?аза? тілінен Тілге ??рмет-елге ??рмет та?ырыбына саба? жоспары


Тақырыбы: «Тілге құрмет – елге құрмет»
Мақсаты: 1) тілге байланысты тақырыпты ала отыра, сауатты сөйлеуге, жазуға дағдыландыру, тақырыпты қаншалықты меңгергендігін байқау.
2) оқушылардың тіл туралы білімдерін ұштастыра отырып, ой-белсенділігін дамыту, шығармашылық ізденіске бағыттау, іздемпаздық қасиеттерін арттыру, ой- шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, ой бөлісе отырып, сөз еркіндігіне баулу.
3) Тәрбиелік : патриоттық тәрбие беру, қазақ тілін жетік білуге, ұлтжандыққа баулу.
Көрнекіліктер: тірек сызбалар, кестелер, кәртішкелер, қанатты сөздер, мақал-мәтелдер.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
А) сәлемдесу.
Ә)оқушыларды сабаққа бейімдеу. Сұрақ-жауап.
Балалар, мына жұмбақты шешіңдер!
-Дүниеде ең ащы не?
-дүниеде ең тәтті не?
-Әрине, ол тіл.
Ендеше, балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Тілден артық қазына жоқ».
2. Мына сызбаны толтырайық!


ТІЛ


2. Мәтінмен мұқият танысып, тапсырмаларды орындаңдар!
Қазақ тілі қазір мемлекеттік тіл. Ол ұрпақтан – ұрпаққа қатынас құралы ретінде қызмет етіп келеді. Қазақ тілі түркі тілдеріне, оның ішінде қыпшақ тобына жатады. Қазақ тілі барынша дамыған, бай, көркем тіл. Қазақстан Республикасының барлық тұрғындары мемлекеттік тілді меңгеруі, білуі керек. Бүгінгі күні кешегіден жарқын, себебі қазақ тілін меңгерушілер көп.
Тілді білу, халықты, тарихты сыйлау. Тіл – халықтың, ұлттың жаны. Тілді құрметтей білу керек. Қос тіл – қос қанатың. Неше тіл білсең, сен сонша рет адамсың. Қазіргі заманда полиглот болу өмір талабы.
Мәтінге байланысты тапсырмалар.
3-деігей: Мәтіндегі сан есімдерді теріп жаз, олармен сөйлем құрастыр.
2-деңгей: Мәтіннен антоним, синоним сөздерді теріп жаз, мәтінге жоспар құрастыр.
Деңгей: мәтінге тірек сызба құрастырсыз, сұрақ құрастыр.
Кестені толтырыңдар.
Қазақ тілі қандай тіл, қай тілдер тобына жатады. Полиглот болу үшін не істеу керек?
1.
2.
3.
4.
5.
6. 1.
2.
3.
4.
5.
6.
Мына мақалдарды толықтырып көрейік.
Өнер алды - ...
Басқа пәле - ...
...- көңілдің кілті.
... – жоқ жерде, ұлт жоқ.
3. «Тіл» сөзіне фонетикалық талдау жасаңдар.
4. Сенің отбасыңның мүшелері неше тілді меңгерген, зертте, кестені толтыр.
Аты-жөні Қазақ тілі Орыс тілі Ағылшын тілі Неміс тілі Тағы басқа тіл
Әкем
Шешем
Қарындасым
Ағам
Апам
Мен
Інім
5. Қос тілге байланысты Венн диаграммасын сыз.
Қазақ тілі орыс тілі

6. Мына қанатты сөздерді, қай оқушылар тезірек екі тілде айтады екен?
1.Игі істің басы – тіл,
Тәрбие басы –тіл.
2. Тіл аспап сияқты, оны жақсы білу керек, оны жақсы меңгеру керек. (М.Горький)
3.Неше тіл білсең, сен сонша рет адамсың.
Начало доброго дела – язык,
Начало воспитания – язык.
Язык как музыкальный инструмент, его надо хорошо знать, им надо хорошо владеть.
Сколько языков знаешь, столько раз ты человек.
-балалар, енді осымен сабағымызды қорытындылайық. Ол үшін сендер менің сұрақтарыма жауап беріңдер.
Меніңше, менің ойымша, менің түсінігім бойынша, менің білуімше деген сөздерді қолданып жауап беріңдер.
-Тіл ұлттың несі?
Қай тіл біздің елде ресми тіл болып саналады?
-Тілден артық қазына жоқ, тілден артық қасиет жоқ, кімнің сөзі?
Үйге тапсырма. Тілден артық қазына жоқ « тақырыбына әңгіме құрастыру.
Сабақ аяқталды.
Кустовое негізгі мектебі
Қазақ тілінен ашық сабақ.
Тақырыбы:
«Тілге құрмет – елге құрмет»
Мұғалімі: Умарова Н.С.
2015 жыл