Ашы? саба? математика Бірлесіп ат?арыл?ан ж?мыс (4-сынып)
Ашық сабақ: Математика пәні. 4- сынып. Күні: 09.12.15ж
Сабақтың тақырыбы: Бірлесіп атқарылған жұмыс
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Бірлесіп орындауға арналған есептердің жаңа түрімен таныстыру;
2. Дамытушылық: Бірлесе жұмыс істеу түсінігін қалыптастыру;есептеу қабілеттерін жетілдіру , шапшаң есептеу, есте сақтау, зейінін дамыту. Топта жұмыс істей алу қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың қызығушылықтарын арттырып, білімқұмарлыққа баулу, сыйластыққа, жинақылыққа жетелеу.
Түрі : аралас сабақ
Әдісі: талдау,есептеу, салыстыру. топпен жұмыс.
Көрнекілігі: кестелер, қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер. Сабақтың барысы.І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.ІІ. Психологиялық дайындық.
Әрбір адам? (туысың, досың, жұрағат)
Әрбір сабақ? (үйрену, ұғу, ұлағат)
Әрбір ісің? (тірлік, тірек, адамдық)
Әрбір сөзің? (шындық, бірлік, адалдық)
ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
1.№5 есепті дәптерлерінен тексеру.
2.Өткен сабақтағы білімдерін пайдаланып, өткенге шолу.
Семантикалық картаны толтыру.
№ Формула
Аты S =v*t t= s : v V=s : t A= v *t V = a*b*c р=(а+в)*2
1 Жылдамдық 2 Уақыт 3 Қашықтық 4 Жұмыс 5 Көлем 6 Периметр ІҮ. Жаңа сабақ
Оқушыларды екі топқа бөліп, топтағы оқушыларға қағаздан қайық жасату.
Бірінші топ 3 қайық, екінші топ 5 қайық жасады. Олар бірлесіп 3минутта қанша қайық жасады? Осы есепті шығару арқылы, жаңа сабақтың тақырыбымен танысады.
Бірлесіп жұмыс атқарған кездегі өнімділік өнімділіктердің қосындысына тең: U = U1 +U2
Жұмысты табу үшін (орындалған өнімнің саны) бірлескен өнімділікті уақытқа көбейту қажет: A = U бірл.∙ t
Бірлесіп атқарған жұмыстың уақытын білу үшін жұмысты (орындалған өнімнің саны) бірлескен өнімділікке бөлу қажет : t = A : Uбірл.
3.146 беттегі №1 есептің біріншісін ауызша шығару қалған екеуін екі топқа беріп ауызша шығарту.
а)Шебер сағатына 25 бөлшек ,ал оның шәкірті тек 15 бөлшек жасады.Олар
8 сағаттық жұмыс күнінде неше бөлшек жасайды. ә)Шебер бір сағатта 25 бөлшек ,ал оның шәкірті 15 бөлшек жасады.Олар екеуі 320 бөлшекті неше сағатта жасап шығарды.
Ү.Сабақты бекіту
4.Үлестірмелі кеспелердегі есептерді әр топ орында отырып шығарады.
а) Екі елді мекеннен бір біріне қарама-қарсы бағытта екі мотоциклші жолға шығып, олар 4 сағаттан кейін кездесті. Біріншісінің жылдамдығы 65км\сағ. Екі елді мекеннің арасы 480 км болса, онда мотоциклшінің әрқайсысы кездескенге дейін қанша километр арақашықтық жүріп өткен?
ә) Екі оқушы бір уақытта бір-біріне қарама –қарсы бағытта үйлерінен шықты. Бірінші оқушы 60м\мин жылдамдықпен кездескенге дейін 480м жол жүрді. Ал екінші оқушының жылдамдығына қарағанда 10м\мин артық. Екінші оқушы кездескенге дейін қанша метр жол жүрді?
5. Оқулықпен жұмыс
Тақтаға көлемнің өлшем бірліктері туралы кестені ілемін.
1 см3=1000 мм3 1дм3=1000 см3 1м3=1000 дм 3
Осы кестеге байланысты №4 есепті тақтаға топтан кезекпен оқушы шығып шығарады.
1000см3:4 1м3-1дм3
1м3+200дм3 10 000мм3:50
1000см3+100дм3 1000см3:20
6.Сергіту сәті: Әуен арқылы бой сергіту.
7.Сәйкестендіру тесті
2сағ 45 мин+3сағ23 мин
2 сағ15мин+1сағ55мин
2тәул. 4 сағ+3тәул. 23 сағ
5тәул. 15сағ+1 тәул. 20 сағ
8. «Поезд» ойыны
345+345
321-123
3456+3456
34567+34567
4321-1234
54321-12345
ҮІ.Қорытынды:
-Бүгін қандай тақырыппен таныстық
-Жұмысты табу үшін не істейміз?
-Уақыт белгісіз болса ше?
-Өнімділіктің формуласын айт.
Рефлексия:
Менің сабақтағы көңіл күйім жақсы/ төмен
Маған сабақ ұнады/ ұнамады
Топта жұмысым нәтижелі болды/ нәтижелі болмады
ҮІІ.Бағалау: ҮІІІ.Үйге тапсырма:
Күнделікті енді алайық,
Үй тапсырмасын жазайық
Математикадан алған білімді
Ұмытпай есте сақтайық.
№7, 148 бет
Тексерілді: