Эссе «Милая и добрая» (bellt et douce) Франция


Менің педагогикалық ұстанымым: мәні,құндылықтары,басымдықтары
/эссе/
Мен, «Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім»-деген Стронгтың сөзін өзіме ұстаным ретінде алып ,қызмет атқарып келемін. Іс -тәжірибемдегі өзгерістерді басқалармен бөлісе жұмыс жасай отырып, оқушылардың қызығушылығына қарай тапсырмаларды дайындаймын. Мұндай тәсіл оқушының өзіне деген сенімділігін арттырды және сабақтарға белсенді қатысуына жағдай туғызды. Осылайша, оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбінесе сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды. Сондықтан мұғалімде Шульманның «үш көмекшісі» деп аталатын қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту жақсы болып саналады. Оқытудың сапалы және табысты болуы белгілі бір деңгейде мұғалімнің қалыптасып отырған жағдайларға бейімделе алуына тығыз байланысты екендігін байқадым. Оқушыларыма териялық білімдерін күнделікті өмірмен байланыстыруына тапсырмаларды көп беретін болдым, осы арқылы балалардың өз бетімен ізденуі артты және бұл ата-аналардың балаларының тапсырмаларын бірігіп орындауына жағдай туғызып, ата-аналармен байланысым жақсарды.
Топтық жұмыс оқушыларға бір - бірінен қалмау үшін білімге бәсекелестік туғызса, ал сабақта сөйлемейтін оқушы топта сөйлей бастаса, кейбір оқушыдан көшбасшылықты да аңғаруға болатынына көзім жетті. «Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады.»-деп ағылшын ағартушысы Уильям Уорд айтқандай оқушылардың шабытын оятуға байланысты жеке –дара тапсырмалар дайындау арқылы оқушыға бағыт бағдар бере отырып сыни ойлауға жетеледім. «Сыни тұрғысынан ойлау дегеніміз - бұл сынау емес, ойлау туралы ойлану» - деген Флейвел сөзімен айтқанда оқушыны сабақ айтпас бұрын ойлануына уақыт беруіміз керек,сонда бала өзінің білімін толыққанды көрсете алады.
Іс -тәжірибе бaрыcындa топтық жұмыcтaр aрқылы бiр–бiрiмiздeн көп нәрce үйрeнугe дe, үйрeтугe дe болaтынынa көзiм жeттi жәнe олaр бiздiң оқушылaрды тaбыcты оқытуымызғa оң әceрiн бeрeтiнiн дәлeлдеуде. Мен өзімнің ой толғауымды «Басқаларды үйрете отырып, біздің өзіміз де үйренеміз.» - деген Сенеканың сөзімен аяқтай отырып,барша ұстаз қауымына еңбектеріңіздің жемісі - оқушыларыңыздың жұлдыздай жарқырауына шын жүректен тілектеспін.