О?ытуды? ?ш ?лшемді ?дістемелік ж?йесін ?олдану.
Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесін қолдану.
СҚО Уәлиханов ауданы Қайрат орта мектебінің
математика және информатика пән мұғалімі С.Т.Манова
Өз іс-тәжірибемде оқытудың «Үш өлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясын қолдану арқылы сыныптағы оқушылардың білім сапасын көтеруге болатынын байқадым.
Бұл технологияның бір ерекшілігі: өткенді пысықтауға арналған материалды оқушылар үйде қайталап, жаңа тақырыпты меңгеруге үйден дайындалып келеді. Мұның тиімділігі неде? Біріншіден, уақыт үнемделеді, өйткені дәстүрлі оқыту бойынша оқушылар қойылған сұраққа жауап білмесе, мұғалім өзі түсіндіріп, уақыт жоғалтатын еді. Екіншіден, егер мұғалім жүйелі түрде өткенді пысықтауға арналған тапсырмаларды орындауды талап етіп отырса, оқушының барлығы, соның ішінде нашар оқушы да дайындалып келуге мәжбүр болады, нәтижесінде әрбір оқушының белсенділігі мен жауапкершілігі артады.
Сабақ үш кезеңнен тұрады: оның ішінде алғашқы екі кезеңі технологияның синектикалық бөлімінің талабына сәйкес (өз бетімен білім алуы үшін), үшінші кезеңі технологияның нәтижеге бағытталған бөлімінің талабына сәйкес (алған білімдерін бақылап, қатесімен жұмыс жасап, бағалау үшін) үш деңгейлік тапсырмалардан тұрады.
«Үшөлшемді әдістемелік жүйе» педагогикалық технологиясы бойынша сабақты өту барысы төмендегідей болуы шарт
І кезең (5-7 минут)
а) ұйымдастыру; б) үй жұмыстарын тексеру: (кеше өткен тақырып бойынша берілген деңгейлік тапсырмаларды үйде аяқтап келу керек болған) оларды аяқтау дәрежесі тексеріледі. Бұл жерде үздік оқушылар сабақтың басында өз дәптерлері бойынша басқа оқушыларды тексереді, немесе оқушылар бірбірімен дәптерлерін ауыстырып, мұғалім айтып тұрған жауаптармен салыстырып плюс немесе минус белгілерін қояды. Әр оқушы плюс белгісі қойылған тапсырмалардың балын мұғалімге айтады. Ол әрбір оқушының балын тақтада үнемі ілулі тұратын “ашық журналға” тіркеп қояды. Соңынан сабақ арасында, қолы босаған сәтте, кеше сыныпта алған ұпай санына қосып, дәстүрлі журналға тиісті бағасын қояды;
в) „Көпір“ тапсырмалары (үйге берілген болатын) тексеріледі. Бұлар өтіп кеткен тақырыптардан бүгінгі сабаққа негіз болатын тапсырмалар.
І кезеңде төмендегідей және басқада интерактивті әдістерді қолдануға болады:
сұрақ-жауап әдісі; немесе “Ассоциациялар қатары”, мысалы: мұғалім тақтаға тақырыпты жазады, оқушылар тақырыпқа байланысты ассоциацияларды дәптерлеріне жазады. Мұғалім парақтарды жинап, оқушылармен талдап, нәтижесінде сол тақырыптың структуралық сызбасы жасалады. Мұғалім бұл әдіс арқылы оқушылардың білімі туралы түсінік алады. Басқада интерактивті әдістерді қолдануға болады.
ІІ кезең -технология бойынша синектикалық бөлім- (20-25 минут)
а) Өз бетімен жаңа тақырыпты меңгеру. Бұл жерде мұғалім әдеттегідей сабақты өзі түсіндіруден бастамайды, ол 5-7 минуттық өзіндік топтық жұмыс ұйымдастырады. Мысалы, оқушыға зерттеушілік әдістің алгоритмі бойынша іріктелген сұрақтарға жауап беру ұсынылады. Олар төмендегідей ретте қойылу тиіс: Теорияны меңгеру үшін: 1. «Білу» мақсатына сәйкес Не? Қашан? Қай жылы? Қайда? ...құрылымы қандай? Аяқта, формуланы жаз, т.с.с. 2. «Түсіну» Сұрақтар түрі: Неге? Неліктен? Себебі? түсіндір, бірнеше тәсілмен шеш, тексер, 3. «Талдау» талда, салыстыр, айырмашылығы неде?
4. «Жинақтау»: Классификация жаса, қорытынды шығар т.б.
ІІІ кезең (кері байланыс)- технология бойынша
нәтижеге бағытталған бөлім
(12 минут + 3 минут қорытынды шығаруға арналады).
Бұл кезеңнің негізгі мақсаты: деңгейлік тапсырмаларды орындау барысында жоғарыдағы 2-ші кезеңде алған білімдерін дәлелдеп, қабілетіне қарай тереңдету және оқу жетістіктерін 12-ұпайлық рейтинг жүйесі бойынша әділ бағалау болып табылады. Оқушыларға стандарт көлеміндегі үш деңгейлік тапсырмалар ұсынылады.
1-ші деңгей – оқушылық (өнімсіз-репродуктивтік деңгей–мемлекеттік стандарттың ең аз қажетті көлемін қамтиды. Бүл деңгейде оқушылар репродуктивтік әрекеттерін жасайды:
а) екінші кезеңде қарастырылған ұғымдарды, ережелерді, анықтамаларды т.б. фактілерді білу талап етіледі. Койылатын сұрақтар түрі: Не? Қашан? Қай жылы? Қайда? ...құрылымы қандай? Аяқта, формуланы жаз, т.с.с. Демек, бұл деңгейде оқушының теориялық, тапсырмаларды орындау барысында оның тек ақпараттық мәні бар білімі анықталады,
б) үлгі бойынша берілген практикалық тапсырмаларды орындау арқылы – біліктілігі анықталады. Жұмысты барлық оқушы міндетті түрде 1-ші деңгейді орындаудан бастайды. 1-ші деңгейге баға бірден қойылмайды, “сынақтан өтті”, “сынақтан өтпеді” деп бағаланады. “Сынақтан өтпеді” деген ұғымның екіліктен айырмашылығы, сынақты қайтадан тапсыруға болады. 1-ші деңгейдің барлық тапсырмасы дұрыс орындалған жағдайда сынақ тапсырылған болып саналады. Егер бір тапсырмасы болсын орындалмаса, сынақ есептелінбейді. Бұл жағдайда оқушы барлық тақырыпты емес, тек қатемен орындаған тапсырмаларды ғана қайтадан орындайды. Тәжірибе дәлелдегендей, “сынақ” арқылы үлгерімі төмен оқушылар мемлекеттік стандарттың ең аз қажетті көлемін меңгеріп, екіліксіз оқуға кепілдік (мүмкіндік) алады. Бір мәрте міндетті деңгейден өткен соң, олар алға ұмтылады, бойларында оқуға ынта, өз күшіне сенімдік пайда болады. 1-ші деңгей – 5 балл= “сынақтан өтті” = “3” журналға қойылады, егер келесі деңгейлерді меңгере алмаса.
