ТОППЕН Ж?МЫС ЖАСАУДА 7 МОДУЛЬ АР?ЫЛЫ ТАБЫС К?ЗІН О?УШЫ?А БА?ЫТТАУ
ТОППЕН ЖҰМЫС ЖАСАУДА 7 МОДУЛЬ АРҚЫЛЫ ТАБЫС КӨЗІН ОҚУШЫҒА БАҒЫТТАУ Б. С. Нұрмағамбетова
«Павлодар қаласының № 28 жалпы орта білім беру мектебі» ММ
Директордың тәрбие ісінің орынбасары
Павлодар қаласы,Қазақстан Республикасы
Бүгінгі таңда Қазақстанның дүниежүзілік білім кеңістігіне ену қажеттілігі көтеріліп отырған кезеңде білім беру мәселесін, әдіс-тәсілдерді инновациялық үрдістермен алмастыру арқылы жалпы білім сапасын арттыру көзделген. Осы орайда әрбір мұғалім озық технологияларды терең талдаудан өткізіп, өзіне мәдени мұраларды жадында өшпестей етіп сақтаған құзіретті жеке тұлға қалыптастыруда оқытудағы жаңа тәсіл 7 модулді өз сабақтарымда пайдаланып жүрмін.Бұл тәсілдің басқа технологиялардан ерекшелігі жеті модуль арқылы іске асады. Саралай келе әр сабақта бір немесе бірнеше модульді бірден қолдануға болатынын анықтадым. Бұл қолданыстан ұтылғанымнан ұтқаным көп болды. Әр мұғалім өз сабағының –көшбасшысы. Ал көшті дұрыс бағыттай білу ол шеберлігіне байланысты.Жалпы менің оқытудағы өз міндетім оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту. Сондықтан сабақта оқушылардан жиі тақырып бойынша жеке, жұптық,топтық жұмыс яғни пирамидалық тәсіл түрлерін алып отырамын. Өйткені, ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтау белсенділігін, дағдысын білім саласының дамуын қамтамасыз етеді. Осылайша оқытудың жаңа мазмұнын жасауға бетбұрысты әрбір мұғалім өзінен бастағаны жөн. ҚР «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған, білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделді. Бұл міндеттерді шешу үшін мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге жол ашады . Сабақ беруде мұғалім оқушылардың жас ерекшелігін негізге алуы керек. Тапсырамаларды да меңгере алатындай, сұрақтарға дұрыс жауап іздей алатындай етіп қою керек.Сол кезде сабақ күтілген нәтижеге қол жеткізеді.
1. Мұғалім оқыту кезінде билік жүргізу әдісінен арылуы керек.
2. Оқыту үрдісі кезінде сабақтағы басты тұлға білім беретін мұғалім емес, осы білімді қызыға қабылдауға дайын оқушы болуы тиіс.
3. Балалардың оқуға деген ынтасын күшейту керек
4. Өз дербестігін, белсенділігін дамыту қажет.
5. Оқу, дамыту жұмысын ұтымды жүргізу үшін баланың табиғи талабын, қасиетін дер кезінде айқындау керек.
Осы қағидалар негізінде сабақты жаңа технология әдістерін қолдану арқылы жүргізу - оқушының өзін-өзі дамытуына, өз біліміндегі олқылықтарды өзі тауып , өз сұрағына өзі жауап іздеп жан –жақты білім алуына көмектеседі. Мектептегі өзге әріптестерімді «Оқытудың кембридждік тәсіліне негізделген 7 модуль мәнмәтінінде ІІІ деңгей курсының бағдарламасымен» таныстыру және оның элементтерін сабақ беру процестерінде қолдануларына ықпал етудемін. Оқушының жеке тұлға болып қалыптасу үшін мұғалімнің қателесуіне жол жоқ. Мұғалім білім беріп, ұрпақ тәрбилеуде негізгі тұлға, олай болса оқушыға берілетін білімді нәтижелі, жүйелі түрде жеткізіп қателеспей оқыту міндетін, парызың. Оқыту үшін оқытудың жаңа технологияларын орынды пайдалана білуі қажет. Топпен жұмыс жасағанда сабақ өкізуде түрлендіріп, топты күнделікті сабақта алмастырып , сабақта екі рет топпен жұмыс болуын, оқушылардың түгел қамтылуын , сабақтан тыс қалмауын қадағалау. Оқушы нені ойлау керектігін ұғынуын, топтық жұмысты ұйымдастырғанда, олардың бірлесе жұмыс істеуіне мүмкіндік жасау. Оқытуды жақсартуда оқыту үшін бағалауды тиімді ұйымдастыру сыни тұрғыда дамытуға болатын әдіс-тәсілдердің алуан түрлі болатынын әріптестерім тани түсті. Оқушылардың өзін – өзі дамытуы үшін істелетін әрекеттермен танысты. Мұғалім әрбір оқушының өз мүмкіндігін пайдалана алуына тікелей ықпал етуі қажет.
