Конспект занятия по развитию речи в первой младшей группе на казахском языке
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Бірінші кіші тобы «Нұрсәуле» Тәрбиеші: Рахимгалиева Л.А
Білім саласы: «Қатынас»
Кіші сала: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Үй жануарлары»
Мақсаты: Үй жануарлары және олардың төлдері туралы балалардың білімдерін бекіту, сөздерді қайталау, сұрақтарға жауап беру арқылы тілдерін дамыту, балаларды үй жануарларына қамқор болуға тәрбиелеу;
Билингвалдық компонент: үй жануарлары - домашние животные, төлдер - детеныши
Сөздік жұмыс: төлдері
Іс-әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің қызметі Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Балалар бүгін бізге жүк машанасы келді. Балалар келіп қарайықшы не бар екенін.
Неліктен біз оларды үй жануарлары деп атаймыз? Балалар қызығушылық пен қарап білетін үй жануарларын атайды мысық, ит, сиыр, кой т.б.
Өйткені оларды адамдар бағады, күтеді
Ізденіс- ұйымдастырушы 1 тапсырма: «Ол кім, бұл не?»
Мынау не?
Дұрыс. Мысық қандай дыбыс шығарады?
Ал мысықтың баласы қалай атайсыңдар?
Мысық бізде үлкен, ал марғау қандай?
Мынау не?
Дұрыс. Сиыр қандай дыбыс шығарады?
Ал сиырдың төлін қалай атайсыңдар?
Сиыр бізде үлкен, ал бұзау қандай?
Мынау не?
Дұрыс. Ит қандай дыбыс шығарады?
Ал иттің баласын қалай атайсыңдар?
Ит бізде үлкен, ал қүшік қандай?
Мынау не?
Дұрыс.Қой қандай дыбыс шығарады?
Ал қойдың төлін қалай атайсыңдар?
Қой бізде үлкен, ал қошақан қандай?
2 тапсырма: «Дауысынан таны»
Сергіту сәті орындайды:
3 тапсырма:
Балаларға жануарларды сипаттауға ұсыну
Мынау мысық
Мысық «мяу-мяу» деген дыбыс шығарады
Марғау деп айтамыз
Мысық үлкен, ал марғау кішкентай
Мынау сиыр
Сиыр «му-му» деген дыбыс шығарады
Сиырдың төлін бұзау деп айтамыз.
Сиыр бізде үлкен, ал бұзау кішкентай
Мынау ит
Ит «ав-ав» деген дыбыс шығарады
Иттің баласын күшік деп айтамыз
Ит бізде үлкен, ал күшік кішкентай
Мынау қой
Қой «ме-ме» деген дыбыс шығарады
Қойдың төлін қошакан деп айтамыз
Қой бізде үлкен, ал кошакан кішкентай
Балалар дыбысты естейді не екенін айтады
Сергіту сәті
Қошақаны қойдың
Қайда қалып қойдың
Бұлтиып түр бүйірің
Қай өрістен тойдың
Балалар алдындағы әр жануарларды сипаттайды. Мынау сиыр, сиыр үлкен. Сиырдың мүйізі бар, аяқтары бар. Сиыр бізге сүт береді. Сиыр шөп ,жем жейді, су ішеді. Тамағын көрсету
Рефлексивті-коррекциялау Біз не жайында әңгімелестік?
Неліктен оларды үй жануарлары дейді?
Белсенді болған балаларды атап өту. Балалар сұрақтарға жауап береді.
Үй жануарлары дейтініміз өткені адамдар оларды бағады, күтеді
Күтілетін нәтиже:
Үй жануарлары және олардың төлдері туралы ұғынады
Үй жануарлары туралы түсінеді
Үй жануарларына қамқорлық жасау қолдарынан келеді