АЛГОРИТМ Ж?НЕ ОНЫ? АТ?АРУШЫЛАРЫ САБА? ЖОСПАРЫ


Сабақ №8
Сыныбы: 6 А, 6 В, 6 Г
Мерзімі: 6В,Г/22.10/, 6А/24.10/
Пәні: информатика
Информатика пәні мұғалімі Д.Джумаканова
Тақырыбы: Алгоритм және оның атқарушылары. Алгоритмді жазу пішімі, блок-схемалар
Мақсаты: Алгоритм дегеніміз не?- алгоритмнің атқарушы командалары туралы жалпы білім беру.
Білімділігі: Оқушыларға қауіпсіздік ережесін, компьютер сыныбында өзін-өзі алып
жүру ережелерін қайталата отырып, «алгоритм» ұғымы, алгоритмнің орындалуы, жазу пішімі, блок-схема түрінде көрсете алуы, алгоритм қасиеттері туралы толық мағлұмат беру;
Дамытушылық: «Алгоритм» ұғымы және оның қасиеттеріне мысалдар келтіре отырып оқушылардың логикалық ой-өрістерін дамыту;.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, топпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу және эстетикалық талғамы мен ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: алгоритм деген не екенін біледі; блок-схема түрінде көрсете алады;
Ресурстар: сенсорлы тақта, интернет, оқулық, маркер, стикер, фигуралар, А4 қағазы, слайд, бағалау парағы
Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекетіРесурстар
Сабақтың басталуы1.Кіріспе.
2.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу.
Оқушыларды түгендеу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. «Қызыл өрік» би - жаттығуы
Топқа бөлу . «Мозайка». 2 топқа топтастыру Мұғаліммен сәлемдесу.
«Қызыл өрік» би – жаттығуын жасайды.
«Сканер, принтер» сурет қиындыларын құрастыру арқылы 2 топқа бөлінеді. монитор, колонка
сурет қиындылары
Үй тапсырмасын пысықтау.
«Ғажайып жетілік»ойыны арқылы сұрақтар беремін.

«Ортақ тұжырым» тәсілі бойынша үйге берілген тапсырманы топта ауызша талқылауға нұсқау беремін.
Топты бағалауға нұсқау беру. Слайдтағы 7 санның артына жасырылыған сұрақтарғы жауап беру. Жекелей тапсырмаОқушылар үй жұмысы бойынша берілген тапсырмаларды алдымен жұпта, содан соң топта талқылайды, баяндамашы жауап береді.
Топты бағалайды фигуралар арқылы. Слайд
фигуралар
Сабақтың ортасы
5минут
13минут
2 минут
10 минут Негізгі бөлім.
Сабақтың мақсатын түсіндіремін. Презентация арқылы жаңа сабақтың материалымен таныстырамын.
«Топтық зерттеу» әдісін қолдана отырып, оқушылардың жаңа тақырыпқа қатысты көрсетілген слайдтан түйгендерін және ресурстан пайдалана отырып, сұрақтарды флипчартқа түсірулеріне нұсқау беремін.
Топты бағалауға нұсқау беру.
Сергіту сәті. «Қара жорға» биі
Жаңа сабақты бекіту
Есептерге алгоритм құруға нұсқау беру. Жекелей тапсырма Оқушылар оқушы мониторы арқылы жаңа сабақтың материалын көріп бүгінгі тақырыптың мән-мағанасын өздері ашып береді.
Әр топ тақырыпты талқылап, түйінді идеяларын маркер арқылы флипчартқа түсіреді. Оқушылар өздігімен мазмұн мен тапсырма орындаудың форматын таңдайды, ақпарат жинастырады, оларды талдап, бағалайды. Топтар бір-біріне сұрақ қояды.
Топты бағалайды фигуралар арқылы.
Монитордан көрген «Қара жорға» биіне билейді
Жұмыс дәптерлеріне, тақтаға есептерге алгоритм құрады. слайд
ресурс
флипчарт, маркер
Фигуралар
бейнеролик
тақта
Сабақтың аяқталуы3 минут2 минут
Қорытынды.
Алған білімдерін тексеру үшін
бір-біріне Миға шабуыл сұрақтары арқылы диалогтік қарым-қатынас жасауына нұсқау беремін.
Бір-бірін бағалауға нұсқау беру.
БББ стратегиясы бойынша алған білімін бағалау үшін ,стикерге жаздырып тақтаға ілуіне нұсқау беру.
Үйге тапсырма: Алгоритм және оның атқарушылары
Жиынтық бағаны өзім қоямын. Сұрақ,қайта сұрақ арқылы бір-бірімен диалогтік қарым-қатынас жасайды.
Өзара бірін-бірі бағалау.
Білемін, Білдім,Білгім келеді деген сұрақтарға өз ойларын жазады.
Үй тапсырмасын белгілеп алады.
Топ басшылары бағалау парағын әкеліп береді. стикер
Стикер.
Бағалау парағы
Қорытынды бағамдауҚандай нәрсе табысты болды? Қандай нәрсе сабақты жақсарта алды?