Ашы? саба? Алгоритмдер.Алгоритмні? жазылу пішімі.Алгоритм типтері
Пән: Информатика
Күні: 17.11.2016 ж
Сынып: 6 «Ә» 2 топ
Сабақтың тақырыбы: Алгоритмдер. Алгоритмнің жазылу пішімі. Алгоритм типтері.
Мақсаты: «Алгоритм» түсінігін қалыптастыру. Алгоритмдерді сөз және графикалық түрде жазуды үйрету, алгоритм түрлерін түсіндіру
Оқушылар білуі тиіс: Алгоритмді жазу түрін, блок-сызбалар қызметін, алгоритмнің блок-сызба графикалық элементтерінің жазу түріндегі бұйрықтар сәйкестігін
Оқушылар үйренуі тиіс: Сызықтық құрылымды, алгоритмнің блок-сызбасын құруды, алгоритм типтерін
Күтілетін нәтиже: «Алгоритм» түсінігі қалыптасты,оқушылар алгоритмнің жазылу пішімін біліп қана қоймай ажырата алады
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Негізгі дереккөздер: Оқулық, таратпа қосымша материалдар, bilimland сайты, интернет ресурсы
Әдіс-тәсілдер: Топтық және жеке жұмыс, ішінара ізденіс
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
(3 мин) 1.Оқушыларды қарсы алу.
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Барша адамды құрметтеп
Сәлеметсіз ба дейміз біз.
2. Психологиялық ахуал тудыру.
Оқушылар көңіл-күйлеріңіз қалай?Бүгінгі ашық сабаққа дайынбыз ба?Егер сіздерде барлығы жақсы болса, онда сіздердің психологиялық дайындықтарыңызды бақылап көрейік....(Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру және сабаққа жұмылдыру мақсатында психологиялық дайындық өткізу) Балалар сіздердің алдарыңызда гүл сабағы. Бұл гүл сіздерге жетістік, жақсы көңіл – күй сыйласын, сондықтан осы гүл сабағын әдемі гүлдермен жандандырайық. Сәттілік тілеймін! Бұл түстердің мағынасын ашып берейін, осы түстерге қарап сіздер бүгінгі сабаққа қалай қатысасыздар соны байқайық.
Жасыл түс-бүгінгі сабақта жақсы жетістікке жетеді
Қызыл түс-өзіме жаңа мәліметтер жинаймын
Сары түс-белсенділік танытамын
3. Топқа бөлу (берілген суреттер арқылы 3 топқа бөліп аламын) және топ ережесін еске түсіру
4. Бағалау парақтарымен, сабақ барысымен таныстыру
Сабақ кезеңі Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
«Білу» теориясы
(5 мин) «Кім жылдам» әдісін қолданып өткен сабақты еске түсіреміз сәйкестендіру кестесі
ЭЕМ буындары Элементтік базасы
І буын (1946-1958) Электрондық лампалар
ІІ буын (1958-1964) Жартылай өткізгіштер, транзиссторлар
ІІІ буын (1964-1972) Интегралды сызбалар
ІV буын 1970 жылдан Микропроцессорлар
V буын, құру талаптары Болашақтың компьютерлері
Қарлы кесек әдісі арқылы оқушыларға қосымша 5 сұрақ қойылады:
1.Компьютерлік вирус дегеніміз не?
2.Вирустың кері әсерін жоятын программа қандай?
3.Қандай антивирустық бағдарламаларды қолданасыздар?
4.Бағдарламаны мұрағаттау дегеніміз не?
5.Мұрағаттау үшін қандай бағдарлама қолданылады?
Оқушылар орындарында отырып кестені толтырады және тақтаға шығып белгілеп жауап береді
Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою
(2 мин) Сабақтың мақсатын анықтау үшін экраннан суреттер көрсетіледі.
Оқушылар сабақтың тақырыбын анықтап болған соң мақсатын және міндетін қояды. Алгоритм түрлерін түсіну үшін топтарға тапсырмалар беріледі
Оқушылар суреттерді сипаттап сабақтың мақсатын және міндеттерін қояды.
