ХИМИЯ САБА?ЫНДА?Ы О?ЫТУДЫ БА?АЛАУДЫ? ЖА?А Ж?ЙЕСІ


ХИМИЯ САБАҒЫНДАҒЫ ОҚЫТУДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ
АҚТАНОВА ҚАРАКӨЗ МАРАТҚЫЗЫ
Қызылорда облысы, Арал ауданы,
№13 орта мектебінің
химия пәнінің мұғалімі
Балаға  өз бетімен  зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан  әрі  жақсы оқи түседі Питер Клайн
Еліміздің орта білім беру жүйесінде болып жатқан елеулі өзгерістер оқыту мен оқу үдерісіне «Сындарлы оқыту» теориялық негіздерін енгізуді жүргізуде. Мұғалімге арналған нұсқаулық мазмұнынан алған материалдар мәліметі бойынша орта білім беру жүйелерінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқыту тәсіліне басымдылық берілген. Бұл оқытудың басым бағыты – тұлғаның өз ойлауы туралы ойлауын дамыту болып табылады. Яғни, кез келген оқыту мен оқу үдерісіне қатысатын субьект білім базасын түрлі дереккөздер арқылы, ұстазынан, оқулықтан, сыныптас құрбыларынан алған білімдерін үйлестіріп, ықпалдастыра қолдана алуы қарастырылған.
Бұрынғы сабақ беру барысында оқушыларға білімді дайын күйінде беретінбіз. Сол арқылы оқушылар білімді түсінеді, айтады. Ал, «Сындарлы оқыту теориясы» қазіргі мектептерде оқыту процесінің жаңаруына сонымен қатар ондағы педагогикалық әрекеттердің ұйымдастырылуына түбегейлі өзгеріс әкелуге бағытталған. Бағдарламаның негізгі идеясы мұғалімнің қазіргі қоғамда құзыреттілікті қалыптастыру мақсатында нұсқау бере отырып, жаңа заманға лайықты мұғалімдерге жол көрсеткенін және бағытталғынын түсіндім. Бұл бағдарламада модульдер бір- бірімен тығыз байланыста, қиыстыра пайдалана білгенде ғана өз әсерлерін күшейте алатынын білдім. Өзектілігі, маңыздылығы жағынан және қолданудағы қарапайымдылығымен маған қатты ұнады. Оқу үдерісін жақсартуда табысты оқытуды ұйымдастыру үшін оқушыларымның тек өз пәнін жетік меңгеруіне ғана мән бермей, жеке тұлғалық қасиеттерін де білу маңызды екендігін ұғындым.
Оқыту үрдісінде қазіргі кезде білім сапасын дамыту үшін бағалау жүйесін өзгерту қажеттілігі туындап отыр. Бағалау - оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы. Бағалау, бір нәрсенің деңгейін, сапасын, дәрежесін белгілеу. Оны оқушының оқу-таным әрекетінде қарастырсақ оқыту процесінің міндеттерін оқушылардың қандай дәрежеде меңгеруі, дайындық деңгейі мен дамуын, білімдерінің сапасын, білік пен дағды көлемін анықтайтын құрал. Оқытуды бағалау және нақты мақсаты оқушылардың оқуына ықпал етуге арналған оқытудың бөлігі ретінде бағалауды қолдану болып табылатын оқыту үшін бағалау арасында жүргізіледі. Оқу нәтижелерін бағалау- оқу үрдісінің ең маңызды жақтарының бірі болғандықтан осы үрдісті басқаруда негізгі рөл атқарады.
Өйткені дәстүрлі оқыту жүйесіндегі бағалау:
Стратегияның бір ғана түрі көзделеді
Бағалау мұғалім тарапынан жүзеге асырылады
Оқушының жауабы салыстырмалы бағаланады
Тақырыптың меңгерілуі жазба жұмысымен айқындалады (кері байланыс жүргізілмейді)
Бағалаудың мақсаты – бағаны айқындау – түрінде ғана жүрді.
