Саба?ты? та?ырыбы: Алгоритмді жазу пішімі, блок – схемалар.


Сабақтың тақырыбы: Алгоритмді жазу пішімі, блок – схемалар.
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: алгоритмнің қасиеттерін, жазу ережелерін түсіндіріп, блок – сызбалармен таныстыру
Дамытушылық: ойлау, есте сақтау қабілетін дамытып, өз бетімен жұмыс жасауға үйрету.
Тәрбиелік: ұқыптылыққа, жауапкершілікке, өз ойын еркін жеткізуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілі: топтық, жеке
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Көрнекілік: дербес компьютер, оқулық, тапсырмалар.
 
Сабақтың барысыҰйымдастыру кезеңіСәлеметсіңдер ме балалар! Кітап, дәптер, қаламсаптарымызды дайындайық.
Бүгін сабақта кім жоқ?
Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою
Бүгінгі сабағымызда алгоритмді жазу пішімдерімен, блок схемалармен танысамыз
Үй тапсырманы тексеру
Үй тапсырмасын орындау алгоритмі
Басы
Күнделікті аламыз
Үйге берліген тапсырманы қараймыз
Кітапты аламыз
Бетін ашамыз, тапсырманы табамыз
Дәптерді ашамыз
Тапсырманы орындаймыз
Дәптер кітапты сумкаға саламыз
Бітті
Жаңа сабақ
Алгоритмді әр түрлі формада ұсынуға болады. Алгоритмнің жазылу формалары көбіне орындаушыға тәуелді болады.
Алгоритмдер мынадай формалармен ұсынылады:
Сөздік формада
Графикалық
Алгоритмдік тілде
Программалау тілінде.
Сіздер орындаған үй тапсырмаларың қандай формада болды?
Алгоритмді ыңғайлы түсіну үшін графикалық әдіс қолданылады. Оны блок – сызба деп атайды.
Блок сызбада әр іс – әрекет фигуралардың көмегімен сипатталады. Алгоритмнің басы және соңы сопақша шеңбермен (эллипс) сипатталады. Іс – әрекет төртбұрышқа жазылады. Блок – сызбадағы барлық элементтер бір – бірімен нұсқармен (стрелка) байланысады, ол алгоритмнің орындалу бағытын көрсетеді. Енгізу және шығару мәліметтерді параллелограммға жазылады.
Екі санды қосудың блок – сызбасы
2025015-186690Басы
0Басы

2729865152400
1777365125730а,в енгіз
а,в енгіз

274891566675
189166559055С = а+в
0С = а+в

281559095250
169164030480С- ның нәтижесін есепте
0С- ның нәтижесін есепте

29394150
2320290167640соңы
0соңы

Жаңа білімді тиянақтау
Дәптермен жұмыс
Алгоритмді орындағанда не болатынын анықтаңдар.
Басы
Карындашты ал
Шаршылар бойынша диктант жаз: 1Ж,1О,3Ж,2С,3Ж,2О,1Ж,1О,3Т,1Ж,1О,2Т,1С,4Т,2О,1Ж,1О,1Ж,5С,2Т,2С
Алынған суретті аяқта
Қарындашты орнына қой.
соңы
 Қорытындылау
Бүгінгі сабақта біздің білгеніміз:
Алгоритм формалары
Блок - сызбалар
5.     Үй тапсырмасы
Оқулықтан §9 оқу, 9 тапсырманы орындау