Бұл деңгейде оқушының білім сапасы «дұрыс», «толық» деген категорияларды қанағаттандырады.
3
2-ші деңгейде оқушылардан: 1-ші деңгейде меңгерген ақпараттық білімдерінің себеп-салдарларын анықтайтын тапсырмаларды орындап, өз білімдерін түрлі жағдайда қолдана білуі, оқу материалын талдау іскерлігі (екінші деңгейде қалыптасатын біліктілігі) талап етіледі. Бұл жерде оқушының танымдық қызметіне оқу материалын өзгерту, оны сыни тұрғыдан ұғыну, шешім қабылдаудың тиімді жолдарын іздеу, білімді салыстыру арқылы мәтіннің негізгі ойын бөліп шығару әрекеттері жатады. Сұрақтар түрі: Неге? Неліктен? Себебі? түсіндір, бірнеше тәсілмен шеш, тексер, салыстыр, талда, классификация жаса, т.б.
2-ші деңгейде 5балл+4 балл = 9 балл = “4 ” журналға қойылады, егер келесі деңгейлерді меңгере алмаса; Бұл жағдайда оқушының білім сапасына 1-деңгейдегі «дұрыс»-қа, «толық»-қа «әрекеттілік» пен «тереңділік» сияқты білім сапасының түрлері қосылады.
3-ші деңгейде оқушылар танымдық-ізденушілік сипаттағы, білімнің тереңделуіне, қортындауына бағытталған тапсырмаларды орындайды. Тапсырмалар түрі: өз шешіміңді тап, алгоритм жаса, жүйеле, зертте, қорытынды шығар, жетістіктерін сипатта, сәйкес келе ме?, ..... дұрыс па?, т.б.)
3-ші деңгей –9 балл+3 балл= 12 балл = “5 ” журналға қойылады. Оқушынық білім сапасы білім стандарты көлемінде «дұрыс», «толық», ... және «берік» деп саналады.
4-ші деңгейдің тапсырмалары оқушылардан жаңа әдістерді пайдаланып, білімдерін қалыптан тыс (стандарттан жоғары) шығармашылық жағдайында қолдана білуін талап етеді (олимпиадалық тапсырмалар, реферат жазу, ғылыми жобалар қорғау, т.б.). Олар стандарттан жоғары болғандықтан өзінше 12-балдық жүйемен ерекше бағаланады. Бұл жағдайда оқушы мұғалімнің көмегінсіз өз бетімен білім алып, өзін-өзі басқару арқылы өз бетімен дами алатын тұлғаға айнала бастайды деп табылады. Демек, мектеп түлектерінің әр қайсысының өз бойындағы қабілетіне сәйкес, «жоқ» дегенде, бір бағытта, мысалы математикадан «өмір бойы білім ала алатын түлғаға» айналуына кепілдік бар.
Сабақ барысында мұғалім әр деңгей тапсырмасының дұрыстығын тексергеннен кейін, тақтада ілініп тұрған “Ашық журналға” + белгісін оқушылардың өздеріне қойғызып отырады.
Төменде «Үш өлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясы арқылы сабақтар жоспары
6 сынып Математика
Сабақтың тақырыбы: Көбейту
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Рационал сандарды көбейтуді толық меңгеріп, таңбалар ережесін өзі қорытып, есептер шығаруда қолдана білуге үйрету.
Тәрбиелік: Білімді жүйелеуге, өз бетінше ізденуге, еңбекқорлыққа
тәрбиелеу.
Дамытушылық: Таңбалар ережесін есте сақтап, ойлауын дамыту.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың әдіс- тәсілі: топпен жұмыс, ҮӘЖ
Сабақтың өту барысы:
А) Ұйымдастыру
Ә) Үй тапсырмасын тексеру.
Жұмыс дәптері
«Көпір»
тапсырмалары І кезең
Төмендегі тапсырмалардағы бос орындарға қажетті сөздерді жаз:1. Қандай сандар рационал сандар жиынына тиісті? Рационал сандарға натурал сандар, _________сандар, __________сандар жатады.
2.Бүтін сандар жиынына теріс сандар, О (ноль) және _______сандар жатады.
3. Теріс сандардың қосындысы қандай сан? Теріс сандардың қосындысы ______________сан. «Білу» тапсырмалары
Кім? Не? Қалай? Қашан? Қандай? ІІ кезең
Таңбалар ережесіндегі көп нүктенің орнына тиісті таңбаны қой.
1. (-) * (+)= ...
2. (+) * (-)= ...
3. (-) * (-)= ...
4. (+) * (+)= ...
Бос орынға қажет сөзді жаз.
5. Екі көбейткіштің таңбалары әр түрлі: біреуі теріс, екіншісі _________ болса, көбейтінді теріс болады.
6. Екі көбейткіштің таңбалары бірдей болса, көбейтінді _________ болады.
«Түсіну» тапсырмалары
Неліктен? Неге? Не үшін? Не себепті? Бос орынға қажет сөзді жаз.
1. а*0 = 0 Себебі, санды _________________көбейтсе, ______________шығады.
2. Не үшін (-a) *(-1)= a тең болады? Өйткені, _________сандардың көбейтіндісі ________сан.
3. a* (-1) мен (-a) *(-1) өрнектерінің айырмашылығы неде?
Көбейтінділердің _____________әр түрлі.
4. (-a) *b=-ab a*(-b)= -ab Нәтижелері неге бірдей ? Өйткені, екі өрнектегі көбейткіштердің ___________бірдей. «Талдау» тапсырмалары Бос орынға қажет сөзді жаз.
1. (-a) *b= және a*(-b)= өрнектерінің ұқсастығы неде?
Ұқсастығы, көбейткіштің біреуі _______________, екіншісі _________________сан.
2. (-) * (-)= (+) және (-) + (-)= (-) таңбалар ережесінің айырмашылығы қандай? Теріс сандардың көбейтіндісі ____________сан, теріс сандардың қосындысы __________сан.
3. (-) * (+)= (-) және (-) + (-)= (-) таңбалар ережесінің айырмашылығы неде ? Таңбалары әр түрлі сандардың көбейтіндісі_____________сан, теріс сандардың қосындысы __________сан.
4. a* (-1)= -a теңдігі a=0 болса орындала ма? Себебі, санды нөлге көбейткенде, көбейтінді ________________ тең болады. «Жинақтау» тапсырмасы Кестені толтыр:
Көбейткіштер Көбейтінді
Оң сан Теріс сан Теріс сан Оң сан Теріс сан Теріс сан Оң сан Оң сан «Қолдану» тапсырмалары В) №521, № 522,№ 523,№ 524,№ 525,№ 527,№ 535 «Баға беру» Сен қалай ойлайсың? Бүтін сандарды көбейту натурал сандарды көбейткенге ұқсай ма? Өз ойыңды жаз.
___________________________________________________________
___________________________________________________________ «Кері байланыс»
«Білу»
Теория
Практика ІІІ кезең
1 деңгей (5 балл) «3»
Бос орынға қажет таңбаны жаз.