Бұның тиімсіз жақтары әрине көп болды. Бес балдық жүйеде бағаның субьективтілігі, нақты бағалау критериінің болмай - бағалаудың дұрыс немесе дұрыс еместігі туралы ақпарат болмайды сондай-ақ ол оқушының білім деңгейін көтеруді ғана негізге алып құрылған, ал қазір оқушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты рөлде оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынасу, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылған. Ал критериалды бағалауда:
Жоспарлау, оқыту және бағалау- біртұтас үдеріс
Бағалау стратегиялары
Оқушыларды өзін-өзі және өзара бағалауға қатыстыру
Оқушылардың жауаптарына қарай тақырыптың меңгеру деңгейін бағалау
Кері байланыс орнату
Оқушылар бағалауды өздігінен оқу нәтижесін жақсартуға ықпалының маңызды екенін түсінеді
Бағалау – одан арғы білім алу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. (МАН, 55-бет)
«Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. (МАН,56-бет)
Оқыту үшін бағалау бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеуі және түсіндіру үдерісі. Берілген анықтаманың маңызды элементтерінің бірі оқушылардың деректерді қолдануына баса назар аударту болып табылады. Бұл ретте, мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға болмайтындығына назар аударылады. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартуы мүмкін және мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде оқушылар беелсенді қатысуы керек. Талпынғандар ғана білім ала алады. Білім алушылар өз білімін арттыру үшін бағалауды үйренуі қажет, сондықтан оқушыларға өзінің оқуын жақсарту үшін кері байланыс арқылы ақпаратқа сәйкес жұмыс істеу қажет. Бұл олардан түсінушілікті, қызығушылықты және ықыласпен әрекет етуді талап етеді. Оқытуды бағалаудың мақсаты, керісінше, оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Негізінен, ол тікелей келешек оқытуға үлес қосуға бағытталмаған, бірақ маңызды [1,59 бет]
Мен «»Химиялық алғашқы ұғымдар» тарауын қорытындылауға байланысты сабағымды өткенде түрлі түсті қағаздармен ІІІ топқа бөлген соң, бағалау парағын тараттым.
Тапсырма «Валенттілікті білесің бе?» «Теңестіруді үйрену» «Жоғалып қалған сөз» «Ой қозғау» Қорытынды баға
1 оқушы 2 оқушы 3 оқушы 4 оқушы 5 оқушы Жалпы баға Әр топ өз бақылаушысын, көшбасшысын, дизайнерін, уақыт сақшысын сайлады. Сабақ арасында тапсырмалардың шартын түсіндіре отырып, оқушылармен бірлесе бағалау критерийлерін қойдым.
Бағалау критерийлеті:
Валенттіліктің дұрыс қойылуы; жоғарғы ұпай – 3, төменгі ұпай - 1
Формуланың дұрыс құрылуы; жоғарғы ұпай – 3, төменгі ұпай - 1
Реакция типін дұрыс анықталуы; жоғарғы ұпай – 3, төменгі ұпай – 1 ұпай
Реакция теңдеуінің дұрыс теңестірілуі; жоғарғы ұпай – 3; төменгі ұпай – 1
Әр сабақты ұйымдастыруда оның негізгі бөлігі болып есептелінетін бағалау түрін алайық. Формативті бағалауды сабақта пайдаланғанда мен осы жүйенің негізгі стратегияларын басшылыққа алдым:
- алдағы мақсатты айқындау, яғни тапсырма бойынша критерийлер құрастыруды үйрету;
- оқушы мен оқушы арасындағы мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланысты қамқамтамасыз ету;
- оқушыларды өзін-өзі бағалауға үйрету;
- сабақты ұйымдастыру кезінде әрбір уақыт белгілі бір сапаны арттыру амалын қолдану;
- оқушыларды өзін-өзі бағалауға ынталандырып, сенімін арттыру[ 1,7.11.2012ж]
Сабақта оқыту үшін бағалаудың әдістерін пайдаланып, оқушыларды ынталандыру мақсатында оқушылармен бірлесе отырып, мынадай бағыттарда: сұрақтардың тиімді қойылуы, өзін-өзі бағалау, критерийлерді құрастыру және талдау, кері байланысты қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жүргіздім.
