Жігіт с?лтаны атты сыныптан тыс іс-шарасыны? жоспары
Тақырыбы: «Жігіт сұлтаны»
Мақсаты:
Оқушыларды Отансүйгіштікке, мәдениеттілікке, әдептілікке, жауапкершілікке, төзімділікке тәрбиелеу.
Оқушылардың бойында алғырлық, зеректік, тапқырлық қасиеттерін қалыптастыру.
Көрнекілігі: сайыстың тақырыбы жазылған плакат, қанатты сөздер, шарлар.
Жоспары:
Сәлемдесу.
Таныстыру.
Сандуғаш өз өлеңін оқиды.
Ән – көңілдің ажары.
«Жалынды жастар» коммандасының қойылымы.
Он саусағынан бал тамған (шаш өру)
«Жалынды жастар» коммандасының қойылым қояды.
Он саусағынан бал тамған (түйме тағу).
Ербол өз өлеңін оқиды.
Он саусағынан бал тамған (картошка тазалау)
«Жалынды жастар» коммандасы өнерлерін ортаға салады.
Оқушылар әкелерімен өз өнерлерін көрсетеді.
Инабат өз өлеңін оқиды.
«Күш атасын танымас» (кеудеден итерілу, секіргіштен секіру, кенгуру)
«Жалынды жастар» коммандасы өз өнерлерін ортаға салады.
Ұлттық дәстүрді білесің бе?
Барысы:
Жүргізуші: «Армысыздар құрметті жиналған қауым! Бүгін біз жас батырларымыз өз өнерлерін ортаға салатын «Жігіт сұлтаны» сайысын тамашалау үшін жиналдық.
Бұл сайыс халықаралық әйелдер мерекесіне орай, ұлдардың қыздарға арналған тартуы ретінде ұйымдастырылып отыр.
Құтты болсын аналардың мейрамы,
Жарқыраңдар жаз күніндей жайдары,
Мерекесі бұл көктемнің алғашқы
Бақыт берсін әр көктемнің айлары.- дей келе, алдымызда келе жатқан 8 наурыз мейрамымен барша әйелдер қауымын құттықтаймыз! Сіздерге сыр бермес денсаулық, ұзақ ғұмыр, бақытты өмір, отбасыларыңызға амандық пен қуаныш тілейміз!
Ал енді «Жігіт сұлтаны» сайысы басталмастан бұрын Мемлекеттік Әнұран орындалады.
Сөз кезегі мектебіміздің директоры Алтынжан Тіржанқызына беріледі.»
Жүргізуші:
«Шалқытып мерекеде ән салайық,Өнерпаз өрендерге тамсанайық.Әділдік пен шындықты арқа тұтқанӘділқазы алқасымен танысайық.
Сайысымыздың ең басында біз әділқазылар алқасын сайлап алайық.
Бірінші бөлімде оқушылар ортаға шығып өз сәлемдестірулерін айтып береді.
Сайыстың екінші бөлімінде оқушылар өздерін таныстырады.»
«Әдет - ғұрып, салт – дәстүрі қазақтың,
Жарасымды үйлесімді ғажап шын.
Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,
Насихаттап, жаңартудан қашпайық. –деп, кезекті «Ұлттық дәстүрді білесің бе?» бөліміне береміз. Бұл бөлімде оқушыларға қазақтың ұлттық салт-дәстүріне қатысты сұрақтар қойылады:»
Шашу деген не?
Ерулік.
Шарғы.
Қазақша жыл қайырып көріңіз.
Кіндік шеше деген кім?
Бесікке салу.
Асық ойыны.
Шілдехана.
Қыз қуу.
Тұсаукесер.
Беташар.
Қыз көші.
«Шашу - жақсылық күндерде, келін түскенде,алыс сапардан жолаушы келгенде, құда келгенде немесе зор қуанышты күндерде әйелдер құрт, кәмпиттен, теңгеден салтанатты дәстүр жасайды.»
Ерулік - ауылға жаңа көшіп келген отбасын құрметтеп қонаққа шақыру. Олар жаңа ортаға тез үйреніп кетулері үшін, жаңа келген қоныстанушыларға қажеттеріне қарай көмек көрсетеді: отын, су, т. б. Бұл адамдардың достығын күшейтеді, қоғамға белсенділігін, бірліктерін, қарым - қатынастарын жақсартады. Бұлда қазақ халқының көп дәстүрлерінің бірі.
Шарғы ұзатылған қыз өзіне таяу сіңлісіне басына тартатын орамалын береді. Бұл ендігі кезек сенікі деген сөз.Қазақша жыл қайыру: тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз.