1. ... * (+)=(-)
2. (+) * ... = (-)
3. (-) * ... = (+)
4. (+) * ... = (+)
Бос орынға қажет сөзді жаз.
5. Көбейтінді теріс, егер де көбейткіштердің таңбалары _______ болса.
6.Көбейтінді оң, егер де көбейткіштердің таңбалары ___________ болса.
№ 526 есепті шығару «Түсіну»
Теория
Практика 2 деңгей (5+4балл) «4»
Кестені толтыр:
Көбейткіш Көбейткіш Көбейтінді
-ab
-ab
ab
1 -a
0 a -1 -a № 536 есепті шығар «Жинақтау»
«Талдау»
Теория
Практика 3 деңгей (5+4+3балл) «5»
1.Сөзжұмбақ құрастыр.
2.Бүтін сандар болмаса математика ғылымының дамуы мүмкін бе? Өз ойыңды білдір._____________________________________
_________________________________________________________
_________________________________________________________
№537 есепті шығар 6 сынып Математика
Сабақтың тақырыбы: Бөлу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Рационал сандарды бөлуді толық меңгеріп, таңбалар ережесін өзі қорытып, есептер шығаруда қолдана білуге үйрету.
Тәрбиелік: Білімді жүйелеуге, өз бетінше ізденуге, еңбекқорлыққа
тәрбиелеу.
Дамытушылық: Таңбалар ережесін есте сақтап, ойлауын дамыту.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың әдіс- тәсілі: топпен жұмыс, ҮОӘЖ
Сабақтың өту барысы:
А) Ұйымдастыру
Б) Үй тапсырмасын тексеру
Жұмыс дәптері
«Көпір»
тапсырмалары І кезең
Бос орынға қажет сөзді жаз.
1. Рационал сандарды көбейткенде алдымен не анықталады? Рационал сандарды көбейткенде алдымен _____________анықталады.
2.Бүтін сандар жиынына теріс сандар, О (ноль) және _____________ жатады.
3. Таңбалар ережесі бойынша көп нүктенің орнына тиісті таңбаны жаз:
А) (-) * (+)= ...
ә) (+) * (-)= ...
б) (-) * (-)= ...
в) (+) * (+)= ...
«Білу» тапсырмалары
Кім? Не? Қалай? Қашан? Қандай? ІІ кезең
Бос орынға қажет сөзді жаз.
1. Рационал санды көбейтуге кері амал __________________
2. а:b=c мұндағы a _______________ ,b___________________,
c________________
3. а- санын b санына бөлу дегеніміз b-ға көбейткенде көбейтіндісі а-ға тең ____ санын табу
Таңбалар ережесі бойынша көп нүктенің орнына тиісті таңбаны жаз:
4. (-) : (+)= ...
5. (+) : (-)= ...
6. (-) : (-)= ..
7. Бөлінгіш пен бөлгіштің таңбалары әр түрлі болса, бөлінді _____________ сан болады.
8. Бөлінгіш пен бөлгіштің таңбалары бірдей болса, бөлінді _______________ сан болады.
Көп нүктенің орнына бөліндіні жаз.
9. –a:b=...
10. a : (-b)= ...
Теңдігі тура ма? Бос орынға жауабын жаз.
11. –a : b = a:(- b) _________________
12. c – ның таңбасы қандай?
–a : (- b) = * c , Бос орынға жауабын жаз. _____________________
«Түсіну» тапсырмалары
Неліктен? Неге? Не үшін? Не себепті? Бос орынға қажет сөзді жаз.
1. Не cебепті 0:(-5)= 0 тең болады? Себебі, _____________санға бөлсе, бөлінді __________тең болады.
2. Бөлшекпен жаз. Теңдіктің тура екеніне көз жеткіз.
- a: b = - (a:b) ________________________________________
Себебі, бөлінгіштің немесе бөлгіштің таңбалары ________________болса, бөлінді _______________болады.
«Талдау» тапсырмалары 1. (-5) *0 ≠ 0 өрнегінің мәнін түсіндір. Өйткені, санды
______________бөлуге болмайды.
Көп нүктенің орнына тиісті таңбаны жаз:
2. (-) : (+)= (...) және (+) : (-)= (...)
«Жинақтау» тапсырмасы Кестені толтыр:
Бөлінгіш Бөлгіш Бөлінді
Оң сан Теріс сан Теріс сан Оң сан Теріс сан Теріс сан «Қолдану» тапсырмалары В) №551, № 552,№ 553,№ 554,№ 557
«Баға беру» Өз ойыңды жалғастыр:
Егер бөлу амалы болмаса, ...
«Кері байланыс»
«Білу»
Теория
Практика ІІІ кезең
1 деңгей (5 балл) «3»
Көп нүктенің орнына тиісті таңбаны жаз:
1. ... : (+)=(-)
2. (+) : ... = (-)
3. (-) : ... = (+)
4. (+) : ... = (+)
№ 561 есепті шығару
«Түсіну»
Теория
Практика 2 деңгей (5+4балл) «4»
Кестені толтыр:
Бөлінгіш Бөлгіш Бөлінді
a 0
-a -c
a -c
-b c
№ 562 есепті шығар
«Жинақтау»
«Талдау»
Теория
Практика 3 деңгей (5+4+3балл) «5»
1.Кесте құрастыр.
№563есепті шығар
6 сынып Математика
Сабақтың тақырыбы: Рационал сандардың периодты ондық бөлшекпен жазылуы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Рационал сандардың ондық бөлшекпен жазылуын түсіндіріп, олардың
түрлеріне тоқталу және берілген бөлшек санды шектеусіз ондық
бөлшек түріне келтіруді меңгерту.
Тәрбиелік: Білімді жүйелеуге, өз бетінше ізденуге, еңбекқорлыққа
тәрбиелеу.
Дамытушылық: Ондық бөлшектің түрлерін анықтап, олардың ерекшеліктерін
ескере отырып, есте сақтауға қалыптастырып, ойлауын дамыту.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың әдіс- тәсілі: топпен жұмыс, ҮӘЖ
Сабақтың өту барысы:
А) Ұйымдастыру
Б) Үй тапсырмасын тексеру
Жұмыс дәптері
«Көпір»
тапсырмалары І кезең
Бос орынға қажет сөзді жаз.
1. Рационал сандарды көбейткенде алдымен не анықталады? Рационал сандарды көбейткенде алдымен _____________анықталады.
2.Бүтін сандар жиынына теріс сандар, О (ноль) және _____________ жатады.
3. Рационал сандар жиынына қандай сандар жатады? Рационал сандар жиынына бүтін сандар, __________бөлшектер, _________ бөлшектер жатады. «Білу» тапсырмалары
Кім? Не? Қалай? Қашан? Қандай? ІІ кезең
Бос орынға қажет сөзді жаз.
1. m/n бөлшегін бөлу таңбасы арқылы жаз. __________________
2. 7/5 бөлшегін ондық бөлшекке айналдыр. _______________
Мұндай жағдайда жай бөлшектің алымы бөліміне қалдықсыз бөлініп, одан ондық таңбаларының саны шектеулі__________________________ алынады.