Өзін-өзі бағалағанда оқушының өз іс-әрекетіне өте жауапты қарап, әділ баға беретіндігіне практика кезінде тағы да көзім жетті. Жақсы оқитын оқушым Қаналы Бибінұр өз жұмысын төртке бағалады. Неге өзіңе төрт қойдың? деген менің сұрағыма 5 ке жету үшін менің әлі де химиялық реакцияларды дұрыс теңестіру үшін формулаларды құруға көбірек есептер шығаруым керек деп өз жұмысын талдағаны маған өте ұнады. Бірақ сабақта басқа топтарда оқушылардың бірін –бірі бағалдауында дәл осындай әділдік болмағанын , бәрі бір-біріне жоғары баға қойғанын да байқадым.Менің ойымша сабақта үнемі пайдаланып, оқушыға өзара бағалаудың мән-мағынасын үйрете алсақ бір-бірін шынайы бағалауға уақыт өте келе қалыптасады деп ойладым.
Периодтық заңның маңызын өткен кезде «Орынын тап» айдарында элементтерді А,Б топтарына сәйкес орналастыруға тапсырма бердім. Бұл тапсырма бойынша Кәрімов Мейіржан тақтағы шығып, өз пікірін айтып жатқан кезде менікі дұрыс емес ау дегенпікірмен өзіне сенімсіздік білдіріп жатқан кездері байқалды. Сол кезде Мейіржанның өз тобындағы оқушылар Мейіржанның ойын толықтырып, оған қолдау көрсетіп отырды, осы кезде байқағаным топпен жұмыс жасаған кезде бір-біріне көмектесіп, бір-біріне жаны ашып, сыныптағы ынтымақтастық қарым қатынас пайда болды. Осындай бақылаулардан кейін сабақ барысында оқушылардың өздеріне деген сенім, қызығушылықтың пайда болғаны сезілді. Олар жұмыстарын өзара бағалап, маңызды ұсыныстарын, тілектерін айтып, бірін-бірі ынталандырып, қолдап отырды. Олардың талдауларын тыңдай отырып және сабақтардан соң кері байланыс орнатқанымда оқыту үшін бағалаудың мәнін оқушылар да түсіне бастаған әрі олардың алдағы уақыттарда сабақ кезінде қолдана алатындығын түсіндімелері мен әр сабақтын сонында стикерге рефлексия жазу оқушылардың да күнделікті әдетіне айналды. Оқушылардың пікірлері мен ұсыныстарын мұқият қарап шығып келесі сабаққа жауабын дайындап келіп отыруға тырысып отырдым. Әсіресе апай осы сабақ өте қызықты өтті, осы тақырыпты қайтадан өтейікші, топпен жұмыс маған өте ұнады,- деген сияқты сөздері менің жұмысыма одан әрі белсене кірісіп, әр сабаққа дайындықпен келуіме жетеледі, бұл әдістің өте құнды екенін түсіндім. Оқушылардың жазған рефлексиясы олардың маған, яғни менің сабағыма берілген формативті бағасы сияқты болып көрінді. Ересек адам немесе бала болсын, кім болса да еңбегінің бағаланғанын жақсы көреді. Оқушы өз еңбегінің әділ бағасын алса, өзіне деген сенімділік пайда болып, оқуына, тіптен тәртібіне де әсер етуі мүмкін. Оқушы әр сабақта өз-өзіне баға беріп білімділігін арттыру үшін тағы да не істеу қажет екендігі туралы ойланады. Өзінің әлсіз жақтарын көріп, сыни тұрғыда бағалап, оларды жоюға тырысады. Ал керсінше жағдайда, оқушыда сенімсіздік, қарсыласу енжарлық пайда болып, кейде оқуға деген ынтасы мүлдем жоғалып кетуі де мүмкін. Міне мектептегі баланың психологиясының өзгеруіне әсер ететін бір жағдай осы деп білемін. Еңбегі дұрыс бағаланбаған жағдайда оқушының наразылығы артып, ал артық бағаланғандардың бойында өзімшілдік пайда болып, мінез құлқында өзгеріс пайда болары сөзсіз.