Заманауи оқытудың негізі 7 модулі бойынша сабақ беретін сыныптарымда қазақ тілі пәнінен сабақ өткізудемін. Әрине сабақ мақсаты жаңа әдіс-тәсілдерді үйрету емес, жаңа білімді, ақпаратты баланың өзіне игерту. Сондықтан жаңа білімді өз бетімен алуға дағдыландыру үшін 7 модульдің элементтерін толық қолдануға тырыстым. Оларды сыни тұрғыда ойлануға, бірін-бірі, өзін-өзі бағалауға, АКТ мүмкіндіктерін қолдануға, дарынды балалардың қабілеттерін ашуға, топпен жұмыс жасауға, диалогке түсу кезінде жауапкершілік сезімін қалыптастыруға дағдыландырдым.
Оқытудағы белсенді әдіс-тәсілдерді сабақтарда тиімді пайдаланып топтық жұмыс жасап , диолог, АКТ, СТО орынды қолданып бағалаудың түрлерін пайдалана отырып әріптестеріммен кәсіби тұрғыда пікір алмасып отырамын.
Қазіргі заманғы мұғалімнің басты мақсаты- оқушыны терең білім алу мен сапалы ойлауды дамытуға жетелеу болып есептеледі. Бірлескен топ жұмысында оқушылар бір-бірімен ой бөлісіп, бір-бірімен тәжірибе алмасып, алынған ақпаратты топ болып түсініп,талдап , синтездейді, салыстырып болжамдар жасай отырып ортақ шешімге келеді. Оқыту мен оқудың жаңаша әдіс-тәсілдерін ойдағыдай меңгерген мұғалім шәкіртін білім алуға қызықтыра алады және жеке іздеуге дағдыландырады. Нәтижесінде оқушы еркін, өзіндік дәлелдемелерін анық жеткізе білетін сенімді, сыни ой-пікірі мен көзқарастары дамыған болып қалыптасады . Топтық жұмыс арқылы ой қозғай отырып, өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін топ ішінде талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау екені мәлім. Мұғалімдер үшін бұл сабақтың маңызды екендігін, бұл әдіс-тәсілдер әріптестерімді қызықтырғандығын анықтадым. Жаңа үлгідегі сабақ ұсынамын. Іс-әрекеттегі зерттеу жұмысымның тақырыбы: «Қазақ тілі сабағында топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.» Зерттеудің негізгі мақсаты: Оқушылардың топта жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру. Топтық жұмысты ұйымдастыра отырып қызығушылығын арттыру арқылы, әлеуметтік ортаға бейімдеу. Зертеудің нысаны –топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру, шығармашылық ойлауын дамыту, сабаққа деген қызығушылығын арттыру. Зерттеу жұмысының міндеттері: - оқушылардың топтық жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.- пәнге деген қызығушылығын арттыруда жаңа технологияларды (СТО, эссе жазу, АКТ мүмкіншілігін) пайдалану.Зерттеусұрақтары: - Топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру жолдарын қарастыру;- Оқытудағы кедергілерді қалай анықтауға және шешу жолдарын табуға болады?
Іс-әрекеттегі зерттеудің бір маңызды ерекшелігі – оны іс-әрекетке қатысты оқытушылар немесе оқушыларды зерттейтін сырттан келген зерттеу тобы емес, сол ұйымдағы не қоғамдағы мүше немесе сол ұжымның өзге мүшелерінің қатысуымен жүзеге асырылатынында. (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 91-бет).
Жоғарыда берілген сұрақтарды тәжірибеде көз жеткізуде бағдарламада берілген теорияны басшылыққа алдым.
