Урок на тему: Саба?тас ??рмалас с?йлем (8 сынып)
Қазақ тілі 8 сыныпТоқсан: ІІІСабақтың тақырыбы: Сабақтас құрмалас сөйлемСабақтың мақсаты:Білімділік: Сабақтас құрмалас сөйлем мен сабақтас құрмалас сөйлемді ажырата білу. Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолын меңгерту.Дамытушылық: Оқушылардың салалас құрмалас сөйлем мен салалас құрмалас сөйлемнің түрлерін ажырата білу және сөйлем мүшелеріне талдау дағдыларын дамыту.Тәрбиелік:: Адамгершілікке, ана тілін қадір тұтуға, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеуСабақ түрі: аралас сабақКөрнекілігі: кеспе қағаздары, слайдПәнаралық байланыс: әдебиетСабақ барысы:І Ұйымдастыру кезеңіОқушылармен сәлемдесу, сабаққа қатысын тексеру;Оқу құралдарын тексеру;Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;ІІ Үй тапсырмасын тексеруЗымыран сұрақтар:(Адай күйі)1. Құрмалас сөйлем дегеніміз не?2. Құрмалас сөйлемнің түрлерін ата3. Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?4. Салалас құрмалас сөйлемнің байланысу тәсілі қандай?5. Жалғаулық шылаулар түрін ата6. Ыңғайлас салалас дегеніміз не?7. Қарсылықты салалас дегеніміз не?8. Түсіндірмелі салалас дегеніміз не?9. Себеп - салдар салалас дегеніміз не?10. Талғаулы салалас дегеніміз не?11. Кезектес салалас дегеніміз не?ІІІ Үй тапсырмасын бекітуСемантикалық картаМысалдарМен үндемедім, бірақ өз пікірімде қалдым.Еңбек адамды көрікті етеді және ойды тазартады.Мен ол күні келмедім, себебі көлік жоқ еді.Кейде қар жауады, кейде боран тұрадыКүндіз олар өзіне жем іздейді, не өзінің басқаға жем болмауын көздейдіЖұрттың бәрі соған қарай дүрлікті: біреу қолын бұлғады, біреулері оның атын атап айғайлады.Құнанбай Ұлжан қасына отырды да, Мәкеш пен Абайдың жүзіне қарады.Шалабай ұзақ жүре алмас, үкімет құрығы ұзын.Мені жұмсаған жоқ, өзім келдім.Қорыққаны сонша – орнынан тұра алмай қалды.ІҮ Жаңа сабақтың мақсатын қою1. Тақтаға бүгінгі күнді жазамын.2. Міне, білімге құштар оқушылар, біз құрмаластың тағы бір түрімен танысқалы отырмыз. Күнделікті қолданып жүрген сөйлемдердің құрылымына зерделей қарап, құрамындағы жай сөйлемдердің байланысына мән беру, құпиясын ашу өздеріңе де ашу қызық болар. Сабақтас құрмалас сөйлемнің қызықты әлеміне қош келдіңіздер!Бүгінгі сабағымыздың мақсаты салалас құрмалас сөйлемді сабақтас құрмалас сөйлемнен ажыра білу және сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолын меңгеру болып табылады.Ү Жаңа сабақЖаңа сабағымызды әдебиеттің көрнекті өкілдерінің ауылдарына саяхат жасау арқылы жалғастырамыз.Олай болса «Абай» ауылына қош келдіңіздер!Құрамындағы жай сөйлемдерінің алғашқысы тиянақсыз болып, соңғысына бағына байланысқан құрмалас сөйлемнің түрін сабақтас құрмалас сөйлем деймізСабақтас құрмаластың құрамындағы бірінші сөйлемнің баяндауышы тиянаақсыз тұлғада келетіндіктен, ол өз бетімен жеке сөйлем бола алмай, келесі жай сөйлемге бағына байланысады.Мысалы: Таңертеңгі тұнық ауа енді мұнартып, кең даланы сұлу сағым басты.Машина жолда бөгелмесе, тура үш сағатта барып қаламыз.Хамиттер ерте тұрып аттанатын болғандықтан, жаңағы жай – күй айтысудан өзге әңгіме қозғалмады.Таңертеңгі тұнық ауа енді мұнартып,....Машина жолда бөгелмесе,....Хамиттер ерте тұрып аттанатын болғандықтан,....Кең даланы сұлу сағым басты.Тура үш сағатта барып қаламыз.Жаңағы жай – күй айтысудан өзге әңгіме қозғалмады.Сабақтас құрмалас сөйлемдегі баяндауышы тиянақсыз болып келген бірінші сөйлемді бағыныңқы сөйлем дейді. Ал баяндауышы тиянақты болып келген екінші сөйлемді басыңқы сөйлем дейді.Бағыныңқы сөйлем - құрмалас сөйлемнің бірінші жай сөйлемі тиянақсыз, сондықтан өз алдына бөлек айтуға келмейді.Басыңқы сөйлем - құрмалас сөйлемнің екінші жай сөйлемі тиянақты, өздігінен дербес айтыла береді.Сабақтас құрмаластың сызбасын былай көрсетуге болады.Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарының сызбасы