Ашы? т?рбие са?аты: Тілім мені? – тірлігімні? ай?а?ы
Сабақтың тақырыбы: Ана тілім – тірлігімнің айғағыСабақтың мақсаты: Оқушылардың тіл туралы білімдерін жетілдіру. Өз тіліне, туған жеріне, Отанына құрмет көрсете білуге баулу.Көрнекілігі: Тіл туралы мақал - мәтелдерСабақтың барысы:Кіріспе сөз.- Соңғы жылдары ана тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуы, халықтық педагогиканың асыл қазынасын пайдалануға, әдебиетіміз бен мәдениетімізді, салт – дәстүрімізді жетілдіруге мүмкіндік туғызғаны еліміз үшін зор қуаныш.Ана сүті бой өсірсе, ана тілі ой өсіреді. Ананың тілі арқылы бабалар аманатына адал болайық.Әдеби монтажҚуан далам! Қуанатын күн бүгін,Тіл туралы заңым енді күшіне!Қуан халқым! Күшіне енді тіл заңы!«Сүйінші!» деп ақын ұлың жырлады.Ел елдігі бағаланар тілмененСол арқылы құлпырады гүл бағыТіл деп біл өз тіліңді ғалам сүйген,Өйткені атаң менен анаң сүйгенАл мұны біліп қана қойсаң күнә,Мұрат ет, жалғастырып, балаң сүйген!Сұрақтар:- Тіл туралы заң қашан қабылданды?- Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілі қай тіл?- Біз оқулықтарымызды қай тілде оқимыз?- Конституцияда тіл туралы не делінген?Ана тілі біздің туған анамыз,Анамызды сыйлап, бағып - қағамыз.Ана тілін бағаласақ қалай біз,Өзіміздің солай болмақ бағамыз.Ана тілін кім бағалай білмесе,Анасынан безген ұл деп қараңыз.Ана тілі – асыл күні бабамның,Қуатымсың ақ сүтіндей анамныңСәби шақтан бесігімде жыр тыңдап,Туған тілді жаттап өскен баламын.Айналайын халқымнан,Айналайын даңқыңнан.Ана тілдің бағасы,Қымбат екен алтыннан.Тілің – бағың бастағы,Тиістісің білуге.Тарихың да тастағы,Ата – бабаң тілінде.Ән: «Әрқашан күн сөнбесін!»- Тіл туралы білетін мақал - мәтел, нақыл сөздерімізді ортаға салайық.Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.Тілі жеткенше сөйлеген шешен,Қолы жеткенше нұсқаған көсем.Тиекті тілден текті сөз шығады,Тиексіз тілден кекті сөз шығады.Ер қазынасы – жүрген із,Ел қазынасы – көне көз,Тіл қазынасы – ескі сөз.Жыланның уы тісінде,Адамның уы тілінде.Жақсылықпен қуантатын да тіл,Жамандықпен қуартатын да тіл.Өткір тіл – дарын, ұзын тіл – жауың.1. Халық бар жерде тіл бар. Тіл бар жерде өнер бар. Өнер бар жерде жанкүйер бар. Әр халықтың ана тілі – оның бақыты, қуанышы.2. Өз тіліңді білу, өз тіліңде ер жетіп, ел қатарына қосылу - өмірден алған ең үлкен сыйың.3. Халықтың қуаты – тілдің қуаты. Біз ана тілімізді ең айтқыш, ең білгір, ең бай тілдердің біріне айналдыруымыз керек.4. Ана тілінде сөйлеу мәдениеттіліктің әдептілік өлшемі болып табылады.Қорытынды сөз.- Ана тілін дұрыс білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам атануға болмайды. Сондықтан да әрқашан өз тілімізді, ана тілімізді, қазақ тілін құрметтеп, ардақтап әрбір сөз мағынасына тереңірек үңіліп, сөз қадірін ұғына білуге үйренейік.