?аза? тілі. Кезектес салалас ??рмалас с?йлем (8-класс)


ШҚО,Аягөз ауданы,«Горный жалпы білім беретін орта мектеп»КММҚазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Алшынбекова Н.Ж.
Сыныбы:8
Сабақтың тақырыбы:Кезектес салалас құрмалас сөйлем.
Сабақтың мақсаты: а)білімділік: кезектес салаластың жасалу жолы туралы жаңа білім беру,кезектес салаластың құрамына енген жай сөйлемдердегі іс-әрекеттің кезектесіп келетіндігін,тек жалғаулық шылаулар арқылы байланысатындығын меңгерту; ә)дамытушылық:оқушылардың білім-білік,талдау,салыстыру дағдыларын арттыру,өзіндік практикалық әрекет ортасын қалыптастыру; түрлі тапсырмаларды орындау негізінде оқушының жеке тұлғалық қабілетін ашу; б)тәрбиелік: ана тілін сүюге,туған елін, жерін,тарихын құрметтеуге баулу, ізденімпаздыққа тәрбиелеу. Сабақтың типі:Жаңа білімді меңгерту сабағы Сабақтың түрі: Білім мен әрекет тәсілдерін кешенді қолдану Әдісі:Сұрақ-жауап,түсіндірме,жазба жұмыс,сатылай кешенді талдау,тест сұрақтары. Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта,слайдтар,сызба-кесте,таратпа материалдар Пәнаралық байланыс:Әдебиет Сабақтың өту барысы: Ұйымдастыру кезеңі. 1. «Қайталау-оқу анасы». Үй тапсырмасын тексеру. 114-жаттығу . Салалас құрмалас сөйлем түрлерін еске түсіру. 2.«Оқу инемен құдық қазғандай». Жаңа тақырып түсіндіру.Кезектес салалас құрмалас сөйлем 3.«Білім нәрі-кітапта». 115-жаттығу/ауызша/ «Өзіндік ізденіс-білім негізі» 116-жаттығу /жазбаша/
4.«Талдау-табыс кілті»/Берілген сөйлемдерге сатылай кешенді синтаксистік талдау/. 5.«Біліміңді байқап көр» /Сөйлемдердің сыңарын тап /. 6.«Қазақстан-мәңгілік ел» ойтолғау. 7.«Ізденген жетер мұратқа» /Сабақты бекіту.Тест сұрақтары / 8.Үй тапсырмасы 118-жаттығу. 9.«Жақсы білім іздеуден жалықпалық» Оқушы білімін бағалау.

1.Ұйымдастыру кезеңі 2. «Қайталау-оқу анасы». Үй тапсырмасын тексеру.114-жаттығу Салалас құрмалас түрлерін еске түсіру 3. «Оқу инемен құдық қазғандай». Жаңа сабақ түсіндіру . Кезектес салалас құрмалас сөйлем

№ МысалдарБайланысу тәсілдері1 Тереңде жатқан кішірек тұз көлі біресе күлімдеп бері шығады,біресе арнасының түбіне кетеді. Біресе жалғаулығы арқылы байланысқан2 Біржан бірде көп ырғақты«Жиырма бесті» созады,бірде кең тынысты «Жанбота»шығады. Бірде жалғаулығы арқылы байланысқан3 Кейде ол қапы кетеді,кейде мен қапы кетемін. Кейде жалғаулығы арқылы байланысқан4 Бақтығұл інісін біресе арқасына салып арқалады, біресе қолынан жетектеп жүрді.
біресе5 Бірде көк ала қамысты көлдер қалып жатыр, бірде сары ала жон белестер қалып жатыр. бірдеҚұрамындағы жай сөйлемдері арқылы берілген істің,оқиғаның кезектесіп келуін білдіретін құрмаластың түрін кезектес салалас құрмалас сөйлем деп атаймыз. Кезектес құрмаластың ерекшелігі құрамындағы жай сөйлемдер тек жалғаулық шылаулар арқылы байланысады.