Сонымен қатар көптеген отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектерін негізге алдым. Оқудың ынтымақтастық ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоциональдық тұрғыдан да дами түседі,өйткені олар түрлі көзқарастарды тыңдап, өз идеяларын айтуға мәжбүр болады. Осылайша ынтымақтастық оқу жағдайында оқушылар құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға, әртүрлі ұстанымдармен алмасуға, басқа тұжырымдамаларға күмәнмен қарауға және оған белсенді қатысуға мүмкіндік алады. Оқушылар оқу үдерісіне белсенді қатысқанда тиімділікпен оқиды[1,39]. Білім беру және білім алудағы өзгерістер мұғалім мен оқушылар арасындағы ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді. Сондықтан өзімнің осы модуль төңірегінде жинаған теориялық білімімді тәжірибеде іске асыруға және оның қаншалықты оң нәтиже беретіндігін бақылау мақсатында жұмыс жасаудамын. Тәжірибе барысында топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы дағдысын дамыту мақсатында 4 «а» сыныбына Қазақ тілі пәнінен 7 модуль негізінде сабақты өткізуді жоспарладым. Жоспарлауда оқушылардың жас ерекшеліктерін, қабылдау деңгейлерін, қызуғушылығын ескердім. Пәні: Қазақ тілі сынып: 4 «а». Сабақ тақырыбы: Ас атасы- нан .Жалпы мақсат: оқушылардың тілдік мәдениетін дамыту.
Сабақтың ұйымдастыру бөлімінде жаңа сабақты ұйымшылдықпен бастау мақсатында оқушыларды геометриялық пішіндер арқылы 3 топқа бөліп , оқушыларға іс-әрекетті қайталатып жағымды психологиялық ахуал туғызып алып ой қозғау сұрақтарын қойдым. Ой қозғау
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күзде қандай маңызды жұмыстар атқарылады?
- Адам өміріне ең қажетті тағам не? Таныстырылым көрсетіледі.(Талдауға сұрақтар беріледі).Жеке, жұптық, топтық жұмыстар орындалады. « Нан-дәм басы » тақырыбында 5 жол өлең құрастырады. («Синквейн» тәсілі). Үйден өлең жолдарының қисынын қайта қарап, реттеу тапсырылады Үйден өлең жолдарының қисынын қайта қарап, реттеу тапсырылады.
Сабақтан алған әсерім Пікірім. тәсілдерді, стратегияларды пайдалана отырып өткіздім. Бұрын сабаққа қатыспайтын оқушылар өзгергенін көрдім.Тізбектелген сабақтар соңында глосари алдым. Оқушылардан сабақ сайын кері байланыс алғанда оқушылар сабақта жұптық, топтық жұмыс істеген ұнайтындарын көрсеткен. Мерсер мен Литлтонның (2007) еңбектерінде көрсетуінше диалог сабақта оқушылардың қызығушылықтарын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсеткен [2,12].Сабақтарда оқушыларға сұрақ қойғанда, оқушының ойына түрткі болатындай сұрақтарда болды. Сабақты жоспарлауда берілген тапсырмалар топтық жұмысты қамтуға көбірек пайдалануға тырыстым және оның тиімділігіне тәжірибе жүргізуде айқындалды. Қазіргі білім беру тұжырымдамасының талабында мұғалім мен оқушының қарым-қатынасы жаңа болмыстық мазмұнда өзгеріп, мұғалім – ұйымдастырушы, бағыттаушы, оқушы – ізденуші, белсенді болуы керек.Қазақ тілі пәнінен оқушыларға өз бетімен жұмыстар орнату арқылы шығармашылықпен білім алуға қол жеткізуге болады.Өзіндік жұмыстарда :
-Оқушының пәнге деген қызығуы артады;
-Оқушының шығармашылық қабілеті дамиды,ізденушілік қабілеті артып,жауапкершілігі жоғарлайды;
-Ақпаратты бағдарлау біліктілігі қалыптасады;
-Сыни тұрғыдан ойлау қабілеті артады.
