М. Ма?атаев «Елім барда», «Анау – аспан, мынау – ба?» ?ле?дері


Өткізілетін мерзімі:
Пән: қазақ әдебиеті
Сынып: 6 «А»
Мұғалім: Адамбаева Б.Т
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Тақырыбы М. Мақатаев «Елім барда», «Анау – аспан, мынау – бақ» өлеңдері
Мақсаты
ХХ ғасырдың біртуар тұлғасы, поэзияның Хан тәңіріне айналған ақын Мұқағалидың өміріне шолу жасай отырып, ақынның «Елім барда», «Анау – аспан, мынау – бақ» өлеңдерінің идеясын, мақсатын ұғындыру арқылы оқу сауаттылықтарын дамыту
Міндеттері 1.Әдеби тіл нормасын меңгерген, шығармадан алған әсерлерін бүгінгі өмірмен салыстыра алатын, логикалық ойлау қабілеті қалыптасқан, жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру;
2. Оқушының сөйлеу мәдениетін дамыту, өз пікірі, эстетикалық талғамы бар сауатты оқушы дайындау, ауызша да, жазбаша да еркін, көркем сөйлеуге ақын шығармашылығы арқылы үйрету.
3. Поэзия әлемімен оқушылардың жан дүниесіне үңілу, елін, жерін сүюге, әнді, өлеңді қадірлеуге, табиғатқа деген мейірімділікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже Мұқағали ақынның өлеңдерінің мазмұнын, идеясын түсініп, шабыттанған оқушы қалыптасады.
Сабақтың
модульдері
Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс – тәсілдер, СТО, АКТ, ОҮБ, Оқытуды басқару және көшбасшылық, Жас ерекшелігіне сәйкес оқыту, Талантты және дарынды балаларды оқыту.
Әдіс – тәсілдер Топтық оқыту, Дискуссиялық сұрақтар, Венн диаграммасы,Сатылай кешенді талдау, Кейіпкерге хат.
Көрнекілік-тер, АКТ «Аңыз адам» журналы, , постерлер, маркер, стикер, смайликтер, бағалау парақшалары,
Интерактивті тақта, презентация, ғаламтор сілтемелері
Bilim land сайты
М.Мақатаев өлеңдері бойынша: HYPERLINK "http://bilimland.kz/kk/content/lesson/15413-muqahali_maqataev_elim_barda_anau_aspan_mynau_baq_olengderi" http://bilimland.kz/kk/content/lesson/15413-muqahali_maqataev_elim_barda_anau_aspan_mynau_baq_olengderi
М.Мақатаевтың өз дауысы:
ӨӨлеңдер жинағы ІІ кітап : http://kitap.kz/index.php/catalog/audiobook/2287-bbbbb_olen2Ақынның өз даусымен оқыған өлеңі «Есіңе мені алғайсың»
Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі
( 2 минут)
Оқушылардың сабаққа жақсы дайындықпен, ынтамен кірісуі үшін психологиялық даярлық жүргізу. Олқушыларға көңіл- күй смайликтерін көрсетуді тапсырамын
«Жапырақ жинау» әдісімен топқа бөлу. Оқушыларды топтарға бөліп, топ спикерін сайлатамын. Бағалау парағын таратамын.
І топ- қызғылт түс «Болашақ»
ІІ топ – жасыл түс «Тәуелсіздік»
ІІІ топ – сары түс «Бейбітшілік»
Оқушылар психологиялық даярлық кезінде мұғалімге қолдарындағы көңіл- күй смайликтерін көрсету арқылы сабаққа деген күйлерін көрсетеді.
«Жапырақ жинау» әдісімен топқа бөлінеді.. Оқушылар топтарға бөлініп, топ спикерін сайлайды. Бір-бірін әділ бағалайды.
Үй тапсырма-сын сұрау
( 10 минут)
Үй тапсырмасы.
І топ : М.Мақатаевтың өмірі жолы.
Ақынның «Қара өлең» өлеңін жатқа айту.
ІІ топ: М.Мақатаевтың шығармашылығы
Ақынның «Қара өлең» өлеңін жатқа айту.
ІІІ топ: М.Мақатаев туралы белгілі бір тұлғаның айтқан сөздері
Ақынның «Қара өлең» өлеңін жатқа айту. Үй тапсырмасын орындап келген оқушының бағасын оқушыларға
«Бес саусақ» әдісі арқылы бағалатып, топ спикері бағалау парағына баға қояды.