3. Ондық таңбаларының саны шектеулі _______________ шектеулі ондық бөлшектер деп атайды.
Бөлуді орында:
4. 4 /5=...
5. -1/2= ...
6. -7/20= ..
7. Бос орынға қажет сөзді жаз.
Бөлімінің жіктелуінде 2 мен 5- тен өзге жай көбейткіштері болмайтын қысқартылмайтын жай бөлшекті _________________________ бөлшекпен жазуға болады.
Көп нүктенің орнына бөліндіні жаз.
8. 1/3=...
9. -5/12= ...
Бос орынға қажет сөзді жаз.
10. Ондық таңбаларының саны шектеусіз көп _________________шектеусіз ондық бөлшектер деп аталады.
11. _____________________ ондық бөлшектер периодты және периодсыз ондық бөлшектер болып _________________.
12. 0,333… және -0,41666… -периодты ондық бөлшектер.
Мұндағы 0,333…=0,(3) - таза периодты _______________________, ал
-0,41666…=-0,41(6) аралас периодты __________________________
13. Кез -келген рационал санды ______________________________ ондық бөлшекпен жазуға болады. «Түсіну» тапсырмалары
Неліктен? Неге? Не үшін? Не себепті? Бос орынға қажет сөзді жаз.
1. Не cебепті 0,125 саны шектеулі ондық бөлшек ? Себебі, ондық таңбаларының _____________шектеулі.
2. Неліктен шектеусіз ондық бөлшек деп атайды? Өйткені, ____________________саны шектеусіз. «Талдау» тапсырмалары Бос орынға қажетті сөзді жаз
1. 2,(31) ондық бөлшегінің периоды_____________ Өйткені, 31 саны ___________________.
2. 1/9=0,(1); 1/99=0,(01); 1/999=0,(001) Мұндағы, ондық таңбалары таза периодты ондық бөлшектер. Неге? Өйткені, бөлімінің жай көбейткіштерге жіктелуінде ______және_______саны болмайтын қысқартылмайтын жай бөлшектер _____________________________ ондық бөлшекпен жазылады.
3. Неге 2,31=2,31000…=2,31(0) теңдігі дұрыс деп ойлайсың?
Өйткені, Шектеулі ондық бөлшекті _____________ периодты ондық бөлшек түрінде жазуға болады. «Жинақтау» тапсырмасы Сызбаны толтыр:
Ондық бөлшек
Шектеулі ондық бөлшек
Аралас периодты ондық бөлшек
«Қолдану» тапсырмалары В) №597, № 598,№ 599,№ 600 «Баға беру» Бос орынға қажетті сөзді жазып, ережені қорытып шығар:
Егер ондық бөлшектің ондық таңбаларында ___________________ бір цифр немесе реті өзгермейтін цифрлар тобы болса, онда ол _______________ ондық бөлшек деп аталады. «Кері байланыс»
«Білу»
Теория
Практика ІІІ кезең
1 деңгей (5 балл) «3»
Бос орынға тиісті қажет сөзді жаз:
1. Ондық бөлшекті ондық таңбаларының санына қарай ______________ және ______________________ деп бөлеміз.
2. Шектеулі ондық бөлшек дейміз, егер ондық таңбаларының саны __________________болса.
3. Шектеусіз ондық бөлшек дейміз, егер ондық таңбаларының саны __________________болса.
№ 602 есепті шығару «Түсіну»
Теория
Практика 2 деңгей (5+4балл) «4»
Кестені мысалдар арқылы толтыр:
Ондық бөлшек
Шектеулі ондық бөлшек
шектеусіз периодты ондық бөлшек
Таза периодты Аралас периодты
№ 603 есепті шығар «Жинақтау»
«Талдау»
Теория
Практика 3 деңгей (5+4+3балл) «5»
1.Cөзжұмбақ құрастыр.
№ 610 есепті шығар 6 сынып Математика
Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектің ондық жуықтауы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Рационал сандардың ондық бөлшекпен жазылуын қолдану арқылы
шектеусіз периодты ондық бөлшектерді артығымен және кемімен
жуықтауды меңгерту.
Тәрбиелік: Жеке жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезіне білуді, нәтижеге жетуге
ұмтылуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Ондық бөлшектің түрлерін анықтап, олардың ерекшеліктерін
ескере отырып, жуықтау тәсілдерін есте сақтауға қалыптастырып,
ойлауын дамыту.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың әдіс- тәсілі: жұппен жұмыс, ҮӘЖ
Сабақтың өту барысы:
А) Ұйымдастыру
Б) Үй тапсырмасын тексеру
Жұмыс дәптері
«Көпір»
тапсырмалары І кезең
Бос орынға қажет сөзді жаз.
1. Ондық таңбаларының саны шектеусіз көп _________________шектеусіз ондық бөлшектер деп аталады.
2. Бөлімінің жіктелуінде 2 мен 5- тен өзге жай көбейткіштері болмайтын қысқартылмайтын жай бөлшекті _________________________ бөлшекпен жазуға болады.
3. Егер ондық бөлшектің ондық таңбаларында ___________________ бір цифр немесе реті өзгермейтін цифрлар тобы болса, онда ол _______________ ондық бөлшек деп аталады. «Білу» тапсырмалары
Кім? Не? Қалай? Қашан? Қандай? ІІ кезең
Бос орынға қажет сөзді жаз.
1. 7/15 бөлшегін ондық бөлшекке айналдырып, периодын анықта: ____________________________________________
2. Шектеусіз периодты ондық бөлшектің ондық жуықтауын табайық:
7/15 = 0,4(6)≈ 0,5
0,4(6)≈ 0,47
3. Көп нүктенің орнына мыңдық үлеске дейін дөңгелектеп, шыққан санды жаз:
0,4(6)≈…
4. Бос орынға қажет сөзді жаз.
Берілген жай бөлшектің _____________________ бөлшекке айналдырылған мәнін дөңгелектеуден алынған шектеулі ондық бөлшекті сол бөлшектің _____________________ деп атайды.
5.Шектеусіз _____________________ондық бөлшекті артығымен ондық жуықтағанда оның сақталынатын соңғы үлес разряды 1-ге _____________________ алынады.
Бөлуді орында:
6 . 1/6=...
Демек, бөлінді _____________________ ондық бөлшек.
7. Ондық үлеске дейінгі дәлдікпен кемімен ондық жуықтауын тап: _____________________
Жүздік үлеске дейінгі дәлдікпен кемімен ондық жуықтауын тап: _____________________
Жүздік үлеске дейінгі дәлдікпен кемімен ондық жуықтауын тап: _____________________
Бос орынға қажет сөзді жаз.
Шектеусіз ондық бөлшекті ________________ ондық жуықтағанда оның сақталынатын соңғы үлес разрядынан кейінгі цифрлары ________________ тасталынады. «Түсіну» тапсырмалары
Неліктен? Неге? Не үшін? Не себепті? Бос орынға қажет сөзді жаз.
