Г?лба?ыт:С?леметсіздер ме, ??рметті ?стаздар, о?ушылар, ата — аналар! Айнала ?оршап шыршаны Шашылар шашу жыр ?ні. Мынау ?сем шырша?а ?ош келді?дер балалар!- Сіздерді Жа?а 2017 тауы? жылымен ??тты?таймыз. Сіздерге жа?а жылда, жа?а табыс, ба?ыт тілейміз.


Фанфары:
Ханым:Уа, халайық жараңдар,Айналаға қараңдар!Жаңа жылдық бұл тойды,Салтанатқа санаңдар
Асылхан:Уа, халайық құрметті,Көмейіме жыр кеп тұрЖаңа жылды қарсы алып,Өткізейік бұл күнді
Мадияр:Уа, халайық той бүгінБақыт, шаттық мол бүгінҚарсы алайық Тауық жылдыҰзатып сап Мешінді.
ФанфарыГүлбақыт: Сәлеметсіздер ме, Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата - аналар!
Айнала қоршап шыршаны
Шашылар шашу жыр әні.
Мынау әсем шыршаға
Қош келдіңдер балалар!-
Сіздерді Жаңа 2017 тауық жылымен құттықтаймыз. Сіздерге жаңа жылда, жаңа табыс, бақыт тілейміз.Фанфары
Мекерекелік құттықтау сөзді:
Ауыл әкімі: Қанағат Тоқсейтқызына беріледі
Мектеп директоры: Сауыт Ж.Қ
Ән: Айманова Аяжанның орындауында : Қош келдің ортамызға
Қабыл алыңыздар.
Гүлбақыт: Балалар жаңа жыл мерекесін тойлауға қандай сөздер айтылады.
Ендеше ортаға сайқымазақтарды шақырайық.(Сайқымазақтар шығып, шармен билейді)
Гүлбақыт: Ал, енді балалар, бәріміз ортаға шеңбер құрап, Аппақ, аппақ әнін айтайық.
Гүлбақыт: О, халайық, жараңдар.Қилы - қилы заман бар.Мешін жылы әне жылыстап,Кетіп барады қараңдар.
(Мешін билеп шығады)
Мешін: Қуанышты ортамыз сазға ұласқанТілегім болсын мәңгі ашық аспан2017 жылыға қадам басқанГүлденіп көркейе берсін, Қазақстан.!Гүлбақыт: Құрметті достар! Бізге жақсылықтарымен толы болған. Мешін жылын қол бұлғап шығарып салайық.
Гүлбақыт:
Жаңа-жыл жаңа әннің тербелуі
Жаңа-жыл ақ арманның өрленуі.
Жаңа –жыл партадағы лүпілдеген,
Кішкентай шәкірттердің ержетуі.
Жаңа-жыл қайсарлық пен жүректілік
Баратын болашаққа білек түріп.
Біз жаңа жылдарға қол соғамыз
Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.
Ортаға, атақты биші қызымыз Гүлжанды шақырамыз.
Биші : Сәлем, достар. Жаңа жыл мерекесі құтты болсын!
Достар барлығымыз ортаға шығайық. Би билейміз бе?
Музыка ойнап, балалар би билейді
Түлкілер: Мен түлкімін, түлкімін
Әрі сұлу, әдемі
Бәрі менен қорқады,
Мен күштімін бәрінен
Мына шырша қандай әдемі, сендер де жана жыл болмайды. Мен сендердің шыршаларыңды , ойыншықтарыңды, кішкентай балаларды алып кетем. Хи-хи-хи
Гүлбақыт: Ой, балалар, біздің сыйлықтарымызды қайда?
Енді, не істейміз, жаңа жыл сыйлықсыз қалай өтеді?
Мыстан: Мен мына қудың сөзін естіп қалдым.
Түлкі: Апа, жіберіңізші, кешірші мені.
Енді олай істемейміз.
Сыйлықтарды орына қойғызады.
Мыстан: Балалар көмек керек болса мен дайынмын.
Мен кеттім. Сау болыңдар.
Гүлбақыт: Бұрыннан болған екен Аяз атаТосады екен балалар қысқы уақыттаАқшақарды Қасына ертіп алыпЖер бетін шарлайды екен дамыл таппайГүлбақыт: Бәріміз қосылып бар дауысымызбен Аяз ата мен Ақшақарды ортаға шақырайық Кәне бәріміз қол шапалақтап қарсы алайық!
Гүлбақыт: Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып
Келеді алыс сапарданАяз ата оралып.
(Аяз ата ақшақарымен бірге кіріп келеді.)
Аяз ата: Уа, жұртым, жиналған.Көңілдерің дүр маржанАйналайын ұлдарданАйналайын қыздарданАяз ата, АқшақарЖетті жолдан қиналғанЕштеңе емес барлығы,Алдымыздан күлді арманМықтылығым мәлім ғой.Өтіп кеткен жылдардан
Ақшақар: Амансыздар ма, балалар, ұстаздар, ата - аналар! Өздеріңді сағынып келдік. Жаңа жылдарың құтты болсын. Тауық жылы табыс жылы, береке, бірлік әкелсін. Тарихи жыл болсын.
Аяз ата: Бәрі үшін бақытты да қуанышты кезең болсын.Ақшақар: Мен сендермен жаңа жылды қарсы алғаныма өте қуаныштымын. Сіздер маған бір өнер көрсетіп бересіңдер ме?
Жұлдыздар тобының биін тамашалаңыздар
Аяз ата: Ойбай, жаңа жылдық мерекеңізге қанша балалар келген. Кім тақпақ айтса, кім өлең айтса, ал кім билесе, бәріне де сыйлығым бар. Қане, қайдасыңдар? Ақшақар маған көмектеседі.
2 - жүргізуші: Ар бол, Жаңа жыл!Бар бол, Жаңа жыл.Қадамың құтты болсын, Жаңа жыл.Бейбітшілік жылы бол, Жаңа жыл. Құт - береке жылы бол, Жаңа жыл.
Тауық музыка.Тауық: Сәлеметсіздер ме? Кешіккен жоқпын ба? Мен сондай асықтым, сондай жүгірдім. Кешігем деп қатты қорықтым. Менің ең жақсы қасиетім – шапшаңдығым.
Тауық: Мен дағы бір қонақпынОн екі жылда ораларҮлкендерге ақ ниетСіздерге мың рахмет.Ақшақар: Қош келдің Жаңа жыл.
Аяз ата: - Ал, айналайын Жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін! Мынау менің ұлдарым мен қыздарым, мынау халайық бір өзіңе аманат. Он екі ай бойыбағып - қақ. Жақсы жыл бол, дария нұр бол, Жаңа жыл!
- Ал енді Ақшақар біз кетпестен бұрын бүлдіршіндеріміз бізге тағы не әзірледі екен соны көрейік.(Хормен шыршаны айнала « в лесу родилас ельчка» әні орындалады )- Жаңа жылдарыңмен достар!
Аяз ата:
Шанамызға мінейік Ақшақар.
Алда барар ауыл бар,
Жыл қуантсын баршаны.Ақшақар: Жаңа жылда сіздердің барлығыңызға жақсылық тілеймін.
Гүлбақыт: Қане балалар аяз атаны шығарып салайық!
Барлығы: Қош бол, Аяз ата, Ақшақар! Аяз ата, Ақшақар!
Біз тілейміз жаңа жылдың шаттығын
Біз тілейміз Ақшақардың пәктігін.
Ардақтаймыз ақ армандай ойларды,
Аялаймыз ару құстың ақ таңын.
Өтсін солай жаңа өмірдің күндері
Шарпылмасын жүректердің мұң лебі,
Жарқылдасын жаңа жылдың оттары
Таусылмасын жаңа жылдың дүрмегі. Міне, Қымбатты балалар, бірлесіп, достасып өткізген мереке қашанда қуанышты өтеді. Достық, бірлік бәріне де жеңеді. Аспанымызбұлт торламасын, аспанымыздағы күніміз сөнбесін!Барлық жандар бір тілекке қосқан үнБақытты боп бастады жыл дастанынҚуанышпен келді той боп Жаңа жылҚұтты болсын Жаңа Бақыт достарым!..
Ендігі сөз кезегін ауыл әкімімен мектеп директорына беріледі.