Жаңа сабақ
Білу
Қызығушылықты ояту
( 6 минут)
Түсіну
Мағынаны тану
( 8 минут)
Қолдану
Дискуссиялық сұрақтар
р/н Дискуссиялық сұрақтар Ия Жоқ
1 М. Мақатаев 1931ж. Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында дүниеге келді. 2 «Қайырлы түн» өлеңі оқу, білім туралы жазылған. 3 Мұқағалидың ұрпақтары бар. 4 Мұқағали поэма жазбаған. 5 Ақынның жары Лашын Әзімжанова. 6 Мұқағалидың азан шақырып қойған аты Мұхаметқали. 7 Ақын жоғары білім алған 8 Ақын орыс ақындарымен жақын араласпады. 9 Ақын өлеңді 20 жасынан бастап жаза бастады. 10 Жарық көргенкітаптары бар. 11 Мұқағали ақын «Аққулар ұйықтағанда» дастанын Ғ. Мүсіреповке оқып бергенде, ол кісі алтын қаламын сыйға тартқан. 12 Ақын өте жуас, момын адам болған. 13 М.Мақатаев шығармаларды қазақ тілінде сөйлетті. 14 Мұқағалидың 100 шақты өлеңдеріне ән жазылған. 15 Ақынның үш бақыты бар. 16 Мақатаевтың «Саржайлау» өлеңіне ән жазған композитор Н.Тілендиев. 17 Тараз қаласында М. Мақатаев атына көше, мектеп берілген. 18 Мұқағали өлеңге «Шекпен жауып қайтарамын» деген. 19 Мұқағалидың ата-анасы бар. 20 Мұқағали қазақтың ақын қызына арнап өлең шығарды. Бүгінгі танысатын өлеңдерін тыңдату. (Bilim land сайты, аудирование)
Топтарға сұрақ: Өлеңдер не туралы?
Әр топ ақылдасып, 1 оқушы не туралы екендігін қысқаша айтады.
Өлеңдер туралы қысқаша түсінікпен таныстыру
(Bilim land сайты, тыңдалым)
Топтарға тапсырма беру. Постермен жұмыс.
1-топ «Елім барда» өлеңін кітаптан мәнерлеп оқыту Сатылай кешенді талдау жасату.
2-топ «Анау-аспан, мынау-бақ» кітаптан мәнерлеп оқыту және сатылай кешенді талдау жасату.
3топ «Анау-аспан, мынау-бақ» өлеңі мен А.Құнанбаевтың «Қыс» өлеңдерін мәнерлеп оқытып, Венн диаграммасы арқылы салыстырту.
Сұрақтарына жауап алу
«Анау-аспан, мынау-бақ» өлеңіне сатылай кешенді талдау жасату.
Оқушылар интербелсенді тақтадан ақын жайында сұрақтарға жауап береді. Дұрыс жауап иесі жұлдызшаға ие болады. Әр жұлдызша оқушының сумативті бағалануында ескеріледі.
Топтарға тапсырма беру. Постермен жұмыс.
1-топ «Елім барда» өлеңіне сатылай кешенді талдау жасайды.
2-топ «Анау-аспан, мынау-бақ» өлеңіне сатылай кешенді талдау жасайды.
құрылысына талдау жасайды.
жасайды, қорғайды.
3топ «Анау-аспан, мынау-бақ» өлеңі мен А.Құнанбаевтың «Қыс» өлеңдерін мәнерлеп оқып, Венн диаграммасын жасайды.
Қарсы топтар сұрақтар қояды.
Талдау
Сабақты бекіту
( 7 минут) Топтарға өздерінің постерге жазғандарын тақтаға ілдіртіп, қорғатамын. Әр топ өкілдерінің қорғауы мұғалімнің «бағасы» арқылы бағаланады.
Қосымша сұрақтар
І топқа сұрақ: Өлең не жайында жазылған? Ақын Отанына, еліне деген ыстық ықыласын қалай жеткізген?
ІІ топқа сұрақ: Теңеу дегеніміз не?
ІІІ топқа сұрақ: Өлеңде қыс көрінісі қалай суреттелген?
Табиғатты адам кейіпінде суреттеу көріктеудің қай түріне жатады? Топтар өздерінің постерге жазғандарын тақтаға іліп, қорғайды. Әр топ өкілдерінің қорғауы мұғалімнің «бағасы» арқылы бағаланады.
Сергіту сәті
( 1 минут) М. Мақатаевтың алтын қорда сақтаулы өз дауысын тыңдату.
Ақынның өлеңді қалай мәнерлеп айтқанын тыңдап, шабыттанады.
Жинақтау
Шығармашылық жұмыс
Ойтолға-ныс
( 5 минут) Тест
Үш топтың атауларын үш тілде айтқызу және осы атауларды қолдана отырып «Мұқағали атамен сырласу» тақырыбына эссе жазғызу
Өз армандары мен ойларын білдірту. Оқушыларға ақынға арнап хат жазады. Өз армандары мен ойларын еркін білдіре алады,ішкі сырларымен бөліседі.
Бағалау Кері байланыс
( 4 минут) Оқушылар сабақтың басында топқа бөлінгенде алған түрлі стикерлеріне әркім өз аттарын және сабақтан алған әсерлерін, ұнаған тұстары жайлы пікірлерін жазып, «Даналық ағашына» жапсыртамын. Осы аралықта топ спикерінен бағалау парағын алып, ең жоғары бағаға ие болған оқушыларды атап, сумативті бағалаймын. Бағалау парақшаларын өткізеді. Сумативті бағаларын күнделіктеріне қойдырады.
Үйге тапсырма беру (2 мин) М. Мақатаевтың «Елім барда», «Анау – аспан, мынау – бақ» өлеңдерінен қалаулары бойынша біреуін жаттап келу
Оқушылар үй тапсырмасын күнделікке жазып алады.