Кіндік шеше - қазақтың салтындағы үлкен бір сыйлы ана, мол каделі әйел «кіндік шеше» болып табылады. Туыт үстінде баланың кіндігін кескен әйелді «кіндік шеше» деп атайды. Қазақтар екінің бірі, егіздің сыңарына баланың кіндігін кестіре бермейді, қол-аяғы жеңіл, ауылда, ел ішінде беделі бар, мінезі жайраң қаққан, ақ еділ аналарға ғана кестіреді. Өйткені бала кіндік кескен адамға тартады, кіндік апасы қандай болса, балада дәл сондай болады деп ырымдайды. Кіндік жолын алған әйел балаға ит көйлек әкеп кигізеді. Бала қырқынан шыққанша қарап, тамақ жасап беріп көмектеседі. Әуелі үлкен азамат болғанда, азамат боп толғанда да кіндік апасын құрметтеп, кадесін өтеп жүреді. Кіндік апасына мал береді, киіт кигізеді.
Бесікке салу — нәрестені алғаш бесікке бөлеу рәсімі. Бесікке саларға шақырылған ауыл-үйдің әйелдері шашуын, жол-жоралғысын ала келеді. Баланы алғашқы бөлеу үлгілі ұрпақ өсірген қадірменді әйелге тапсырылады. Ол өзінен басқа тағы бір-екі келіншектің көмегімен бесікті жабдықтайды, сәбидің әжесі не шешесі түбектің тесігінен балаларға тәтті үлестіреді. Осыдан кейін бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Бесікке салған әйелдерге көйлек, жаулық сияқты сый тартылады. Үлкендер батасын беріп, баланың ер жетуіне, ананың үбірлі-шүбірлі болуына тілектестік білдіреді,және бесік жыры айтылады.
Асық ойыны — қазақ халқының дәстүрлі ойыны. Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналады. Күндізгісі – мергендікке, түнгісі – ептілікке баулиды. Иіргенде түскен қалпына қарай асық – алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арнап арнайы қорғасын құйылып жасалғаны – сақа, жақсылары – оңқай аталады. Асық ойынының мынадай түрлері бар: құмар,тәйке,омпы, алшы, хан (хан ату), қақпақыл, т.б. Мысалы, құмар ойынға 2 – 4 адам қатысады. Олардың жақсы жонылып, табаны қайралған төрт асығы болуы керек. Ойыншылар өзара келісіп жеңімпазға жүлде тағайындап алады да кезек-кезек төрт асықты иіреді. Егер иіруші: төрт бүк, не төрт шік, не төрт алшы, не төрт тәйке түсірсе, жүлденің жартысын алады, төрт асық төрт түрлі түссе, онда тігілген жүлдені түгелдей алады. Осылайша ойын жалғаса береді. Асықты мұртынан не жамбасынан тұрғызуды омпы дейді. Омпы ойыны тегіс алаңда, жазық жерде, тіпті үлкен бөлме ішінде де ойнала береді. Ойыншы саны неғұрлым көп болса, ойын соғұрлым қызықты өтеді. Мақсат – көп асық ұтып алу. Ойнаушылар арасы 20 қадам екі көмбе сызады да көмбенің тең ортасына сызық бойына әрқайсысы екі асықтан тігеді. Тігілген асықтардың тап ортасына бір асықты омпысынан тұрғызады. Балалар кезек-кезек сақаларымен он қадам жердегі омпыны атып түсіріп, асық ұтып алуға кіріседі. Егер атушы омпыға бірден тигізсе, онда тігілген бар асықты сол алады, ал омпыға тигізе алмай, тұрған асықтардың біреуіне тигізсе, сол асықты ғана алады. Асық жаңартыла тігіліп, ойын жалғаса береді. Асық ойынының халық арасына кең тараған, басқа да түрлері бар.
Асық ойыны қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойыны. Ұсақ малдың (қой, ешкі) асықты жілігінен алынған жұмыр сүйек - асықтай ойналады. Иіргенде түскен алпына қарай асық - алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арналған арнайы қорғасын құйылып жасалғаны- сақа, оң қолмен атуға ыңғайлысы - оңқай асық аталады.Асық ойынының мынадай түрлері бар: құмар, тәйке, омпы, алшы, хан (хан ату), қақпақыл, т.б.