1. Не cебепті 3/11=0,(27) ≈0,3 шектеулі ондық бөлшекке тең болды ? Себебі, __________________________________ дейін дөнгелектенген.
2. Неліктен шектеусіз периодты ондық бөлшекті артығымен ондық жуықтау деп атайды? Өйткені, оның сақталынатын соңғы үлес разряды ____________________алынады.
3.Неліктен шектеусіз периодты ондық бөлшекті кемімен ондық жуықтау деп атайды? Өйткені, оның соңғы үлес разрядынан ____________________ цифрлары ____________________тасталынады.
«Талдау» тапсырмалары Жуық теңдіктің қайсысы ондық үлеске дейін дөңгелектенген. Астын сызып көрсет:
1. 0,276 ≈ 0,3 немесе 0,276 ≈ 0,28
2. Заттың массасы таразымен өлшегенде 95,17 г болды. Заттың массасының жуық мәнін анықта. __________________ Неге? Өйткені, ________________________________________________________________
3. Ұшақта 150 жолаушы бар. Ұшуға тиісті жолаушылардың саны 365-ке тең. Жолаушыларды тасымалдау үшін осындай неше ұшақ қажет?
Өйткені, 365 /150=2,4(3) . Сондықтан _____________ ұшақ қажет. Бұл жуықтау _____________ алынған . «Жинақтау» тапсырмасы Сызбаны толтыр:
4,7536≈
4,…
4,7…
4,75…
«Қолдану» тапсырмалары В) №626, № 627,№ 628,№ 629 «Баға беру» Сен қалай ойлайсың? Осы шектеусіз ондық бөлшектерді артығымен немесе кемімен алынған ондық жуықтауы өмірде қаншалықты қажет? «Кері байланыс»
«Білу»
Теория
Практика ІІІ кезең
1 деңгей (5 балл) «3»
Бос орынға тиісті қажет сөзді жаз:
1. Ондық жуықтау деп, берілген жай бөлшектің ______________ондық бөлшекке айналдырылған мәнін ______________________ алынған ондық бөлшекті айтады.
2. Артығымен алынған ондық жуықтауда , шектеусіз периодты ондық бөлшектің соңғы үлес разряды 1- ге __________________ .
3. Кемімен алынған ондық жуықтауда, шектеусіз периодты ондық бөлшектің сақталынатын соңғы үлес разрядынан кейінгі цифрлары __________________
№ 633 (1-4) есепті шығару «Түсіну»
Теория
Практика 2 деңгей (5+4балл) «4»
Кестені мысалдар арқылы толтыр:
Шектеусіз периодты ондық бөлшекті дөңгелекте
7,(6)
артығымен Ондық үлеске дейін
Жүздік үлеске дейін
кемімен № 636 есепті шығар (1-4) «Жинақтау»
«Талдау»
Теория
Практика 3 деңгей (5+4+3балл) «5»
1.Блок -схема құрастыр.
№ 637 есепті шығар 6 сынып Математика
Сабақтың тақырыбы: Берілген сандар қатарының медианасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Статистикалық сипаттаманың бір түрі сандар қатарының медианасын
табуды түсіндіру және тақырыпқа берілген есептерді шығарту,
тақырыпты меңгерту.
Тәрбиелік: эконом немесе үнем тәрбиесін беру, жаңалықтарға құштарлыққа баулу.
Дамытушылық: Статистикалық сипаттамалар: арифметикалық орта, сандар
қатарының модасы, сандар қатарының медианасының
айырмашылықтарын есте сақтауға қалыптастыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың әдіс- тәсілі: топпен жұмыс, ҮӘЖ
Сабақтың өту барысы:
А) Ұйымдастыру
Б) Үй тапсырмасын тексеру
Жұмыс дәптері
«Көпір»
тапсырмалары І кезең
Бос орынға қажет сөзді жаз.
1. Статистикалық сипаттамаларды жаз: ______________________________.
2. Бірнеше санның қосындысын қосылғыштар санына бөлгенде шығатын бөліндіні _____________________________________________ деп атайды.
3. Өзгеріс ауқымы дегеніміз- берілген сандар қатарындағы ең үлкен сан мен ең кіші санның _______________________________________.
4.Сандардың модасы дегеніміз- берілген сан қатарындағы _____________ көп сан. «Білу» тапсырмалары
Кім? Не? Қалай? Қашан? Қандай? ІІ кезең
Бос орынға қажет сөзді жаз.
1. 14,15,16,14,17,17,20 сан қатарын өсуі бойынша жаз: ____________________________________________
2. Сан қатарының қақ ортасындаға санды тап:_______________________
Осы сан берілген сан қатарының _____________________ деп аталады.
3. Берілген қатардағы сандардың саны жұп болса, онда да сан қатарын ____________ немесе ____________ бойынша жазамыз.
4. Мысалы: 5,4; 5,2; 5,7; 5,3; 5,5; 5,6; 5,2; 5,6 Өсуі бойынша жаз:
5.Сан қатарының ортасындағы екі санда тап:____________________
6.Қосындысын екіге бөл:_______________________________________
7.Шыққан сан _________________________ болып табылады.
4. Бос орынға қажет сөзді жаз.
Шамалардың орташа мәнін сипаттайтын статистикалық сипаттаманы _____________________ деп атайды.
«Түсіну» тапсырмалары
Неліктен? Неге? Не үшін? Не себепті? Бос орынға қажет сөзді жаз.
5,6,3,4,5,7 сан қатарының медианасын анықта. _________________________
Не cебепті медианасы _________________________________________тең ? Себебі, сан қатарындағы сандардың саны _________. Сондықтан олардың медианасы ортадағы _____және _______сандарының _____________________________________ тең.
«Талдау» тапсырмалары Бос орынға қажет сөзді жаз.
Неге берілген сан қатарының медианасын табу үшін кему немесе өсу ретімен орналастырады ? Өйткені, ____________________________ қақ ортасындағы___________________ табу үшін.
«Жинақтау» тапсырмасы Берілген сан қатарын белгілі реттілікпен жазып, медианасын анықта:
6,1; 7,5; 7,5; 5,9; 6,1
Медианасы _________________________ «Қолдану» тапсырмалары В) №651, № 652 «Баға беру» Сен қалай ойлайсың? Осы сандар қатарының медианасы өмірде қаншалықты қажет? «Кері байланыс»
«Білу»
Теория
Практика ІІІ кезең
1 деңгей (5 балл) «3»
Бос орынға тиісті қажет сөзді жаз:
1. Арифметикалық орта, ______________, өзгеріс ауқымы, ______________________ ститистикалық сипаттама болып табылады.
2. Медиана - шамалардың __________________ мәнін сипаттайтын статистикалық сипаттама.
3.№ 653 есепті шығару «Түсіну»
Теория
Практика 2 деңгей (5+4балл) «4»
1.Статистикалық сипаттамалардың блок -схемасын толтыр:
Статистикалық сипаттама
2.№ 656 есепті шығар «Жинақтау»
«Талдау»
Теория
Практика 3 деңгей (5+4+3балл) «5»
1. Кесте құрастыр.
