Ашы? саба? Себеп-салдар салалас
Пән: қазақ тілі Сынып: 8 «А», 8 «Ә», 8 «Б» Күні : 16.01.2015 ж
Тақырып: Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем
Оқыту мақсаты Өзіндік оқу арқылы салалас құрмалас сөйлемдердің,ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем, оның жасалу жолдары туралы түсінік қалыптастыруы тиіс, тілдік талдау жасауға үйренеді.
Күтілетін нәтиже:
-себеп-салдар салалас, оның жасалуы туралы айтып бере алады;
- мысалдар келтіре алады;
- тақырып бойынша сұрақтар құрастырып, оған жауап бере алады;
-өзіндік ой-пікір айтуға дағдыланады;
-бірін-бірі тыңдауға, сұрақ қоюға жаттығады;
Модульдер
Әдіс –тәсілдер
1. Диалогтік оқыту, СТОҮ –«КРХ», «Зымыран»
2. Жас ерекшелігіне сай оқыту
3. ОүБ - топ жұмысын бағалау, кері байланыс «Өзгерістер туралы ойлар» әдісі»
4.Көшбасшы – топ жұмысын ұйымдастыру
Ресурстар 8-сынып оқулығы, бағалау парақшалары, кесте
Бағалау 1.Сұрақтарға жауап беру
2. Әр топ мүшесінің тапсырманы түсіндіре білуі
3. Әр топ мүшесінің өзіндік ой-пікір айуы
4. Ортақ шешімге келу
5. Қорытынды жасай алу
Алдыңғы білім Салалас құрмалас сөйлем. Себеп-салдар салалас сөйлем
Жоспар
Кезеңдер Мұғалім іс-әрекеті Оқушы әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі 1.Оқушыларға оқыту мақсаттары мен күтілетін нәтиже айтылады.
2. Оқушылармен амандасу. Сынып оқушыларын ұйымдастырып, сабаққа бейімдеу.
3. Топқа бөлу, спикер тағайындау.
Оқушылар сандарға байланысты топқа бөлінеді.
Қызығушылықты ояту
Мағынаны тану
-Қане, балалар, сабаққа дайындар“бір” шапалақ, сабаққа келгенімізге қуанып тұрғандар “екі” шапалақ, сабақты бастайық дегендер “үш” шапалақ ұрайық. Керемет! Шапалақ даусынан сендердің бүгінгі сабаққа ерекше дайындықпен келгендерің сезіліп тұр.
1-кезең: «Тақырыпты оқып түсіну» Салалас құрмалас сөйлемдер.
Себеп - салалас құрмалас сөйлем дегеніміз – құрамындағы жай сөйлемдерінің алдыңғысы соңғысының немесе соңғысы алдыңғысының себебін білдіретін сөйлем .
Жасалу жолы: жалғаулықсыз, жалғаулық шылаулар арқылы
Өйткені , себебі, сондықтан, неге десеңіз,сол себепті шылаулары
Оқушылар өздері оқып, түсінеді. Түсінбеген жерлерін бір – біріне сұрақтар қою арқылы түсінеді.
Оқушылар рет-ретпен сұрақтарға жауап береді.
Жеке жұмыс
«Зымыран» әдісі
«КРХ» әдісі
тапсырма: 103-104-жаттығулар
Оқушылар бір-бірінің жұмыстарын тексереді, сұрақ қояды, жауап береді, жауаптарын жазады.
Өзіндік ой-пікірлерін білдіреді.
Ой толғаныс «Менің сүйікті пәнім ......, себебі ...... » ойтолғаныс жазу. Оқушылар өз ойларын айтады.
Кері байланыс «Өзгерістер туралы ойлар» әдісі Үлестірмелерге жеке жұмыс
Бағалау
Бағалау (бағалау парақшасы). Өз-өзін, жұпты, топты бағалайды.
Үйге тапсырма 1.Ереже, 103-104-жаттығу,109 бет Мұғалім рефлексиясы
Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?