Т?сіндірмелі салалас ??рмалас с?йлем
Пәні Қазақ тілі
Сынып 8 «Б»
Сабақтың тақырыбы: Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға жаңа ұғым, салалас құрмаластың түсіндірмелі түрін меңгерту.
Дамытушылық: оқушылардың түйсіну,түсіну,бекіту,практикада қолдану іс-әрекеттерін дамыту және негізгі мәселелерді бөліп ала білуге, ой қорытындысын, байымдау жасау қабілеттерін,ойлауы мен тілін,зейінін дамыту.
Тәрбиелік: өз құдіретін терең түсініп, орынды қолдана білуге, сыйлаcтыққа адамгершілікке, іскерлікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақСабақтың көрнекіліктері: сызбалар,нұсқаулық сызба,үлестірме тапсырмалар.
Сабақтың әдісі сұрақ-жауап, түсіндіру, оқу,жазу,талдау.
Сабақ барысы:
Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушының іс - әрекеті
1.Ұйымдастыру
Амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын, дайындығын тексеру, топтарға бөлу
Сергіту сәті: Сәлемдесу жаттығуы.
Амандасу, кезекші оқушы сабаққа қатысты мәләмдеу, оқу құралдарын тексеру.
Сергіту сәтіне қатысады.
2.Үй тапсырмасын
сұрау«Аукцион» оқыта үйрету ойыны арқылыСұрақтар
қояды. Қойылатын сұрақтарға жауап береді.
топ:
1.Құрмалас сөйлем дегеніміз не және ол нешеге бөлінеді ?2.Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
3.Салалас құрмаластың неше түрі бар?
4.Сабақтас құрмалас сөйлемдерді сабақтастан қалай ажыратамыз?
5.Аралас сөйлемнің ережесі қандай?
2 топ:
6.Және,да,де қай салалас жалғауы?
7.Жалғаулықсыз себеп-салдар мәнді сөйлемнің тыныс белгісі?
8.Қарсылықты салалас сөйлемнің баяндауыштары антоним және болымсыз формада жасалса қар.сал. аражігіне қандай тыныс белгісі қойылады?
9.Себебі,өйткені жалғаулық шылаулар қай салаласқа қатысты?
10.Бас болмақ оңай,бастамақ қиын.Қай салалас түріне жатады?
3. Жаңа сабақ.
Сілтеу есімдіктерін есімізге түсірейік.Құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысына нұсқап, ал соңғысыалдыңғы сөйлемнің мазмұнын ашатындай, талдап түсіндіріп тұратынқұрмаласты түсіндірмелі салалас дейміз.Түсіндірмелі салаластың жай сөйлемдері жалғаулықты шылаусыз,Іргелесе байланысады.Бірінші жай сөйлемде көбінесе сілтеу есімдіктері мен сілтеу мәнді сөздер болады. Олар: мынау, мынаны, сол, сонша, соншалық, сондай т. б.Түсіндірмелі салаластың ара жігіне қойылатын тыныс белгілеріҚос нүкте СызықшаСол, ол т. б. Сонша, соншалық, сондай1. Байжанның дағдылана алмай жүрген бір ғана нәрсесі бар еді: ол – Сырдария бойының маса - сонасы мен құрт - құмырсқа, бақа - шаяны деген сияқты шақпалы жәндіктері. (С. М.)2. Сіздерге айтар тілегім сол: мені ұшқыштың оқуына жіберіңіз. 1. Оның өлеңінің балаларға әсер еткендігі сонша – олар әлгі парыздан шалды көз алдында шын көріп тұрғандай болды. (Б. Соқп.)2. Адам баласы керуен сияқты – тоқтады, көшті де кетті. (Қорқыт)
Топпен жұмыс1 тапсырма 111 - жаттығу. Қос нүкте қойылған сөйлемдердің қайсысы түсіндірмелі, қайсысы себеп - салдар салалас екенін анықтаңдар1 - топ түсіндірмелі салаласты табады2 - топ себеп - салдар салаласты табады.
Әр топ өз тапсырмаларын орындап, жауаптарын түсіндіреді.
2 тапсырма110 – жаттығу ауызшаТапсырмасы: Түсіндірмелі салаластың жасалу жолын түсіндіріңдер. Тыныс белгісінің қойылу себебін айтыңдар.