2.№ 657 есепті шығар 6 сынып Математика
Сабақтың тақырыбы: Алгебралық өрнек. Алгебралық өрнектің мәні. Алгебралық
қосынды.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Алгебралық өрнек туралы түсінікті мысалдар арқылы қалыптастыру, алгебралық өрнектің қабылдайтын мәндерін, алгебралық өрнектің мәнін түсіндіру. Есептер шығарту, тақырыпты меңгерту.
Тәрбиелік: Жеке жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезіне білуді, нәтижеге жетуге
ұмтылуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушының жеке құзырлылығын дамыту, алгебралық өрнектердің
оқылуын, ерекшеліктерін есте сақтауға қалыптастыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың әдіс- тәсілі: топпен жұмыс, ҮӘЖ
Сабақтың өту барысы:
А) Ұйымдастыру
Б) Үй тапсырмасын тексеру
Жұмыс дәптері
«Көпір»
тапсырмалары І кезең
Бос орынға қажет сөзді жаз.
1. Өрнектердің түрлерін жаз: _________________өрнек, ____________өрнек.
2. Санды өрнек деген не? Санды өрнек деген - _________________тек _________________ тұратын өрнек.
3. Әріпті өрнек деген не? Құрамында сандармен бірге ________________ өрнек. «Білу» тапсырмалары
Кім? Не? Қалай? Қашан? Қандай? ІІ кезең
Бос орынға қажет сөзді жаз.
1. Алгебралық өрнектің жазылуында сандар,___________, _________________ таңбалар, жақшалар болуы мүмкін.
2. 3a-3; 4b-4; 3 a+4b -3; 0,7x; 5(y+3) – бұл өрнектер ____________________ өрнектерге мысал бола алады.
3. Алгебралық өрнектерде көбейту жазылмайды. Мысалы: 0,7x, 5(y+3)
4. Алгебралық өрнектердегі құрамында ______________бар бөлінді ______________ түрінде жазылады.
Көп нүктенің орнына бөлшек түрінде жаз:
5. а:в= … , 7:(m+n)=…
Бос орынға қажет сөзді жаз.
6 . Әріптермен берілген _____________________ мағынасы болатын мәндерін ____________ қабылдайтын мәндері деп аталады.
7.Алгебралық өрнектегі ____________ өрнектің мағынасы болатындай мәндерді ғана қабылдай алады.
8.Алгебралық өрнектегі әрбір әріптің орнына оның ___________ мәнін қойып, көрсетілген амалдарды орындау нәтижесінде шығатын __________ алгебралық өрнектің мәні деп атайды.
9 4a-2b+3c-5d = 4a+(-2b)+3c+(-3c) түрінде жазуға болады. Мұндағы, 4a ,-2b,
3c,-3c алгебралық _____________________ болып табылады.
10. 4a-2b+3c-5d алгебралық _____________________ болып табылады. «Түсіну» тапсырмалары
Неліктен? Неге? Не үшін? Не себепті? Бос орынға қажет сөзді жаз.
1. Бөлуді бөлшек түрінде жаз 3: (x-2)=
Не cебепті, x ≠2 болу керек? Себебі, ____________болса, бөлшектің бөлімі ______тең болады. Санды ___________бөлуге болмайтындықтан, берілген өрнектің мағынасы болмайды.
2. Неліктен алгебралық өрнек айнымалысы бар өрнек деп аталады? Өйткені, алгебралық өрнектің берілген өрнектің ________________ ретінде қолданылады. «Талдау» тапсырмалары Бос орынға қажет сөзді жаз.
1. Алгебралық өрнектің мәнін анықтау үшін, өрнектегі __________________ орнына _________ қабылдайтын _________ қойып, көрсетілген амалдарды орындау нәтижесінде шығатын _________.
2. Алгебралық өрнектің мәні өрнектегі әріптердің мәндеріне тәуелді.
Неге? Өйткені, өрнектегі әріптер өрнектің __________________ болатындай мәндерді қабылдайды. «Жинақтау» тапсырмасы Алгебралық өрнек құрастыр:
4 пен x- тің көбейтіндісін 8 бен y- тің көбейтіндісіне қосып, 3 пен z -тің қосындысына бөлу. ______________________________________________ «Қолдану» тапсырмалары В) №686, № 687,№ 688 «Баға беру» Сен қалай ойлайсың? Алебралық өрнекті не үшін қолдануға болады? «Кері байланыс»
«Білу»
Теория
Практика ІІІ кезең
1 деңгей (5 балл) «3»
Бос орынға тиісті қажет сөзді жаз:
1. Алгебралық өрнектің құрамында не болуы мүмкін? Алгебралық өрнектің құрамында әріптер, ______________, арифметикалық __________________, жақшалар болуы мүмкін.
2. Көп нүктенің орнына жауабын жаз: 9*a= ... мұндағы 9- _____________.
3. Әріптің қабалдайтын мәндері деп, __________________берілген алгебралық өрнектің __________________ болатындай мәндерін айтамыз.
№ 689 есепті шығару «Түсіну»
Теория
Практика 2 деңгей (5+4балл) «4»
1. (x-1): 8x - өрнегін бөлшек түрге келтіріп, өрнектің қабылдайтын мәндерін анықта. ____________________________________________________
2. № 690 есепті шығар «Жинақтау»
«Талдау»
Теория
Практика 3 деңгей (5+4+3балл) «5»
1.Алгебралық өрнек құрастыр.
№ 701 есепті шығар 6 сынып Математика
Сабақтың тақырыбы: Алгебралық өрнектерді ықшамдау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Алгебралық өрнектерді теңбе- тең түрлендіру арқылы ықшамдауды,
ықшамдау барысында қосуға қатысту, көбейтуге қатысты
ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін қолдануды, бөлшектерді
қысқарту арқылы ықшамдауды түсіндіріп, есептер шығарту.
Тәрбиелік: Жеке жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезіне білуге, нәтижеге жетуге
Ұмтылуға, досқа көмек беруге, мәселенің шешімін табуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушының жеке құзырлылығын дамыту, алгебралық өрнектердің
Теңбе- тең түрленуінде қолданылатын ережелерді есте сақтауға қалыптастыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың әдіс- тәсілі: жұппен жұмыс, ҮӘЖ
Сабақтың өту барысы:
А) Ұйымдастыру
Б) Үй тапсырмасын тексеру
Алдыңғы сабақтағы деңгейлік тапсырманы тексеру.
Жұмыс дәптері
«Көпір»
тапсырмалары І кезең
Бос орынға қажет сөзді жаз.
1. Қандай өрнек алгебралық өрнек деп аталады? _____________________ ___________________________________________________________________
2. Әріптің қабалдайтын мәндері деп, __________________берілген алгебралық өрнектің __________________ болатындай мәндерін айтамыз
3. Алгебралық өрнектегі әрбір әріптің орнына оның ___________ мәнін қойып, көрсетілген амалдарды орындау нәтижесінде шығатын __________ алгебралық өрнектің мәні деп атайды. «Білу» тапсырмалары
Кім? Не? Қалай? Қашан? Қандай? ІІ кезең
Бос орынға қажет сөзді жаз.