«Түсіну» теориясы
(12-15 мин) Оқушыларға алгоритмдердің типтерін, блок-сызбаларды түсіндіріп топтарға тапсырмалар беріледі. Постер жасауға өз тарапымнан қосымша материалдар ұсынылады Оқушылар топтармен бірігіп алгоритм типтерін постерге толтырып қорғайды
1 топ-сызықтық алгоритм
2 топ-тармақталған алгоритм
3-циклдік алгоритм
«Қолдану» практикасы
(10 мин) 1 тапсырма: «Сурет сал» алгоритмі кестесін толтырамыз
Бұйрық номірі Алгоритмнің бұйрығы Бұйрықтың орындалу нәтижесі
1 Көк қарындашты ал Көк қарындаш қолда тұр
2 Шардың суретін сал Шардың суреті салынды
3 Шарды боя Шар көк түске боялды
4 Қарындашты орнына қой Көк қарындаш үстел үстіне қойылды
5 Соңы Алгоритм орындалды
2 тапсырма: Paint бағдарламасында блок-сызбаларды пайдаланып «Үй салу алгоритмі» құрамыз.
1. Қолыңа қара, сары, қызыл, көк, жасыл түсті қарындаштар ал;
2. Үйдің суретін сал;
3. Шатырын қызыл түске боя;
4. Қабырғасын сары түске боя;
5.Терезесін көк түске боя;
6. Есігін жасыл түске боя. Тәжірибелік жұмыс
«Сергіту сәті»
(1,5 мин) «Техник бағдарламашы» тақырыбында қызықты видеоролик көрсетіледі.
«Талдау» теориясы
(салыстыру, айырмашылығы, ұқсастығы, идеясы неде?)
(5 мин) Сабақты қорытындылау үшін тест тапсырмасын орындайды.
Тест жауаптары:
1 2 3 4 5 6 7 8
с в а д д в д а
Оқушылар тесттерін көршілерімен алмасып тексереді және берілген критерий бойынша
Критерийлер бойынша бағалау
(2 мин) Бағалау парағы
Тапсырма атауы мен реті Критерий Тапсырма үшін жалпы ұпайы
Үй тапсырмасына 5 дұрыс – 5 ұпай
4 дұрыс – 4 ұпай
3 дұрыс – 3 ұпай
2 дұрыс – 2 ұпай
1 дұрыс – 1 ұпай
Жауап бермедім – 0 ұпай
4
Жаңа сабақ постер қорғау: Тапсырманы толық орындадым – 5 ұпай
Тапсырманы жартылай орындадым – 3 ұпай
Тапсырманы орындамадым – 0 ұпай 3
Практикалық тапсырма Тапсырманы толық орындадым – 5 ұпай
Тапсырманы жартылай орындадым – 3 ұпай
Тапсырманы орындамадым – 0 ұпай 5
Бекіту. Тест тапсырмасы 1-2 қате болса «5»
3-4 қате болса «4»
5 қате болса «3» 4
Жинаған ұпай санын қосамыз тапсырма санына бөлеміз 16/4= 4 баға
Бағаларын күнделікке қойдырады
Үйге тапсырма
(1 мин) 10 тақырыпты оқу,тест тапсырмасы 67 бет Күнделікке үй тапсырмасын жазып алады.
Рефлексия
(2 мин) «БББ» кестесі қолданамын
Білемін... Білдім... Білгім келеді...
Оқушылар осы әдіс арқылы бүгінгі сабақты қорытындылайды
Қосымша тапсырма
(3 мин) Шығармашылық кезең – бүгінгі сабақта өткен жаңа сөздерді пайдаланып 1-2 шумақ өлең шығар. Оқушылардың қазақ тілге деген кызығушылығын арттыру Оқушылардың ойлау қабілеттерінің жылдамдығын көтеру, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру