Открытый урок на тему Тілге ??рмет-елге ??рмет


Сабақтың тақырыбы: «Тілге құрмет – елге құрмет» (буын түрлері)
Сабақтың мақсаты: Фонетикадан өткенді қайталау . Буын түрлерімен таныстыру. Оқушыларға тілдің қадір-қасиетін ұғындыру. Мемлекеттік тілдің мәртебесін биік ұстауға, тілді сүюге, өзге ұлт тілдерін құрметтеуге шақыру. Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, слайд
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу.
-Сәлеметсіңдер ме, оқушылар! Отырыңдар! Біздің Отанымыз – Қазақстан, Қазақстан Республикасының өз елтаңбасы, әнұраны, туы бар. Сонымен қатар өз тілі бар. Балалар , бүгінгі ашық сабағымыздың тақырыбы: «Тілге құрмет – елге құрмет». Яғни, 22 қыркүйек тілдер мерекесіне арналады. Бүгін біз сабақта Қазақстан халықтарының тілдері туралы айтамыз, тіл туралы мақал - мәтелдерді қайталаймыз, әр түрлі қызықты тапсырмаларды орындаймыз және фонетикалық талдаулар жасап, буын түрлерімен танысамыз. Мереке демекші балалар айтыңдаршы Қазақстан мемлекетінде тағы қандай мерекелер тойланады?
1 қаңтар – Жаңа жыл мерекесі
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні
22 наурыз – Наурыз мейрамы
1мамыр – Бейбітшілік күні
9 мамыр – Жеңіс күні
30 тамыз – Конституция күні
Сол мерекелердің қатарында енді 22 қыркүйек тілдер мерекесі тойланады.
Елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері өмір сүріп келеді. Әр халықтың өзінің ана тілі, дәстүрі бар. «Тілден артық қазына жоқ, тілден артық қасиет жоқ» деп елбасымыз айтқандай бүгінгі таңда тілдің мәртебесін биікке қою керек. Айтыңдаршы біздің Республикамызда Мемлекеттік тіл қай тіл?
Мемлекеттік тіл – қазақ тілі
Әрине дұрыс. Ал орыс тілі мен ағылшын тілінің рөлі қандай?
Орыс тілі – ресми тіл, ағылшын тілі - халықаралық тіл
Өте жақсы
Балалар, сендердің сыныптарында қанша ұлт өкілдері бар?
Мен - қазақпын, мен - орыспын, мен – татармын, мен – кәріспін.
Рақмет балалар . Қазақстан көпұлтты мемлекет екенін , әр ұлттың туған тілі бар екенін білдіңдер. Бүгін біз екі топқа бөлініп отырамыз .1 топ «Достық», ал екінші топтың аты «Бейбітшілік». Сабақ соңында жинаған ұпайлар арқылы жеңімпаз топты анықтаймыз. Біздің бүгінгі сабағымыздың көмекшісі бар. Олар - Елдос пен Аяжан. Ал балалар , үйге берілген тапсырма бойынша тақырыбымызға байланысты дайындап келген өлең шумақтарын Елдос пен Аяжанға мәнерлеп айтып беріңдерші.
Дайана
Туған тілім – тірлігімнің айғағы
Тілім барда айтылар сөз ойдағы
Өссе тілім, мен де бірге өсемін
Өшсе тілім мен де бірге өшемін
Тимур
Ана тілім, дана тілі, бақ тілім,
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім
Сенсің менің қасіретім, шаттығым,
Сенсің менің тазалығым, пәктігім.
Ангелина
Ана тілің – арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте - демекші елбасымыз Қазақстан Халқына жолдауында «Үш тұғырлы тіл білу – баянды болашақтың кепілі » деген болатын. Туған тілімізді көзіміздің қарашығындай сақтап, өзге ұлт тілдерін білу бізге парыз. Енді үш тілде өлең тыңдайық.
Айым
Ана тілім –елдігім
Ана тілім - ерлігім.
Тілді биік құрметтеп
Тойлап жатыр ел бүгін
Дарина
Язык отцов –наследие святое,
Глубокий, острый, сильный,  словно крик.
Своих детей заботливой рукою
К себе притянешь, мой родной язык!
Өте жақсы . Тұғырлы үш тілді білетінімізді дәлелдеу үшін қазір сендермен «Полиглот» ойынын ойнаймыз.
Әже – бабушка – грандмазе
Кітап – книга – бук
Алма- яблоко-апл
Сағат – часы – клок
Қант – сахар – шуге
Қызанақ – помидор - томато
Құс – птица – вөд
Қала – город –сити
Ал енді кезекті туған жеріміз, атамекеніміз туралы сұрақтарға арналған «Елім менің» атты ойын ойнап жіберейік. Қане кім көп біледі екен?
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін қашан алды? – 16 желтоқсан
Қандай ұлттық тағамдарды білесіңдер?
Қандай ұлттық киімдерді білесіңдер?
Мемлекеттік рәміздерді ата
Елбасымыз кім?
Ұлттық валюта?
Өте жақсы. Достық тобында ұпай, Бейбітшілік тобында ұпай . Жақсы ал енді балалар сендерді Елдос пен Аяжан буын түрлерімен таныстырмақшы. Олардың сендерге дайындап келген сұрақтарын бар екен. Қане қолымызды көтеріп жауап береміз.