1. Алгебралық өрнекті ықшамдау ___________түрлендіру арқылы орындалады.
2.Мысалы, 3(a-1)=3a-3 болса, өрнектің жазылуын жалғастыр: 4(b+2)=_______; a(b+8)=___________
3.Есепте: егер а=3, b=2,1 болса a(b+8)=_________________
ab+8a =_____________
Екі өрнектің мәндері өзара тең. Демек, екі өрнектегі әріптердің қабылдайтын _______________ кез- келгенінде олардың сәйкес мәндері _______ болса, онда олар ___________________ өрнектер деп аталады.
4.Өрнекті оған теңбе- тең өрнекпен алмастыруды өрнекті теңбе- тең түрлендіру немесе өрнекті түрлендіру деп аталады.
5. Алгебралық өрнектерді теңбе-тең түрлендіргенде қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттері және көбейтудің _________________
___________________ қасиеттері, көбейтудің қосуға қатысты үлестірімлік қасиеттері қолданылады.
6 . Алгебралық өрнектерді теңбе-тең түрлендіргенде қосындыны берілген санға бөлуді, бөлшекпен берілген жағдайда бөлшекті ______________ өрнекті ықшамдауға болады.
7. Көп нүктенің орнына қажет өрнекті жаз:
(8a +4)- 6a+3= (8a - ...)+(4+3)=2a + ...
Мұндағы, (8a +4)- 6a+3 алғашқы түрі, 2a +7 ықшамдалған түрі.
(8a +4)- 6a+3 және 2a +7 өрнектері теңбе-тең өрнектер деп аталады.
8. (0,2´x * 7)5= (0,2´x*5 )7=7...
Мұндағы,_________________ алғашқы түрі, ____________ ықшамдалған түрі.
9.-3(2 a +5)=-3*2ª + (-3)*5=-6a - ... «Түсіну» тапсырмалары
Неліктен? Неге? Не үшін? Не себепті? Бос орынға қажет сөзді жаз.
1. Не себепті , алгебралық өрнектерді теңбе-тең түрлендіру мен ықшамдаудың мағынасы бірдей? Себебі, арифметикалық амалдардың қасиеттерін пайдаланып, ______________ мен ___________________ деген бір мағына.
2. Неліктен, алгебралық өрнек қысқартылмаған бөлшекпен берілген жағдайда бөлшекті қысқарту арқылы ықшамдалады? Өйткені, бөлшектің алымын да, бөлімін де ________________ немесе бірдей өрнекке бөлгеннен бөлшек өзгермейді. «Талдау» тапсырмалары Эйлер- Венн диаграммасын толтыр:
Қосуға және көбейтуге қатысты қандай қасиеттері ортақ?
Қосуға қатысты
Көбейтуге
қатысты
«Жинақтау» тапсырмасы Бос орынға қажет сөзді жаз.
Алгебралық өрнектің мәнін табу үшін:
1. Өрнекті __________________ керек.
2. Өрнектегі әріптің _________ мәнін қойып, санды өрнек алу керек.
3. Санды өрнектің _________ табу керек.
«Қолдану» тапсырмалары В) №727 ауызша, №728 , № 729 , № 730 «Баға беру» Сен қалай ойлайсың? «Ықшамдау» және «түрлендіру» ұғымдарының қолданылуы... «Кері байланыс»
«Білу»
Теория
Практика ІІІ кезең
1 деңгей (5 балл) «3»
Бос орынға тиісті қажет сөзді жаз:
1. Теңбе- тең өрнектер деп айтамыз , егер де екі өрнектегі әріптердің ___________________ кез- келгенінде олардың сәйкес мәндері ______ болса.
2. Өрнекті ықшамдағанда қосудың қандай қасиеттері қолданылады? ______________________________________________________________.
3. Көбейтудуің қандай қасиеттері қолданылады? _______________________және_____________________, қосуға қатысты __________________ қасиеті қолданылады.
№ 732, № 733, есепті шығару «Түсіну»
Теория
Практика 2 деңгей (5+4балл) «4»
1. Бос қатарды толтыр:
Алгебралық өрнекті мәнін анықтау үшін:
1. ____________________________________________________
2. ____________________________________________________
3. ____________________________________________________
2. №735, №736 «Жинақтау»
«Талдау»
Теория
Практика 3 деңгей (5+4+3балл) «5»
1.Көбейтудің қосуға қатысты үлестірмелік қасиетін қолданатын алгебралық өрнек құрастыр.
№ 740, №741 есепті шығар 6 сынып Математика
Сабақтың тақырыбы: Жақшаларды ашу. Ұқсас бөлшектерді біріктіру.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Алгебралық өрнектердегі жақшаларды ашу ережелерін яғни, жақшаның алдындағы таңбаның жақшаны ашу барысындағы маңыздертуығын, ұқсас қосылғыштарын біріктіруді түсіндіріп, мысалдар арқылы тақырыпты меңгерту.
Тәрбиелік: Жеке жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезіне білуді, нәтижеге жетуге
ұмтылуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушының жеке құзырлылығын дамыту, жақша алдындағы
таңбалар ережесін есте сақтауға қалыптастыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың әдіс- тәсілі: жұппен жұмыс, ҮӘЖ
Сабақтың өту барысы:
А) Ұйымдастыру
Б) Үй тапсырмасын тексеру
Жұмыс дәптері
«Көпір»
тапсырмалары І кезең
Бос орынға қажет сөзді жаз.
1. Алгебралық өрнектің жазылуында сандар,___________, _________________ таңбалар, жақшалар болуы мүмкін.
2. Алгебралық өрнектегі әрбір әріптің орнына оның ___________ мәнін қойып, көрсетілген амалдарды орындау нәтижесінде шығатын __________ алгебралық өрнектің мәні деп атайды.
3. 3a-3; 4b-4; 3 a+4b -3; 0,7x; 5(y+3) – бұл өрнектер ____________________ өрнектерге мысал бола алады. «Білу» тапсырмалары
Кім? Не? Қалай? Қашан? Қандай? ІІ кезең
Бос орынға қажет сөзді жаз.
1. Алгебралық өрнектегі жақшаны ашуда көбейтудің қосуға қатысты ____________________ қасиеті немесе рационал сандарға амалдар қолданудағы ____________________ ережесі қолданылады.
2. Алгебралық өрнектерде жақшаның алдында ‘+’ таңбасы болса, жақшаны ашқанда жақшаның ішіндегі қосылғыштардың таңбалары ____________________.
3. Алгебралық өрнектерде жақшаның алдында ‘-’ таңбасы болса, жақшаны ашқанда жақшаның ішіндегі қосылғыштардың таңбалары қарама- қарсы таңбамен ____________________.
4. Әріптері бірдей, тек қана әртүрлі қосылғыштар ______________қосылғыштар деп аталады.