Топтық жұмыстарда әр топ басшылары өз топ мүшелеріне міндеттерін белгілетіп, қабілеті төмен оқушының көшбасшы оқушыға ұмтылғандығын, байқадым. Оқушылардың сабақты талқылағаннан байқағаным, топ басшысы оқушыларға атқаратын міндеттерін бөліп, әр оқушының не нәрсеге жауапты екенін белгілеп отырды. Оқушылар өзара бір-бірімен келісіп әр топтың жұмысына түрлі бағалаулар беріп отырды.Постермен жұмыс жасағанда оқушылардың шығармашылығы артқанын аңғардым, алғашқыда бұл жұмысты білмейтін болатын, кейін бұл әдіс оқушыларға ұнағандарын айтты. Оқушылардың сабаққа деген ынтасы, қызығушылығы, балалардың көп ізденетініне көзім жетті. Рөлдік ойын арқылы оқушылардың сыни ойлайтынын байқадым, өйткені сыни ойлайтын оқушы жағдаятты сұрақты шеше алады. Сондықтанда ойлауға үйрететін сабақты дамыта оқыту сабақтары деп білеміз. Осындай сабақтардан кейін ой түйгенім:
- Оқушылардың топтық жұмыстарда жақын арадағы даму аймағы жүрді;
- Оқу тапсырмаларды орындау үшін механикалық есте сақтау мен қайталауды, емес құрдастардың белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеуі және қорытуын талап етеді.
-Оқу оқушылардың әнгімелесу кезіндегі әлеуметтік ортасы жағдайында жетіледі. Сабақ барысында байқағаным топтық шешім қабылдар алдында топ мүшелері идеялармен бөліседі. А (озат)деңгейлі оқушы үнемі өте жоғары баға алатын , тәртіпті, дарынды, сенімді, жоғары ынталы мінсіз оқушы болып саналады. Осы тізбектелген сабақтарда бұл оқушы үнемі белсенділік танытып отырды. В (жақсы) деңгейдегі оқушы өзін-өзі тануға деген, қызуғышылығының тек әуестенушілік деңгейінде ғана танылуымен сипатталады, С(қанағаттанарлық) деңгейдегі оқушылармен ынтымақтастық ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан да дами түседі, өйткені олар түрлі көзқарастарды тыңдап ,өз идеяларын айтуға және қорғауға мәжбүр болады.
Мектептегі іс-әрекеттегі зерттеу жұмысымда қол жеткізген нәтижелерім.
1) Оқушылар топтық жұмыстар жасай отырып, бірі-білмегенді екіншісінен үйреніп, жақын арадағы даму аймағы жүрді;
2) Оқу тапсырмаларды орындау үшін механикалық есте сақтау мен қайталауды емес құрдастардың белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеуі және қорытуын талап етеді;
3) Оқушылар ой-пайымдарының негізін құрып, мәнін ұғады;
4)Топтық жұмысты ұйымдастыру Мерсер сипаттағандай білімді бірлесіп алу немесе пікір алмасу барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы іске асады, дегенмен оны оқушылар бірлескен зерттеу барысында да анықтай алады[3,103].
5) Оқыту дара тұлғаға бағытталу қажеттігіне қол жеткіздім.
Топтық жұмысты барлық пәндерді оқытуда қолдануға болады.
Оқушылардың өз ойларын еркін айтуға,бірлесіп ынтымақтастықта жұмыс жасуға мүмкіндік береді.
Топтық жұмыс арқылы оқушыларды диалогқа түсіру үшін мұғалім ашық және жабық сұрақтар ретін оқушылардың жас ерекшеліктерін, қабылдау деңгейін ескеру қажет.
Топтық жұмысты жүзеге асыру, оқушылардың сыни ойлауын дамытуға,мүмкіндік беретініне сенімдімін.Сыныпта мұғалім оқушылармен интерактивті тілдесу арқылы тиімді әңгіме үлгісін жасай алатын, оқыту үшін зерттеуге және өзара ынтымақтастыққа ықпал ететін жағдай жасауға міндетті.
Әдебиеттер:
1.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық ІІІ деңгей. «Назарбаев Зияткерлік мектебі»ДББҰ,2012.-39б.
2.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық ІІІ деңгей. «Назарбаев Зияткерлік мектебі»ДББҰ,2012.12-б.
3. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық ІІІ деңгей. «Назарбаев Зияткерлік мектебі»ДББҰ,2012.103-б.
4. Б.Жалмағамбетова, З.Н.Оразаева, Р.М.Жабағина Ойлау туралы ойлау.-Павлодар: «Өрлеу»БАҰОационерлік қоғамының филиалы,Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты,2013.-22б.