География 7-сынып. Солт?стік Американы? хал?ы, А?Ш. Презентация.
Материктер мен мұхиттар географиясы7«А» сыныпПән мұғалімі: Керешова А.
style.rotation
Сабақтың тақырыбы: Солтүстік Американың халқы және саяси картасы, АҚШ.
Сабақтың мақсаты:Білімділік:С. А халық саны, қалыптасу тарихы, орналасуы, құрамы, елдері және АҚШ жайлы білімді қалыптастыру.Дамытушылық:Ірі қалалары, көрікті жерлері жайлы білімді және картамен жұмыс жасауды дамыту.Тәрбиелік: Елге деген сүйіспеншілікті ояту, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
ppt_yppt_yppt_y
Көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, слайдтар, Солтүстік Американың физикалық және саяси картасы.Сабақтың типі: Аралас. Сабақтың түрі: Өздік, іздену. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру 2.Үй тапсырмасын сұрау 3. Жаңа сабақты түсіндіру 4. Жаңа сабақты бекіту: «Кім жылдам?» 5. Бағалау 6. Үйге тапсырма беру
Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын сұрау:1. Материктің орталық және оңтүстік бөлігінде табиғат зоналарының меридиан бағытта орналасу себебі не?
style.rotation
style.rotation
2. Бұл зонада мұз дәуірінен бері сақталып қалған қойөгіз тіршілік етеді
style.rotation
3. Бұғының айрықша түрі карибу тіршілік ететін табиғат зонасы
style.rotation
4. Негізінен биік ағаштардан тұратын бұл табиғат зонасында алып секвоя, мамонт ағашы, қантты қарағай, мәңгі жасыл емендер өседі.
style.rotation
5. Жалпақ жапырақты ормандар қайда сақталып қалған?
style.rotation
6. Ауыспалы ылғалды ормандар қай климаттық белдеуде таралған?
style.rotation
7. Прерий дегеніміз не?
style.rotation
8. Саванналар мен ылғалды мәғгі жасыл ормандар қайда тараған?
style.rotation
9. Суккулентті өсімдіктер көп таралған табиғат зонасы
style.rotation
10. Ылғалды мәңгі жасыл ормандардағы ағаштардың түрлері
style.rotation
Солтүстік Американың халқы Халқының саны – 480млн.-ға жуық. Байырғы халқы – үндістер мен эскимостар. Ең алғаш халықтар 25-40 мың жыл бұрын Еуразиядан Беринг бұғазы арқылы келген.
Байырғы халықтарыМатериктің солтүстігінде үндіс тайпалары алгонкин, ирокез, атабаска, делавэр мекендеген. Олар аң аулаумен, балық аулаумен, жабайы жемістерді терумен айналысып күнелткен. Материктің оңтүстігін мекендеген үндістердің ацтек,майя тайпалары жүгері, картоп, қызанақ өсірумен айналысқан. Қолөнері мен егіншілігі, мәдениеті дамыған мемлекеттер құрған.
Қазіргі халқының қалыптасуы15 ғасырда Х.Колумб материкті ашқаннан кейін Американы жаулау басталды. Үндістер құнарлы жерлерден қуылды, еуропалықтар әкелген жұқпалы аурулардан Кариб теңізіндегі аралдардың байырғы халықтары (караибтар) жойылып кетті.Қазіргі кезде 15 млн. ғана үндістер қалды.(1 пайыз) Еуропалықтар плантацияларда жұмыс істету үшін Африкадан құлдар әкеле бастады.400 жылға созылған құл саудасы кезінде 100 млн.-ға жуық адам құл ретінде Америкаға әкелінді.
ҮндістерЕуропалықтарНегрлерМетистерМулаттарСамболар
ҚоныстануыТабиғат жағдайы қолайлы, ерте игерілуіне байланысты ұлы көлдер маңында, оңтүстік-шығысындағы ірі қалаларда өте тығыз қоныстанған.Табиғат жағдайы қолайсыз солтүстік аудандарда, таулы жерлерде сирек қоныстанған.