5. Ұқсас қосылғыштарды біріктіру үшін олардың ____________________ қосып, алынған нәтижені ортақ әріппен көбейту керек. «Түсіну» тапсырмалары
Неліктен? Неге? Не үшін? Не себепті? Бос орынға қажет сөзді жаз.
1. Жақшаны аш: 7+ (-9a+4b-c)=
Не cебепті, жақшаның ішіндегі қосылғыштардың таңбасы өзгермей жазылды? Себебі, _____________________________ « + » болса, жақша ішіндегі қосылғыштардың өз таңбалары сақталады.
2. Жақшаны аш: 4,6- (2a -3b+7c) =
Неліктен алгебралық өрнектің таңбалары өзгерді? Өйткені, ________________________________________ « - » болса, жақша ішіндегі қосылғыштардың таңбалары қарама- қарсы таңбамен алмастырылады.
3. Неге ұқсас қосылғыштарды қосу , ұқсас қосылғыштарды біріктіру деп аталады? Себебі, ұқсас қосылғыштарды біріктіргенде, олардың ____________________ қосып, алынған нәтижені ____________________ көбейту керек. «Талдау» тапсырмалары Бос орынға қажет сөзді жаз.
1. Әріп бөліктері бірдей, тек қана коэффициенттері әр түрлі қосылғыштарды ________________________________________деп атайды.
2. Алгебралық өрнектегі көбейтіндідегі жақшаны ашқанда көбейтудің қосуға қатысты ______________________________________ пайдаланылады. «Жинақтау» тапсырмасы Алгебралық өрнектегі жақшаны аш :
a+(-b+c-d)= _______________________
a-(b-c+d)= _______________________ «Қолдану» тапсырмалары В) №762, № 763, № 764 , № 765, № 766, № 767 «Баға беру» Сен қалай ойлайсың? Алебралық өрнектегі жақшаны ашпасақ есептеулер орындалмас па екен? «Кері байланыс»
«Білу»
Теория
Практика ІІІ кезең
1 деңгей (5 балл) «3»
Жақшаларды ашудың ережесін қорытып шығар:
Алгебралық өрнектердегі _______________________________________
_____________________________________________________
Алгебралық өрнектердегі _______________________________________
____________________________________________________________
№ 775 есепті шығару «Түсіну»
Теория
Практика 2 деңгей (5+4балл) «4»
Ұқсас қосылғыштарды біріктіру ережесін қорытып шығар:
1. ____________________________________________________
____________________________________________________________
2. № 776 есепті шығар «Жинақтау»
«Талдау»
Теория
Практика 3 деңгей (5+4+3балл) «5»
1. Жақшаны ашуды формуламен көрсет.
____________________________________________________________
____________________________________________________________
№ 777 есепті шығар 6 сынып Математика
Сабақтың тақырыбы: Санды теңсіздіктің қасиеттері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Санды теңсіздіктің қасиеттерін түсіндіру, оларды есептер шығарғанда
қолдануға үйрету.
Тәрбиелік: Жеке жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезіне білуді, нәтижеге жетуге
ұмтылуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушының жеке құзырлылығын дамыту, теңсіздік таңбаларының
өзгеру жағдайларын есте сақтауға қалыптастыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың әдіс- тәсілі: жұппен жұмыс, сұрақ жауап, дискуссия, іздену,
зерттеу,салыстыру.
Сабақтың өту барысы:
А) Ұйымдастыру
Б) Үй тапсырмасын тексеру
№ 803, 808 есептерді тексеру.
Жұмыс дәптері
Оқушының аты- жөні_________________________________________
Күні ___________________
«Көпір»
тапсырмалары І кезең
Бос орынға қажет сөзді жаз.
1. а мен b сандарын салыстырғанда а - b айырмасы оң сан болса, _______ болады.
2. а мен b сандарын салыстырғанда а - b айырмасы теріс сан болса, _______ болады.
3. < немесе > белгілері ___________ теңсіздіктер
4. ≤ немесе ≥ белгілері ___________ теңсіздіктер
«Білу» тапсырмалары
Кім? Не? Қалай? Қашан? Қандай? ІІ кезең
Берілген санды теңсіздіктің қасиеттерін ережемен тұжырымда:
1. a>b болса, b<a_______________________________________________
______________________________________________________________
2. a>b және b>c болса , a>c ______________________________________
_____________________________________________________________
3. a>b болса, , c - кез- келген сан. ________________________________
______________________________________________________________
4. a>b болса, c – оң сан , ac > bc , a:c > b:c _________________________
______________________________________________________________
5. a>b болса, c – теріс сан, ac < bc , a:c < b:c________________________
______________________________________________________________
6. a>b болса, a>0, b>0 , __________________________________________
______________________________________________________________
«Түсіну» тапсырмалары
Неліктен? Неге? Не үшін? Не себепті? Бос орынға қажет сөзді жаз.
1.Теңсіздікті салыстырып, мынадай қорытынды жасауға болады: 9,3<10 ; 10<21,7 болса, 9,3< 21,7. Неге? Өйткені, ___________________
______________________________________________________________
2. 8,9>5,3 теңсіздігінің екі жақ бөлігіне де 1,2 санын қосайық, сонда қандай теңсіздік шығады? Не cебепті ? Себебі , теңсіздіктің екі жақ бөлігіне де ___________________қосқаннан немесе _____________
теңсіздік өзгермейді
«Талдау» тапсырмалары Айырмашылықты тап:
1. a>b болса, c – оң сан , ac > bc , a:c > b:c
2. a>b болса, c – теріс сан, ac < bc , a:c < b:c
____________________________________________________________
«Жинақтау» тапсырмасы Санды теңсіздіктің қасиеттерін схема түрінде бейнеле:
Санды теңсіздіктің қасиеттері
«Қолдану» тапсырмалары В) №912, № 913,№ 915, 916, 918
«Баға беру» Сен қалай ойлайсың? Теңсіздік пен салыстырудың мағынасы бір ме? Әлде...
«Кері байланыс»
«Білу»
Теория
Практика ІІІ кезең
1 деңгей (5 балл) «3»
Бос орынға тиісті қажет сөзді жаз:
1. Санды теңсіздіктің бір жақ бөлігіндегі қосылғышты екінші жақ бөлігіне көшіргенде, оның таңбасы қалай өзгереді? ______________
2. Көп нүктенің орнына <, > жаз: а артық b- дан a...b
3. Санды теңсіздіктің екі жақ бөлігін де бірдей теріс санға көбейтсек немесе бөлсек, теңсіздік белгісін __________________таңбаға өзгерту керек.
№ 917 есепті шығару
«Түсіну»
Теория
Практика 2 деңгей (5+4балл) «4»
1. Санды теңсіздіктердің қасиеттері нені түрлендіруде қолданылады? ____________________________________________________
2. № 924 есепті шығар
«Жинақтау»
«Талдау»
Теория
Практика 3 деңгей (5+4+3балл) «5»
1.Санды теңсіздіктердің қасиеттеріне мысалдар келтір:
1. 4.
2. 5.
3. 6.
№ 925 есепті шығар