Саба?ты? та?ырыбы:Н?тиже саба?.?аза?станны? белгілі ?алымдары. 10 сынып


Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ.Қазақстанның белгілі ғалымдары.
Сабақтың мақсаты:а)оқушыларға Қазақстанның белгілі ғалымдары туралы баяндап,нәтиже сабақ жүргізу.
ә)оқушылардың танымдық,білімділік деңгейін көтеру, ой белсенділігін дамыту,шығармашылық ізденістерге бағыттау,ауызша сөйлеу мәдениетін дамыту.
б)еңбексүйгіштікке,ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:нәтиже сабақ
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,әңгімелеу,түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі:сурет,кесте,топшама.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі.
2.Кезекшімен сұхбат.
3.Ой қозғау.(сұрақ-жауап әдісі арқылы)
4.Үй тапсырмасын тексеру.
Сөздік жұмысы.Тыңдалым.Айтылым.Жазылым.
Cөздікпен жұмыс.
А)Cөздер мен сөз тіркестерінің дұрыс айтылуын тыңдау,айтып үйрену,сөздік дәптерге жазып алу.
Ә)Жаңа сөздермен сөйлемдер құрастыру.
5.Шағын мәлімет.
Қазақстанның белгілі ғалымдары.
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев Арқаның сұлу төрінің бірі-(бұрынғы Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Ақкелін болысының 4-ші ауылында) қазіргі Павлодар облысының, Баянауыл ауданының Қ.И.Сәтбаев атындағы совхозында 1899 жылдың 30 наурызында (12 сәуір) Сәтбаевтардың үлгілі — өнегелі ауылында дүниеге келді.
1943 жылдан филиалдың төрағасы қызметін атқарды. Сол жылы Қ.И.Сәтбаев геология ғылымындағы үздік жетістіктері үшін КСРО Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, ал 1946 жылдан толық мүшесі (академик) болып сайланды. Ол сол кезде КСРО-ға кірген күншығыс республикалары халықтары өкілдерінен шыққан тұңғыш академик еді.1946 жылы 1 маусымда КСРО Ғылым Академиясының Қазақ филиалы негізінде Қазақ КСР-нің Ғылым академиясы (қазіргі ҚР Ұлттық ғылым академиясы) ашылуы республика өміріндегі аса көрнекті оқиға болды. Академияның түңғыш толық мүшелері болып 14 адам — Қ.И.Сәтбаев; М.О.Әуезов; Ә.Б.Бектұров; Н.Т.Сауранбаев т.б. бекітілді.Қаныш Имантайұлы Сәтбаев академия президенті ретінде ғылым мен өндірісті байланыстыруға, ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізуге үлкен мән беріп отырды.
6.Нәтиже сабақ.
1-тапсырма. Сызбаны толтырыңдар.
Ашық дауысты дыбыстар Қысаң дауысты дыбыстар
... ...
2. Сөздердің аудармасын табыңдар.
1) жаңалық а) внук
2) немере ә) считаться
3) ояну б) новость
4) есептелу в) просыпаться
3. Сөйлемді дұрыс құраңдар.
12345
Бардық, жазда, отбасымызбен, Бурабайға, былтыр.
4. Мына талдау дұрыс па?
Әкем – 1буын, 1 – ашық буын.
а) иә ә) жоқ
5. Өлеңді аяқтаңдар.
Менің әжем, ... ,
Ұл мен қыздың бағы ... .
6. Сенің жасың нешеде?
а) он екі ә) он екінші б) он екіде
7. Сен нешінші сыныпта оқисың?
а) алтау ә) алты б) алтыншы
8. Еріндік дауыстыларды белгілеңдер.
а) а, ә, е, э, ы, і, и ә) о, ө, у, ұ, ү б) а, о, ә. Ү, ұ
7.Бағалау.
8.Бекіту.
1.Қазақстанның белгілі ғалымдарын атаңдар.
2.Қ.И.Сәтпаев қай жылы дүниеге келді?
3.Ол қай жылы өмірден өтті?
9.Үй тапсырмасы.
Мәтіннің мазмұнын әңгімелеу.
10.Қорытынды.
Сабақ аяқталды.
Сау болыңдар.