Төмендегі сөйлемге синтаксистік талдау жасап, сөйлемнің мағынасын ашып талдау.
[Қазақ тілі бүгінде ғылым мен білімнің,
интернеттің тіліне айналғаны сонша], [қазақ тілінде білім алатындар көбейіп келеді.]
Түсіндірмелі салаластың жасалу жолын түсіндіреді. Тыныс белгісінің қойылу себебін айтады.
Төмендегі сөйлемге синтаксистік талдау жасап, сөйлемнің мағынасын ашып талдайды.
(Құрмалас сөйлем, салалас құрмалас сөйлем, түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем)
А) Білім алатындар көбейіп келеді – жалғаулар арқылы, қиыса байланысқан, предикаттық қатынастағы, күрделі, етістікті сөз тіркесі.
Ә) қазақ тілінде білім алатындар – жалғаулар арқылы, меңгеріле байланысқан, анықтауыштық қатынастағы, күрделі, етістікті сөз тіркесі.
В) қазақ тілі айналғаны сонша – орын тәртібі арқылы, қиыса байланысқан, предикаттық қатынастағы, күрделі, етістікті сөз тіркесі.
Г) тіліне айналғаны – жалғаулар арқылы, меңгеріле байланысқан, толықтауыштық қатынастағы, дара, етістікті сөз тіркесі.
Ғ)интернеттің тіліне – жалғаулар арқылы, матаса байланысқан, анықтауыштық қатынастағы, дара, есімді сөз тіркесі.Д) бүгінде айналғаны – жалғаулар арқылы, жанаса байланысқан, пысықтауыштық қатынастағы, дара, етістікті сөз тіркесі.
3 тапсырма.
Сәйкестендіру Карточка таратып береді Карточкадағы салаластың түрлерін сәйкестендіреді.
4 тапсырмаСыңарын тап. 1 топ
Күн бесіндікке келген кезде Көркемтайдың ауылы астан-кестен болды:
1. нәлі бар да, бақыры шықты.
Көкөзек Ушаковты алдап ұрды:
2. терезелерге жаңа әйнек салынды, қабырғалары әктелді, ауласына дейін сыпырылды.
Олардың төбесі төмен төңкерілген судағы көлеңке түрлі-түрлі:
3. кемсеңдеп кемпір-шал жылады, қанын тартып сұрланып сең соққан балықтай мең-зең болып жастар тұрды
Балалар ол ұяға барудың да әдісін табады:
4. кейбіреулері суға шаншыла құлаған шоп-шолақ көк сәукеле сияқты да, енді біреулері жүнін сілкіп тірілткен үлкен сеңсең бөріктерге ұқсайды.
Қазір Оспанның үйі үйтіп-бүйтіп ретке келтірілді:
5. сирағын қияққа тілдірмеу үшін олар аяғына жас қоғажайдан етік өріп алады, қолына қоғажайдан қолғап өріп киеді.
2 топ
1. Ұлбикенің асыққаны сонша –
1. оның етегін бірнеше қыздар саусақтарының ұшымен ұстап көтеріп келеді.
2. Жұрттың бәріне өлең сөздерінің қазіргі жағдайға үйлесімді көрінгені соншалық – 2. жалаң аяқ, сымбатты,білімді балаларға хутор қыздарының сызылған назы да әсер етпеді.
3. Ақырында хутордың іруінің қатты етек алғаны сондай – 3. Өлеңді олар сақ-сақ күліп қарсы алды.
4. Мұндай санасыз қондырыла салатын тәртіптен тартқан азабым соншама – 4. даяр тұрған тамаққа да қарамады.
5. Оның үстіне киген қытайдың қызыл шайысынан тігілген оқалы көйлегінің ұзындығы сонша – 5. ақыры тіпті Россияға қайта қашып кетпек болдым.
Кластер
Бекіту
«Миға шабуыл» кезеңі
1.Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
2.Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолы қандай?
Сұрақтарға жауап береді.
Бағалау
Оқушыларға бағаларын қою. Бағаларын тындап, күнделіктерін әкеледі.
Үйге тапсырма беру
Көркем шығармадан түсіндірмелі салалас сөйлемге 10 мысал жазып келу.Ережені жаттап, түсініп келу. Үй тапсырмасын дәптерлеріне жазып алады.