Формативті бағалау оқыту кезеңінде күнделікті қолданылады және сабақ барысында оқушылардың оқу танымдық әрекетіне басшылық жасайды. Формативті бағалау мұғалімнің жалпы немесе жекелеген оқушылар жұмысына жүйелі түрде бақылау жасау көмегімен жүргізіледі. Бағалаудың бұл түрі оқушылардың сынып немесе үй тапсырмаларын өз бетінше орындауға деген ниеттері мен берілген тапсырманы орындауға деген олардың қызығушылығы және жауапкершілік сезімін ынталандыруда үлкен маңызға ие болады.
Жиынтық бағалау – білім деңгейі мен оқу дағдыларын анықтау үшін формативті бағалау – оқушылардың да, мұғалімдердің де өз әрекеттеріне өздері сынмен қарауға, кейін болса да жетістіктері мен кемшіліктерін таразылауға әсер ететін бағалаудың түрі. Формативті бағалауды оқыту үшін жиі және ұтымды қолдану әр мұғалімнің шеберлігіне байланысты болады. Жиынтық бағалау әр түрдегі оқытудың жиынтық жұмыстарды орындау нәтижесі бойынша жүргізіледі (тесттер, сынақтар, бақылау жұмыстары және т.б.) Егер бағалау мақсаты баға қою, сертификаттау немесе алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару болса, онда өзінің функциясы бойынша бағалау жиынтық болып табылады және кейде оны оқытуды бағалау деп атайды. Оқушылардың білім сапасын көтеріп, курс барысында психологиялық аспектілерін дамыту үшін бағалаудың қаншалықты маңыздылығын түсіндім, енді қажетті мақсаттарда тиімді қолданамын деп ойлаймын. Оқушыларға қойылған әр бағаға сенімді түрде анализ жасап, оларды әрі қарай дамуға қалайша бағыттауға болатыны туралы түсіндіре аламын. Ол үшін әрқашан оқушыға қолдау көрсетіп, нұсқау беру керек. Сонымен бірге мұғалімнің оқушылармен бағалау туралы ақылдасуы оқыту үдерісін ұйымдастыруда пайдасы үлкен деп білемін. Оның тиімділігі туралы осы уақыт аралығында көзім жетті, ал енді алдағы уақытта критериалды бағалау технологиясын мен оқыту процесінде жиі пайдаланамын деген қорытындыға келдім.
Әр уақытта бала білімін алға қоюшы ұстаз үлкен көрсеткішке қол жеткізу жолында талмай талаптанып, шаршамай еңбектенеді. Сол кезде ғана еліміз көкке шарықтап, басқа елге елді танытады. Елді өсіретін де, елді төмен түсіретін де – білім. Сондықтан қолда бар амалдарды тиімді пайдана білу сіз бен біздің үлесімізде, құрметті әріптестер!
Пайдаланылған әдебиеттер:
«Жеке тұлғаның шығармашылық дарындылығын дамыту жолдары» Е.Т. Акитбаев.,2006ж
2. Химия оқулығы 8 сынып
3. «Оқыту- тәрбиелеу  технологиясы» журнал -2010 №3,5, 2011 ж.ж №5,10
4. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 2012ж
5. «Мұғалім философиясы» С.Мерсеитова
6. «Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде» С. Мирсеитова 2011ж
7. «Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде» С. Мирсеитова 2011ж
8. «Химия анықтамалығы» №4,5 2012
Р е з ю м е
г. Аральск
пер.Пушкина №4
тел. 2 45 08
сот. 8 701 645 41 11
Актанова Каракоз Маратовна
Сведения о себе: Дата рождения: 23.01.1984г
Национальность: казашка
Образование: Высшее. 2001-2005г.г Кызылординский Государственный Университет
им. Коркыт Ата
Факультет: «Естествезнание»
Специальность: преподователь химии и биологии
Стаж работы: 8 года в качестве преподавателя химии
Знание языков: Казахский – родной
Руский – свободный
Англиский – со словарем
Навыки: Знание ПК (Word, Internet Explorer)
Личное качества: Коммуникабельность, ответственность, внимательность,
пунктуальность и умение работать в команде