шарықтасынСамғаудан еш уақыт жалықпасынӨз алдында өмірден теңдік алғанАна тілім көгімде қалықтасын.
Жүргізуші:
Құлақтан кіріп, бойды аларӘсем ән мен тәтті күйКөңілге сырлы ой саларӘнді сүйсең менше сүй-деп Абай атамыз айтқандай келесі кезекті әсем әнге берейікӘн топ:
Ана-тілін сүйемізЖүргізуші:
Балалар, бізге қонақ келген сияқты, қане, бәріміз қошеметтеп қарсы алайық. /Муз. Әуенімен залга Ару Ана кіреді.
Ару Ана:
-Сәлеметсіңдер ме балалар, құрметті қонақтар! Мен Аруанамын! Cендердің мектептеріңде Тіл мерекесі болып жатқанын естіп, сендерге қонаққа келдім! Бұл жерге әр ұлттың өкілдері жиналыпты ғой! Қандай керемет десеңші! Бәрі бір-бірімен тату-тәтті!
Жүргізуші:
Сәлеметсізбе Ару Ана! Біздің мерекеге қош келдіңіз! Жоғары шығыңыз! Біздің Тіл мерекемізге әр ұлт өкілдері құр келмей өз өнерлерін ала келіпті.
Жүргізуші: Қазір қазақтың ұлттық биін тамашалайық!
Би: «Қазақ биі»
1-балаСүйесің өз тіліңді]Боласың білімдіӨз тілің үйретерӨнерді ғылымдыАрдақта тіліңді2-балаТілім барда мақтанамТілім менің аппақ ән.Бірлігімді бүгінгіАна тілім сақтаған.
Ақыл-ойын дананыңАна тілден аламын.Ана тілі ардақты,Ақ сүтіндей ананың.
3-бала Узнай родной язык
В нем сила и свободаУзнай родной языкВ нем государства гордостьРодной язык в нем честьИ совесть человекаУчи чужую речьСвою цени навеки.
4-бала.
Там где сладко пахнет смородиной
Там где дом и родная земля.Это все называется РодинаДорогая, родная Земля!
5-бала.
Какое веселое доброе слово
И солнышка светит так сладкоМы скажем все вместеПусть слышит по всюду
Хормен: Да здравствует дружба Казахстанских ребят
Би: «Орыс биі»
Ару Ана: Өнерлерің үстем болсын балалар! Балалар сендер тілге байланысты мақал-мәтел білесіңдер ме? Қане кім айтады?
1-бала Сөз асылы – мақал.2-бала. Өнер алды қызыл тіл.3-бала. Шешеннің тілі артық.
Шебердің қолы артық.
4-бала. Жақсы сөз – жарым ырыс.5-бала. Тіл тас жарады.-
Тас жармаса бас жарады.
Жүргізуші:Ана тілім- өзгелерден бөлексің,Бала жүрек саған арнап жыр төксін.Қай асылға теңдесемде жарасар,Ана тілім –баға жетпес өнерсің.
Ән: «Ананың тілі»
Жүргізуші: Келесі кезекті балаларымыздың тақпақтарына берейік.
1-бала.Жанымнан қымбатАна тілім мағанАна сөзден тыңдапҮлгі өнеге алам.
2-бала.Ана тілім – анам,Аппақ қардай арымМұра еткен бабамЖарқыраған жаным.
3-бала.Ана тілім –елдігімАна тілім-ерлігім.Тілді биік құрметтепТойлап жатыр ел бүгін4-бала.Ана тілім-тірегімАна тілім – жүрегім.Қасиетті елімніңТек өзің деп білемін.
Жүргізуші: Бізге өзбек халқының ұлт өкілдері өз өнерлерін алып келіпті. Қошеметпен ортаға шақырайык!
Би: «Өзбек биі»
Ару Ана: Балалар әрдайым осындай тату дос болып, өз тілдеріңді құрметтеңдер. Осындай өнерлеріңе тамсанып қуанып кетіп барамын. Келесі кездескенше сау болыңдар!
1-жүргізуші:Тілмен ғана қызық менің тірлігімТату еткен ел мен елдің бірлігін.Туған тілмен асқақ шығып ізгі үнім,Туған тілде алып жүрміз біз білім.
2-жүргізуші:Тілсіз жұртым шөптей қурап азады-ауТуған тілді қорғап бақшы қазақ-ауСарқылмайтын қуатпенен күш берген.Туған тілдің қасиеті ғажап-ау!
Осымен құрметті қонақтар, балалар бүгінгі тіл мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!
№71 Лицей
«ҚАЗАҚ ТІЛІ - МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ»
Сыныбы: 4 «Б»
Мүғалімі:
Шалгинбаева Қ.О.
Алматы
2011-12 оқу жылы