Солтүстік Американың саяси картасы, ондағы мемлекеттер
ЕлдеріМатериктегі елдер:АҚШКанадаМексика ГватемалаБелизСальвадорГондурасНикарагуаКоста-РикаПанамаАралдардағы елдер:Куба ГаитиБермуд аралдарыБагам аралдарыДоминикан РеспубликасыЯмаикаПуэрто-Рико т.б.
Америка Құрама Штаты
рорррррритАуданы: 9млн. 363мың км 2Халқы 309 млн. адам 3-орындаРесми тілі: ағылшынАқша бірлігі: долларАстанасы: ВашингтонӘкімшілік құлылымы: Федератифті республика 50 штаттан тұрады.
Табиғаты АҚШ аумағының басым көпшілігі Атлант мұхитынан Тынық мұхитқа дейінгі ендік бағытта созылып жатқан қоңыржай және субтропиктік белдеуде орналасқан. Аляска штаты субарктика және арктикалық, ал Гавай штаты – Тынық мұхиттың тропиктік белдеуінде. Жер бедерінің 1/2-ін биік таулы жоталар мен таулы үстірттер алып жатыр. Кордильер мен Аппалачи тауларының аралығында елдің ішкі жазықтары (Орталық Ұлы жазықтар) орналасқан. Атлант мұхиты жағалауларын бойлап Атлант маңы және Мексика маңы ойпаттары жатыр. АҚШ-тағы ең биік тау – Аляска түбегіндегі Мак-Кинли (6193 м). Жер қойнауы кен байлықтары мен минералды шикізатқа өте бай. Оның ішінде темір, никель, кобальт, алтын, күміс, уран кентасы қоры жөнінен дүние жүзінде алдыңғы орында. Тас көмір (Аппалачи таулары), мұнай мен газ (Мексика ойпаты, Ұлы жазық) табылған. Ал Кордильер таулары түсті және қара металл шикізаттарына бай келеді.
ШаруашылығыОтын-энергетикаМеталлургияТоқыма, тігінЭлектр техникасыАвиацияМашина жасауХимия өнеркәсібіАтом өнеркәсібіАуыл шаруашылығы
style.rotation
АҚШ өнеркәсібі – бүкіл экономиканың жетекші саласы. Оның энергиялық балансында мұнай мен газ маңызды орын алады, ауыр және жеңіл өнеркәсібі өркендеген. Машина жасау өнеркәсібі автомобиль, авиация электр техникасы салаларына түрлі жабдықтар өндіреді. Атом өнеркәсібі, тоқыма және тігін өнеркәсібі айрықша дамыған. Шаруашылығының жетекші саласы - машина жасау өнеркәсібі. АҚШ-тың 125 қаласында автомобиль шығарылады. Детройт қаласы – елдің «автомобиль астанасы». Сиэтл қаласында алып «Боинг» ұшағы жасалынады.
style.rotation
АҚШ-тың а/ш-да механикаландырылған фермерлік шаруашылықтар жетекші рөл атқарады. Онда өндірілетін негізгі дақылдарға бидай, арпа, сұлы, қара бидай, жүгері, соя бұршақтар, картоп, қант қызылшасы, мақта жатады. Мал ш/да сиыр, шошқа, қой өсіріледі, тауық пен күрке тауық өсіру жаппай дамыған. Ел астық, сүт, ет, құс өнімдерін өндіруден дүние жүзінде бірінші орын алады.АҚШ әлемдегі экономикасы аса жоғары дамыған елге жатады. Ондаған американ фирмалары мен кәсіпкерлері және белгілі банкілер Қазақстанда түрлі салалар бойынша жұмыс істейді (мысалы, мұнай өндірумен айналысатын «Шеврон», «Shell», «Мобиль» компаниялары мен «Prіse Waterhause» есеп аудит консалингтік компаниясы, т.б.).