Қазақ тілінде неше дыбыс, неше әріп бар? 42 әріп, 3
Дыбыстар қалай бөлінеді? – дауысты және дауыссыз
Дауысты дыбыстар қалай бөлінеді екен? 15д
Дауыссыз дыбыстар ше? 25
Жақсы енді дәптерлеріңді ашып бүгінгі күнді жазып алыңдар
Қыркүйектің жиырма төрті. Сейсенбі.
Тілге құрмет – елге құрмет . Буын және буын түрлері
Жаңа сабақ
Елдос пен Аяжан түсіндіреді:
БуынЖеке дауысты немесе бірнеше дыбыс тобы буын деп аталады. Қазақ тілінде тек дауысты дыбыс буын құрай алады. Ал дауыссыз дыбыстар өз беттерімен буын құрай алмайды, тек дауысты дыбыстармен тізбектеліп келгенде ғана буын құралады. Сондықтан сөздің құрамында неше дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Мысалы жер, ел, деген сөздерде бір ғана дауысты бар, олар бір ғана буын құрайды: о-рын, қы-зыл, деген сөздер екі дауыстыдан тұрады, олар екі буыннан құралган; жол-дас-тық, ба-зар-лық, бас-қар-ма деген сөздер үш дауыстыдан тұрады, бұлар — үш буынды сөздер т. б.1) ашық буын, 2) тұйық буын, 3) бітеу буын.1. Ашық буын бір ғана дауысты дыбыстан тұрады немесе дауыссыз дыбыстан басталып, дауыстыға бітеді. Мысалы, а, ға, ба, ла, 2. Тұйық буын дауысты дыбыстан басталып, дауыссызға бітеді. Мысалы: от, ас—тық 3. Бітеу буын дауыссыздан басталып, дауыссызға бітеді. Бітеу буында кем дегенде үш дыбыс болады: дауыссыз+дауысты+дауыссыз. Мысалы, қант, мек-теп
Жаңа сабақты меңгеруіміз үшін мына тапсырмаларды орындаңдар.
Ұн, мектеп, нан, тіл, сөз, ән, ана, әке, із, шана, үш, сары.
Өте жақсы, енді мақал – мәтелдерді есімізге түсіріп «Жалғасын тап » ойынын ойнайық.
Мақал-мәтелдер
Өнер алды- қызыл тіл
Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады
Ең ащы да, ең тәтті де – тіл
Тіл қаруы- сөз
Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл
Піл көтермегенді, тіл көтереді
Тіл- қылыштан өткір
Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ
Тілден артық қазына жоқ
Тілмен байланған, тіспен шешілмес
Керемет, мақал – мәтелдердің жалғасын таптыңдар енді сөздердің ұйқасын табайық «Ұйқасын тап»
Знай – біл,
Язык - .... Нечерти – сыз,
Мы - ...
Прибавь – қос
Друг - .... Совесть – ар
Есть - ...
Действие – әрекет
Государство - ... Берег – жаға
Оценка баға
Осы сөздердің ішінен мемлекет сөзі мен баға сөзіне фонетикалық талдау жасап жіберіңдер
Кезек қызықты әріптерге келген сияқты.
Қызықты әріптер
Ш-с, а-о, н-р, а-ы
Шана – қысқы көлік
Сары – түстің бірі
Орыс – қазақстанда тұратын ұлттың бірі
Сона – ұшатын жәндік
Сана – ақыл-ес
Асар – көмек, жәрдем
А-н, қ-с, ы-а, н-л
Ақын – өлең шығаратын адам
Қала – Атырау, Семей, Алматы...
Асыл – ең қымбат, ең....
Ақыл – асыл тастан .... жастан
Сана – ақыл-ес
Қына – тасқа өсетін өсімдік
Сабағымызды қорытындылау мақсатында бірнеше сұрақтарға жауап берейік.
Тест
1.Әр адамның ... тілі болады
А) әже
Б) ана
В) әке
2.Қазақстанда мемлекеттік тіл - .... тілі
А) украин
Б) Орыс
В) қазақ
3.Қазақ тілі - мемлекеттік тіл аудармасын тап
А) казахский язык – государственный язык
Б) казахский язык – мой родной язык
В) казахский язык – богатый язык
4.22 қыркүйек қандай мереке ?
А) Жаңа жыл
Б) Білім күні
В) Тілдер күні
5.Тіл қандай буын?
А) ашық буын
Б) тұйық буын
В) бітеу буын
Сабағымыз өз мәресіне келіп жетті. Енді қорытындыласақ. Тіл туралы өлең жырларды жақсы айттық Елдос пен Аяжанға ұнаған сияқты. Бірнеше қызықты Полиглот, Жалғасы тап, Ұйқасын тап, Қызықты әріптер сияқты ойындар ойнадық. Буын түрлерін ажырататын болдық.
Қанатты сөздерді талқылау
Тілін ойламаған адам – ұлтын сыйлауға қабілетсіз
Мұхтар Шаханов
Бір тіл білген – бір адам
Екі тіл білген – екі адам
Құдайберген Жұбанов
Мұғалімдер біздің 4 А сыныбы әр сабақ сайын бізге мұғалімдерге Еліміздің ұлтжанды ұлы мен қызы болуға серт береді.
Жақсылыққа құмармыз,
Жақсы адам боп шығамыз.
Таза сәби жүректен,
Қабылдаңыз мың алғыс!
Елдос пен Аяжан сендермен қош айтысып, үйге «Менің тілім» атты шағын шығарма жазып келуді тапсырады.
Болашағымызды баянды ететін жалғыз қаруымыз – тіліміз. Тілімізді құрметтейік, абыройын асырайық
Сау болыңдар!