Бір?лшемді ж?не екі?лшемді жиым элементтерімен ж?мыс.
№ 23 сабақ
Сыныбы __9__Күні_________Мұғалімі_________________Тексерген_____________
Сабақтың тақырыбы: Бірөлшемді және екіөлшемді жиым элементтерімен жұмыс.Сабақтың мақсаты: Оқушыларды бірөлшемді және екіөлшемді жиымдарға есептер
шығаруға, программа құруға үйрету;
Білімділік: Оқушыларды бірөлшемді және екіөлшемді жиымдарға есептер шығаруға,
программа құруға үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың программа құру барысында логикалық
ойлау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелікке, тиянақтылыққа, ұқыптылыққа,
жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: практикалық сабақ
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, Паскаль программасы, оқулық, деңгейлік
тапсырмалар
Оқуші білуі тиіс:
массивтің не екенін;
массивтің сипатталуын;
екіөлшемді жиымның, бірөлшемді жиымнан айырмашылықтарын;
индексттің не екенін.
Оқушы меңгеруі тиіс:
бірөлшемді жиым элементтерін пайдалана отырып программа құруды;
екіөлшемді жиым ға программа құруды;
жиым элементтерін іздеу мен сұрыптауды.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастырылыуы. Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындықтарын тксеру, жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаны таныстыру.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру. Өткен тақырып бойынша сұрақтар қою арқылы оқушылардың теориялық білімдерін тексеру және үйге берілген есептің программасының жазылуын тексеру, талдау.
Өткен материалды қайталау сұрақтары
Жиым дегеніміз не?
Екі индексті жиым қалай аталады?
Бірөлшемді және екіөлшемді жиым математика тілінде қалай аталады?
A[i,j] жиым элемеиттері қалай сипатталады?
Жиымды қалай сипаттаймыз?
Жиым элементтерінің орны қалай анықталады?
Бірөлшемді және көпөлшемді жиымдардың айырмашылықтары қандай?
Компьютермен жұмыс
Деңгейлік тапсырмалар
1-деңгей.
№1. Бірөлшемді А{1,2,3,4,5,6,7,8,9,10} жиым элементтерінің арифметикалық ортасын табатын программа құру керек.
№2. Бірөлшемді A{2,-3,5,-8,2} жиым элементтерінің оң және теріс элементтерінің косындысын табатын программа құру керек.
№3. Бірөлшемді В жиымы берілген, оң элементтерін 0-ге, теріс элементтерін 1-ге айналдыратын программа құру керек.
2-деңгей.
№1. C[m,n] матрицасының әр жолының элементтерінің қосындысын табатын программа құру керек.
№2. В[к,n] екіөлшемді жиым берілген. Осы жиымның бірінші жолын бірінші бағанамен орнын алмастыратын программа құру керек.
№3. R[m,m] екіөлшемді жиымның бас диагоналы және одан төмен жатқан элементтерінің қосындысын табатын программа құру керек.
3-деңгей.
№1. C[m,n] екіөлшемді жиымындағы әр жолдың элементтерінің ең үлкенін табу программасын жаз.
№2. M[m,n] екіөлшемді жиымдағы жұп сандардың ең кішісін табу программасын жаз.
Сабақты бекіту: Оқушыларға бірі- біріне тақырып бойынша сұрақтар қойғызып, жауаптарын алу.
Бағалау: оқушылардың білімін бағалау.
Қорытындылау. Бүгінгі сабаққа жеткен жетістіктері мен жіберген кемшіліктеріне тоқтала отырып, сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма:
- Оқулықтан 5.1,5.2,5.3,5.4, 5.5- тақырыптарды қайталау. Тақырыптар соңындағы сұрақтарға жауап беру.
- Төмендегі берілген тапсырмаларды орындау:
А[6,4] матрицасы берілген. Оның элементтерін 6-санына көбейткенде пайда болатын матрицаның программасын жаз.
Матрицаның бірінші жолының элементтерінің қосындысын есептеу программасын жаз.
Матрицаның 0-ге тең элементтерінің санын санау программасын жаз.