style.rotation
Халқы309 млн. жуық дүние жүзінде үшінші орында. Байырғы халқы 1 пайыз шамасында. 19-ғасырдың басынан бері Жер шарының 70-ке тарта елінен 55 млн. жуық адам осында қоныс аударған. Америкалықтар 200 жылдан астам тарихы бар АҚШ мемлекетінің мүддесін әрдайым жоғары ұстайды. Халықтың 3/4 бөлігі қалада тұрады, жалпы саны 9000-дай қала бар.
style.rotation
Вашингтон – астанасы (601 мың адам)
Нью-Йорк – ең ірі қаласы, БҰҰ-ның Бас Кеңсесі орналасқан(8,3млн.адам)
Лос-Анджелес – ғарыштық техника мен электроника орталығы(3,7млн.адам)
Табиғатты қорғау мәселелеріӨнеркәсіп пен а/ш жедел дамуы, халық санының артуы табиғи ортаға үлкен нұқсан келтіруде. Сондықтан АҚШ табиғатты қорғау мақсатында дүние жүзінде алғаш рет 1872ж Йеллоустон Ұлттық паркін ұйымдастырды. Бүгінгі таңда АҚШ жерінде 50-ден аса ұлттық парк бар.
style.rotation
Жер шарындағы ең үлкен және белгілі Үлкен Каньон АҚШ-тағы Колорадо өзенінде (ұзындығы 320 км-ден астам, тереңдігі 1800 м-ге дейін) орналасқан.
IV. Бекіту.1. «Кім жылдам?»Мінездемелік сұрақтар:
1. Солтүстік Америка халқының саны
2. Байырғы халықтары
3. Ацтек, майя тайпалары қандай шаруашылықпен айналысқан?
4. Атабаска, делавэр тайпалары материктің қай бөлігінде мекендеген?
5. Кариб теңізіндегі аралдардағы жойылып кеткен байырғы халықтары
6. Материкте қалған үндістердің саны
7. Үндіс деген атау кімнің тарихи қатесі?
8. Орталық және Оңтүстік Америка материгінің халқы қандай тілде сөйлейді?
9. АҚШ халқын ұлттық және нәсілдік айырмашылығына қарамастан жалпы атпен қалай атайды?
10. Солтүстік Америкадағы аралас нәсілдерді атаңдар
2. Постер құрастыру1-топАҚШ өнеркәсібі2-топАҚШ-тың ауыл шаруашылығы3-топТуризм дамыған, табиғаты әсем жерлері
3. Картамен жұмыс1-топМатериктің халық өте жиі қоныстанған қалалары2-топАҚШ-тың географиялық орнының экономикасының дамытудағы ролі3-топНью-Йорк, Лос-Анджелес, Детройт қалаларының географиялық координаталары
4. Проблемалық сұрақтар1-топАҚШ экономикасының жедел қарқынмен дамуына не себеп болды?2-топҚара нәсілділердің ұзақ уақыт бойы кемсітушілікке ұшырауына не себеп болды?3-топМатериктің халқының құрамына еуропалықтардың отарлауы қалай әсер етті?
{5C22544A-7EE6-4342-B048-85BDC9FD1C3A}АҚШ-тың көп бөлігі мына климаттық белдеудеАвтомобиль шығарадыАҚШ-тағы ірі өзенЛос-АнджелесШаруашылығындағы ең жетекші салаМиссисипи125 қаласындаСиэтл«Автомобильдер астанасы»Машина жасауҒарыштық техника мен электроника орталығыҚоңыржай, субтропиктік«Боинг» ұшағы жасаладыДетройтЖолаушы тасымалдауда бірінші орындаНью-ЙоркАҚШ халқының 1 пайызын құрайдыЧикагоБҰҰ-ның Бас пәтері орналасқан.Байырғы халықтары5. Сәйкестендіру
БілгенімҮйренгенімҮйренгенімкеледі
БағалауҮйге тапсырма: Солтүстік Америка халқы, елдері.АҚШСаяси картадан елдердің астаналарын жаттау.АҚШ жайлы қосымша мәлімет оқып келу.
Назарларыңызға рахмет!