П?н: Информатика Сынып: 9 (А,Б) Та?ырып: Бiр ?лшемдi ж?не к?п ?лшемді массивтермен ж?мыс. Ма?сат: О?ушыларды Паскаль тіліндегі бір?лшемді массивтермен программа ??руды ?йрету. Міндеттер: Білімділік – О?ушыларды массивтермен есеп шы?аруды ?йрету. Дамы
Пән: Информатика
Сынып: 9 (А,Б)
Тақырып: Бiр өлшемдi және көп өлшемді массивтермен жұмыс.
Мақсат: Оқушыларды Паскаль тіліндегі бірөлшемді массивтермен программа құруды үйрету.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушыларды массивтермен есеп шығаруды үйрету.
Дамытушылық –Оқушылардың программалау тәсілдері мен әдістерін қолдану қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік – Оқушылардың компьютерде дұрыс жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап
Құрал-жабдықтар компьютер
Пәнаралық байланыс математика
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Б.Бурибаев. Информатика және ЕТ негіздері, оқулық 9 сынып;
2) Основы информатики и ВТ, базовый курс 10-11 класс;
3) С.Т.Мухамеджанова, «Методика обучения информатике»
4)Динисламов, «Паскаль программалау негіздері»
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а) оқушылар тізімі;
ә) кабинет жағдайы;
б) сабақ барысымен таныстыру.
Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)
Индекс дегеніміз не?
Жиым элементтері мен индекстренінің типтері қандай болуы тиіс?
3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5мин)
4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Егер жиым атауында бір ғана индекс болса, онда ол жиымды бірөлшемді, ал екі индекс болса – екіөлшемді және т.с.с n индекс болса, n - өлшемді жиым дейді. Бірөлшемді жиым вектор элементтері, ал екіөлшемді жиым матрица болып табылады.
Типтер бөлігінде екіөлшемді жиым былай есептеледі:
Type atau = array [1..n, 1..m] of <элементтер типі>;
Var a,b: atau;
Екіөлшемді жиымды көбінесе айнымалы бөлігінде былай сипаттау жиі қолданылады:
Var
B: array [1..n, 1..m] of <элементтер типі>;
Екіөлшемді жиымдармен жұмыс атқарғанда бір цикл операторының ішінде бір цикл операторлары болуы мүмкін. Демек, жиым элементтерін енгізу немесе экранға шығару үшін цикл операторларын мынадай түрде пайдалануға болады:
For i:=1 to n do
For j:=1 to m do
Read(b[I,j]);
немесе экранға шығару үшін:
For i:=1 to n do
begin
writeln;
For j:=1 to m do
write(b[i,j]);
end;
Сергіту жаттығулары (2 мин)
5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырмалар мен сұрақтар:
Екіөлшемді жиым қалай сипатталадады?
Екіөлшемді массивтің ерекшелігі?
Жиым дегеніміз не?
Тапсырма №1.
Private Sub Command1_Click()Dim a(6) As Integer
For i = 1 To 6
a(i) = InputBox("")
Next
Min = a(1)
For i = 1 To 6
If a(i) < Min Then Min = a(i)
Next
For i = 1 To 6
List1.AddItem a(i)
Next
MsgBox "Min=" + Str(Min)
End Sub
Тапсырма №2.
Екі өлшемді а және b матрицаларының қосындысы болып табылатын s матрицасын табу керек.
Program kosu;
Var
A,b,s:array[1..3, 1..3] of real;
i,j:integer;
begin
writeln(‘а жиымы элементтерін босорын арқылы енгізіңдер:’);
for i:=1 to 3 do
for j:=1 to 3 do read(a[i,j]);
writeln;
writeln(‘b жиымы элементтерін босорын арқылы енгізіңдер:’);
for i:=1 to 3 do
for j:=1 to 3 do begin
read(b[i,j]);
s[I,j]:=a[I,j] + b[I,j];
end;
writeln(‘қосынды жиымның элементтері:’);
for i:=1 to 3 do begin
for j:=1 to 3 do write(s[I,j]);
writeln;
end;
end.
6)Сабақты қорытындылау және бағалау
Оқушыларды массивпен жұмыс жасауды үйрету.
7) Үйге тапсырма
Массивтер (жиымдар). Бір өлшемді массивтер