Внеклассное мероприятие для начальных классов с казахским языком обучения на тему ?аза? тілі — мені? тілім
Тақырыбы: Қазақ тілі- менің тілім.Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой- өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу.Әдісі: әңгімелесу, сұрақ – жауап. Көрнекілігі: нақыл сөздер, ойын тапсырмалар.
Барысы:
Мұғалім сөзі: Қайырлы күн! Құрметті ұстаздар, оқушылар!« Қазақ тілі – менің тілім» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Мемлекетіміз тәуелсіздік, ана тіліміз мемлекеттік мәртебе алып, көптен күткен арманымыз орындалды.
Ия, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрлері, тіл ерекшелігі болады. Біздің ұлттық тәрбиеміз ананың сүті, ананың әлдиі, ананың тілінен бастау алады. ҚР- ның Президенті Н.Ә.Назарбаев ел халқына жолдауында « Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі», « Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген болатын. Мемлекеттік тілді білу, үйрену, дамыту баршамыздың міндетіміз және әркімге парыз саналады.
Айгерім: Тілім менің!
Тілім үшін мың өліп, тірілді елім,
Аралыммен арыммен қатар қойып,
Тілді қорғау –парызым бүгін менің,
Алтынай: Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Қазақ тілін білмеу қандай заңдылық,
Өсер балаң байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.
Санжар:Қазақ тілің-Атаң, Анаң,
Қуат алар Отан да одан.
Дүниеде ешбір асыл
Тең келмейді қатар оған.
( Оқушыларды топқа бөлу)
Сайыскерлеріміздің білімін таразылап, өнеріне баға беруші әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Бекжанова Сайран Кабдоловна
Сатимова Ажар Каноновна
Кульманова Мадина Сагадатовна
1-сайыс: « Кім тапқыр» (викториналық сұрақтар). Енді біздің оқушылардың мемлекеттік тілді қалай меңгергендігін викториналық сұрақтарға жауап беру арқылы сынап көрейік.
Викториналық сұрақтар:
1. ҚР қашан тәуелсіздік алды? (1991 ж. 16 желтоқсан).
2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров).
3. Қандай ұлттық тағамдарды білесің? (қазы-қарта, жал-жая, бесбармақ, қымыз, шұбат).
4. Күй атасы кім? (Құрманғазы).
5. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (түркі тілдес).
6. Абайдың туған жылы? (1845).
7. Ақылды сөзінің түбірі? (ақыл).
8. Ұлттық киімдер қалай аталады? (тақия, бешпент, қамзол, сәукеле, тон, ішік, кимешек т.б.).
9. Беташар қашан айтылады? (келін түскенде).
10. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін ата? (шілдехана, бесік той, тұсау кесу, құда түсу, келін түсіру, қыз ұзату т.б.).
Қазақ халқының салт-дәстүрінен хабар беретін кішкене сахналық көрінісімізді назарларыңызға ұсынамыз. Ол Бата беру рәсімі.Халқымызда батаны әдетте жасы үлкен, көпті көрген ақсақал қариялар береді.
Көрініс: Жас балалы келіншек ауыл ақсақалынан нәрестеге бата сұрай келеді. Келіншек:
-Армысыз, ата! Мына нәрестеге бата сұрай келдік.
-Ақсақал:
-Қолыңды жай, балам!
Нәрестенің бауы берік болсын.
Азамат болып ер жетсін.
Ақсақал болып төрлетсін.
Мінері болсын салмақты
Өнері болсын жан-жақты
Осы айтқанның бәрі кеп,
Алла берсін зор бақты! Әумин!
Сергіту сәті: Би «Қара жорға»
2-сайыс: « Мақал – мәтелдер сайысы». Келесі кезекте біздің оқушылардың қазақ тілінде мақал-мәтелдерді қаншалықты білетіндіктерін байқап көрейік.
Мақал-мәтелдер сайысы:
1. Тіл тас жарады, тас жармаса ... (бас жарады).
2. Дәлелсіз сөз ... (желмен тең).
3. Ине көзінен сынады, ... (шешен сөзінен сынады).
4. Піл көтермегенді, ... (тіл көтереді).
5. Сөз тапқанға ... (қолқа жоқ).
6. Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі ілім біл).
7. Шебердің қолы ортақ, ... (шешеннің қолы ортақ).
8. Қаһарлы сөз ... (қамал бұзар).
9. Бас кеспек болса да, ... (тіл кеспек жоқ).
10. Жыланның уы тісінде, адамның уы ... (тілінде)
3 –сайыс: « Сөзжұмбақ шешу».
топ:
-104140206375Берілген суреттерді пайдалана отырып, сөзжұмбақты шешіңдер.
А
Н
А
Т
І
Л
2 топ:
429260226060
1. Өмірдегі ең аяулы жан.
2. Киіз үйдің бір бөлігі.
3. Үй жануары.
4. Шаш тарайтын құрал.
5. Былтырғы жыл.
6. Ит тұқымы.
7. Облыс орталығы.
8. Қыздың көркі - …
9. Көктем айы.
А
Р
У
қ
Ы
З
Д
А
Р
Мұғалім сөзі: Қазылар орнықтырар әділдікті, Кімдердің жауаптары кәміл шықты. Білім мен тапқырлықтың сайысында, Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты, дегендей, сайыскерлерімізді бағалау үшін әділ қазыларымызға сөз берейік. Марапаттау рәсімі.- Құрметті ұстаздар мен оқушылар, « Қазақ тілі- менің тілім» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Тіл – әр ұлттың қайталанбас байлығы. Тіл бар жерде ұлт та, ел де, жер де болмақ. Тілден артық қазына, тілден артық қасиет жоқ екеніне тағы көз жеткіздік. Назарларыңызға рахмет. Сау болыңыздар