Шілдехана – өмірге келген нәрестенің құрметіне жасалатын той. Мал шаруашылығымен айналысқан қазақ халқы адам өмірге келгеннен кейін, жақындарына сүйінші сұрап жаушы жібереді. Сүйінші хабарды жеткізгендер ұл туса – “ат ұстар” немесе “жылқышы”, қыз туса – “көйлек тігер”, “қырық жеті” немесе “сауыншы туды” деп хабарлаған. Одан кейін туған-туыстар, көршілер және алыс-жақын ағайындар Шілдеханаға жиналады да “бауы берік болсын” деп тілек айтып, шашу шашып келеді. Шілдехана мәні алғаш нәрестені жын-періден қорғап, “күзету” деген сенімге саяды. Сондықтан оны “Шілде күзет” деп те атайды. Бұл ғұрыптың түпкі мәні бала мен ананы тіл-көзден сақтау, жын-шайтандардан қорғау дегеннен туындаған. “Шіллә” (“чілле”) парсы “қырық” деген мағына береді. Дәстүрлі қазақ қоғамында бала үшін туылғаннан 40 күнге дейін қауіпті кезең саналған, оған дейін нәрестеге көп адамды жолатпай, бала мен анасын жақсылап күткен (қ. Қырқынан шығару). Әсіресе, жас нәресте жатқан үйде үш (кейде 40 күнге дейін) күні бойы шам жағылып, “күзетілген”. Кейіннен шілдехана ұлттық ойын-сауық кешіне айналған.
Қыз қуу — қазақ халқының өте көне ойындарының бірі. Ол республикамыздың халықтарының арасында кеңінен тараған ұлттық ат ойыны тобына жатады. Сонау ертеден келе жатқан спорт ойыны, ертеде «Қыз қашар», «Қыз қуалар» деп аталғаны болмаса, біздің заманымызға дейін оншама өзгеріссіз жеткенін атап өтуіміз керек. Бұл жарыс өзінің түрі жағынан біздің заманымыздан бұрын қандай болса, қазірде сол күйінде қалды. Сол заманғы тәртіп бойынша жарыс жігіт пен оның қалыңдығы арасында өткізілген (біздің заманымыздан бұрын VIII—VII ғасырларда Қазақстанның территориясын жайлаған кейбір рулардың арасында осындай тәртіп болған). Егер жігіт жарыста жеңілсе, ол өзіне қойылатын талапты ақтай алмағаны үшін оның қызбен некелесуге құқы болмаған. Ертедегі аңыз-ертегілерге қарағанда, қазақтарда тағы бір мынадай әдет-ғұрып болған. Осы әдет бойынша жарысқа екі рудың қыз бен жігіті түскен. Жігіттің жеңілуі оған салынатын айыппен қоса, өз руында еті тірі жігіт пен жүйрік атының жоқтығы үлкен кемістік болып табылған. Егер қыз жеңілген деп табылса, оның жағының келісімі бойынша, ешқандай қалыңсыз-ақ ол жеңген жігітке тұрмысқа шығады.
Тұсаукесер – сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым. Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Бұл ала жіп аттамасын деген ұғымнан шыққан. Сол жіппен баланың аяғын тұсап, оны жүріс-тұрысы ширақ әйелге қидырады. Сүріншек, жайбасар адамдарға баланың тұсауын кестірмейді. Тұсауы кесілген баланы қолынан ұстап жүгіртеді, шашу шашылады. Баланың ата-анасы тұсау кесушіге кәдесін береді. Тұсау кесу тойының негізгі жабдықтары 1,5 м ала жіп, өткір қайшы немесе пышақ. Тұсаукесердің жібін дайындаудың бірнеше түрлері, жолдары, сенімдері де бар. Көбейіп, көгере берсін деп көк шөптен есіп жасайды. Бай болсын деп малдың тоқ ішегінен де өреді. Адал болсын деп ала жіптен де жасайды. Тұсау кесу тойына ауылдың қыз-келіншектері, әжелер шақырылады. Ет асылып, шай қайнатылады. Тойға келгендер шашуға құрт, май, тәтті тағамдар, балаға ойыншық, асық, сылдырмақ, т.б. әкеледі. Бұдан кейін 2 – 3 жасар балаларды жарыстырып, күрестіріп, озғандарына бәйге береді. Балаларға өлең, жыр, тақпақ, жаңылтпаш айтқызады. Той тарқарда әжелер тойдан немерелеріне сарқыт деп қалталарына тәтті, бауырсақ, құрт-ірімшік салып алады. Тұсау кескен әйелге көйлек немесе аяқ киім сыйлайды.
Беташар — қазақтың келін түсіргенде жасалатын салтының бірі. Дәстүрлі беташар, әдетте, тойға жиналған халық тарқар кезде өткізілген.
