Конспекты Тілге ??рмет — елге ??рмет


Тақырыбы: "Тілге құрмет - елге құрмет"
Мақсаты: Оқушыларды ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру.Ана тілін сүюге,ана тілін ардақтай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: қабырға газеті, ақын-жазушылардың суреттері.
Түрі: әдеби кеш.
Барысы:
1-жүргізуші: Армысыздар, қымбатты қонақтар! Ұлағатты ұстаздар мен оқушылар!
Ана тілім,
Жүрегісің анамның.
Жүрек-ана,
Мен өзіңнен жаралдым.
Сағат сайын саулығыңды тілеймін,
Сенсіз мынау керегі не ғаламның!
Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
2-жүргізуші: Бүгінгі 22 қыркүйек - Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі күніне орай өздеріңізбен қауышып отырмыз. Олай болса мерекелік кешімізді бастаймық!
Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалады.
1-жүргізуші: Тіл - қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл - әрбір елдің жаны.
Бүгінгі әдеби кешіміз екі бөлімнен тұрады. І бөлімді бастаймыз.
2-жүргізуші: 1-сынып оқушыларының орындауында: "Анамның тілі" әні.
2-4 сынып оқушылары тіл туралы өлеңдерін оқиды.
3-сынып оқушылары ұлылардан қалған ұлы сөздерді айтады.
1-оқушы: "Ана тілін білмейтін адам бір қолы жоқ шолақ адам секілді" Ғ.Мұстафин.
2-оқушы:"Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді" Ғ.Мүсірепов.
3-оқушы: "Әрбір саналы, мәдениетті азаматқа ана тілі мен сол ана тіліндегі әдебиеттің қадірін білмеу - мәдениетсіздік" М.Әуезов.
4-оқушы: "Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту - бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту" Б.Момышұлы.
ІІ-бөлім. Интеллектуалдық ойын
1. Сөз қадірін тапқан білер (сұрақ-жауап)
Бұл бөлімде 10 сұрақ қойылады, сол сұрақтарға жауап беру,әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.
1.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. (қазақ тілі)
2.Қазақ тілі алғаш тіл мәртебесін қай жылы алды? (1989 жыл)
3. 22 - қыркүйек қандай мереке? (тіл мерекесі)
4.Қазақ билерін ата. (Төле би, Әйтеке би,Қазбек би)
5. Тілден ұшып құлаққа қонады? (сөз)
6. Қазақ алфавитінде неше әріп бар? (42)
7. Дыбыстар нешеге бөлінеді? (2-ге)
8. Естілгенмен құлаққа,
Көрінбейді бірақта. (дыбыс)
9.Өзім сөзден тұрамын,
Аяқталған ойды құрамын. (сөйлем)
10. Мәтіннің түрлерін ата. (сипаттау, пайымдау, әңгімелеу )
2. Ұшқыр ой (мақалға ребус құрау)
Екі топқа мақал беріледі,сол мақалға 5 минутта ребус құрау.
1-топ. "Жүйріктер" тобы.
Тіл - қылыштан өткір.
2-топ. "Тапқырлар" тобы.
Өнер алды - қызыл тіл.
3. Тіл өнері (мақал-мәтел жалғастыру)
1.Тіл тас жарады, .... (тас жармаса бас жарады)
2.Өнер алды - ...... (қызыл тіл)
3.Шешеннің тілі - ..... (шебердің бізі)
4. Қылышынан бал тамған батырды, ..... (тілінен бал тамған ақын жеңеді)
5. Тіл жүйріктен .....(де озады)
6. Бас кеспек болса да, .... (тіл кеспек жоқ)
7. Жеті жұрттың тілін біл, .... (жеті түрлі білім біл)
8.Піл көтермегенді, .... (тіл көтереді)
9. Тауды-тасты жел бұзар, .... (адамзатты сөз бұзар)
10. Қаһарлы сөз ..... (қамал бұзар)
11. Бал тамған тілден, ..... ( у да тамады)
12. Сүңгі жарасы бітер, ..... (тіл жарасы бітпес)
4. Мәтінді рөлге бөліп көрініс құру.
Көрініс: Пәндер айтысы.
Қорытынды.
Б.Момышұлы атамыз: "Тілін білмеген - түбін білмейді" деген. Шынында, тілін білмеген адам өз халқының тарихын, дәстүрін, мәдениетін өз тілінде сезініп, терең бойлай алмаса, ол қасірет емес пе? Сондықтан әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтауға, білуге тиіс. Болашағымызды баянды етер қаруымыз - тіліміз. Ана тілімізді құрметтей білейік.
"Қаракөл жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тақырыбы:

(әдеби кеш)
Сыныбы: 1-4
Өткізген: Ж.Қобландиева
2015-2016 оқу жылы