3.«Білім нәрі-кітапта». 115-жаттығу/ауызша/
Төмендегі сөйлемдерде кейде,біресе, не жалғаулықты шылаулардың қайсысы жай сөйлемдегі бірыңғай сөйлем мүшелерін байланыстырып тұр?Қайсысы кезектес салаластың құрамындағы жай сөйлемдерді байланыстырып тұр?
1)Жай сөйлемдер:Кейде ашу,кейде айламен(қалай?) еп ойлады.Не қулық,не сұмдықпен(немен?) жұмысым жоқ(Шәкәрім).Жүргіншілердің оң жағынан,кейде сол жағынан (қайдан?)қар жамылған жалаңаш төбелер кездеседі(Ә.Н.)
2)Кезектес салалас:Баяу ескен жел бірде басылады,бірде толқып жасыл шөптердің бастарын ақырын ғана ырғайды(С.Сейфуллин).Хатты біресе кеудесіне қысады да,біресе оған мейірі қанбағандай бетіне басады.(Ә.Ә.)
4.Өзіндік ізденіс-білім негізі» 116-жаттығу /жазбаша/
Баяндауыштарды тиянақты етіп, сөйлемдерді салаластыра байланыстырыңдар.
Бірде ұрысты,бірде ақыл айтты, екеуін де кінәлі қылды.Біресе басымен үйді нұсқайды,біресе сақалымен шанада жатқан әйелді нұсқайды.Бірде ол ақтарыла салатындай жақын көрінеді,бірде салқын тартып алыстап кетеді.Аттардың дүрсілдері біресе оң жағына ойысқандай болды,біресе сол жағына ойысқандай болып отырды.
5.«Талдау-табыс кілті»/Берілген сөйлемдерге сатылай кешенді синтаксистік талдау/.
1.Күн бірде жарқылдады, бірде шартылдап үрей қалдырмады.
І кезең1)Хабарлы сөйлем 2)Құрмалас: 2 компонентті, кезектес салалас. 3) 1-жай сөйлем:жалаң,жақты,толымды 2-жай сөйлем:жайылма,жақты,толымсыз.
ІІ кезең
Күн жарқылдады-жалғау арқылы,қиысу,предикаттық қатынас,сөйлем.
Шартылдап үрей қалдырмады-орын тәртібі,жанасу,пысықтауыштық қатынас, етістікті сөз тіркесі.
2.Бірде желбіреген ақ сәулелі дала кездеседі,кейде қызыл бұйра тобылғылы адырлар ұшырасады,біресе көкала қамысты көлдер кездеседі.
І кезең
1)Хабарлы сөйлем
2)Құрмалас: 3 компонентті, кезектес салалас.
3) 1-жай сөйлем:жайылма,жақты,толымды.
2-жай сөйлем:жайылма,жақты,толымды.
3-жай сөйлем:жайылма,жақты,толымсыз.
ІІ кезеңЖелбіреген ақ сәулелі дала-орын тәртібі ,қабысу ,анықтауыштық қатынас,есімді сөз тіркесі.
Дала кездеседі-жалғау арқылы,қиысу,предикаттық қатынас,сөйлем.
Қызыл бұйра тобылғылы адырлар-орын тәртібі,қабысу,анықтауыштық қатынас,есімді сөз тіркесі.
Адырлар ұшырасады-жалғау арқылы, қиысу,предикаттық қатынас,сөйлем.
Көкала қамысты көлдер-орын тәртібі, қабысу ,анықтауыштық қатынас,есімді сөз тіркесі.
Көлдер кездеседі- жалғау арқылы, қиысу,предикаттық қатынас,сөйлем.
6.«Біліміңді байқап көр» /Сөйлемдердің сыңарын табу /.
( Сөйлемдердің әр сыңары таратылып беріледі, бір сыңары оқылғанда, екінші сыңарын келесі оқушы тұрып оқу керек.)
1).Жақсы дәстүр ұзақ өмір сүреді, кейінгілерге даңғыл жол болып қалады.
2).Дінмұхамед Қонаевтың дүниеден озғанына біраз уақыт өтті,бірақ халық өзінің ардақты басшысын ұмытпайды.
3).Бабамнан қалған асыл бар: ол- мынау жатқан кең байтақ жер.
4).Адам ымырт кезінде ұйықтамайды, себебі сол уақытта өлім мен өмір ауысады.
5). Кейде қабағы түксие қалады,кейде бет әлпеті күлім қағады.
6).Ол не жыларын білмеді , не күлерін білмей абдырап қалды.
7.«Қазақстан-мәңгілік ел» ойтолғау./бейнефильм көрсету/Мәтінде салалас құрмалас сөйлем түрлері болуы керек/
8.«Ізденген жетер мұратқа» /Сабақты бекіту./
1) Баламалы тест (иә-жоқ)
•Салаласа байланысқан құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты бір -біріне тәуелді болмайды.
•Салалас құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер сан жағынан тек екеу емес, одан да көп болуы мүмкін.
•Ыңғайлас салаластың «және» жалғаулығы ешқашан қайталанбайды.
•Себеп-салдар салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің орындарын ауыстыруға болмайды.
•Қарсылықты салалас жалғаулықтары түсірілсе, тек үтір қойылады.
•Түсіндірмелі салаластың аражігіне қос нүкте қойылады.
•Талғаулы салаласта екі жай сөйлем арасында немесе шылауы бір рет келсе, онда сөйлем арасына үтір қойылады.
•Кезектес салаластың құрамындағы жай сөйлемдер сабақтаса байланысады.
•Қарсылықты салаласты қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлемге айналдыруға болады.
9.Үй тапсырмасы / 118-жаттығу./ 10. Оқушы білімін бағалау. «Жақсы білім іздеуден жалықпалық, Білгенді,білмегенді анықталық. Ойынымыз аз болсын, Ойымыз көп , Оймен талап етпеген іс қоймалық!» (Шәкәрім)