Шымылдық ішінде отырған келіннің басына орамал жауып, той өтіп жатқан үйдің ең жақын, үлгілі келіндері екі жағынан қолтықтап алып шығады. Беташардың тәрбиелік мәні зор болғандықтан, келіншектің екі жағына тұратын әйелдер жесір, жеңілтек, т.б. болмауы қатаң ескеріледі. Орамалдың теңге түйілген ұшын домбыраның мойнына не таяқтың ұшына байлап, жырау беташар жырын бастайды. Ол шаңыраққа жаңа түскен келінге ата-енесін, үй-ішін таныстырады, қандай туысқандық жақындығы бар екенін, беделін, қадір-қасиетін шебер тілімен жеткізіп, әрқайсысына жеке-жеке сәлем жасатады. Сәлем алған адам жас келінге беретін сый-сыяпатын атайды. Мысалы, сол шаңыраққа жақын ауқатты туыстары құлынды бие, енді біреулері отауға тігетін киіз үй, т.б. берген. Дәстүр бойынша, жаңа түскен келінді беташар жоралғысы жасалмастан бұрын қыз-келіншектерден басқа ешкім көрмеген. Келіннің бетін ашушы жас келінді ауылдың ардақты адамдарына, күйеуінің ағайын-туыстарына таныстыру шумақтарын өзінше суырып салып айтуы шарт. Ол үшін жырау не ақын екі-үші күн (кейде 10 — 15) бұрын сол оттың басына келіп, дайындық жасаған. Үй иесі оның бет ашқан еңбегіне беретін сыйлығын (ат, түйе, бірнеше уақ мал, т.б.) алдын-ала атап қоятын болған. Егер оның айтқандары көптің көңілінен шықса, онда сол үйдің ең қадірлі адамы, туысы саналған. “Келіннің бетін кім ашса — сол ыстық” деген мәтел де осыдан туған.
Қыз көші-құда аттандырар кәдесі жасалғаннан кейін ұзатылған қыз шешесі, жеңгесі, жас іні, сіңлілермен бірге көлікке отырып жолға шығады. Қыз артта қалғандарға қарамауы керек. Құдалар алға түседі. Одан кейін шаңырақ түйе (қыз көші) жүреді. Тойшы жігіттер көш соңынан әсем киініп ән-күймен ереді. Былайша айтқанда көште ерекше салтанатты жарасымдылық болады. Қыз ауылынан бір көш жер шыққанша мұны «қыз көші» деп атайды. Одан әрі асқаннан кейін «келіншек көші» дейді. Келіншек көшінің келе жатқанын білетін жолдағы ауыл қыз-келіншектері, жастары «келіншек көшін» тоқтатып «түйемұрындық» алып, батасын беріп, «жол болсын» айтып шығарып салады.
Қорытынды:
Өнер - білім серігің, адам - атың,Болашаққа сеніммен бара алатын.Осыменен сайыс та тамам болды,Бәрін аман болыңдар, жамағатым! – дей келе, бүгінгі «Жігіт сұлтаны» сайысын аяқтаймыз. Қатысушыларға үлкен алғыс айтамыз! Сау болыңыздар!
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы
Егінді-Ағаш орталау мектебінде өткізілген
«Жігіт сұлтаны» сайысында
“Жез таңдай әнші” номинациясы бойынша
_________________________________________
МАРАПАТТАЛАДЫ
Мектеп директоры Казкеева А.Т.
2015 жыл
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы
Егінді-Ағаш орталау мектебінде өткізілген
«Жігіт сұлтаны» сайысында
“Өнегелі отбасы” номинациясы бойынша
_________________________________________
МАРАПАТТАЛАДЫ
Мектеп директоры Казкеева А.Т.
2015 жыл
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы
Егінді-Ағаш орталау мектебінде өткізілген
«Жігіт сұлтаны» сайысында
“Күш атасын - танымас”
номинациясы бойынша
________________________________
МАРАПАТТАЛАДЫ
Мектеп директоры Казкеева А.Т.
2015 жыл
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы
Егінді-Ағаш орталау мектебінде өткізілген
«Жігіт сұлтаны» сайысында
“Он саусағынан бал тамған”
номинациясы бойынша
_________________________________________
МАРАПАТТАЛАДЫ
Мектеп директоры Казкеева А.Т.
2015 жыл
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы
Егінді-Ағаш орталау мектебінде өткізілген
«Жігіт сұлтаны» сайысында
“Салт-дәстүрін – ел бұзбас” номинациясы бойынша
_________________________________________
МАРАПАТТАЛАДЫ
Мектеп директоры Казкеева А.Т.
2015 жыл
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
АЙЫРТАУ АУДАНЫ
ЕГІНДІ-АҒАШ ОРТАЛАУ МЕКТЕБІ
Өткізген: Кожабеков М.Д.
Ахметова К.Т.
2014-2015 оқу жылы