Интернат ?оймасы Шерхан М?ртаза


Тақырыбы: Интернат қоймасы. Шерхан Мұртаза
Мақсаты:
1. Оқушыларға Тұрар Рысқұлов өмірі жайлы 2 класта оқығанды еске түсіре отырып, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету;
2.сөйлемді дұрыс құруға, ойлау, ойын тиянақтап жеткізе білуге дағдыландыру;
3.шыншылдыққа,батылдыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, іздену.
Көрнекілігі: суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. Сабаққа дайындық: Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: Бұл өлеңді ақын неліктен «Кедей» деп атаған?
Кедей деп кімдерді атаған?
Кедейдің ауыр өмірін қалай бейнелеген?
Бұл оқиға қай кезде болған?
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Аштық, кедейлік мүлде болмас үшін не істеуге болады?
ІІІ.Мақсат қою кезеңі:
1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
2.Жаңа сабаққа даярлық.
3.«Қызыл жебе» жайлы 2 класта қандай үзінді оқыдық? Есіңе түсір. (« Бала Тұрар» Шерхан Мұртаза)
ІҮ. Жаңа сабақ: Интернат қоймасы.
Шерхан Мұртаза 1932 жылы 28 қыркүйекте бұрынғы Әулиеата уезі, қазіргі Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ топырағында дүниеге келген.
Жазушы, қоғам қайраткері, ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері ,аудармашы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. Сондай-ақ ол ҚР Президенті жанындағы Ұлттық кеңестің мүшесі.Әкесі Мұртаза 1937 жылы сталиндік репрессияның құрбаны болып кетті. Шерхан 1941 жылы Талапты мектебінде бірінші кластың табалдырығын аттаған кезден бастап-ақ оқумен бірге еңбекке де араласты. Балалық шағы соғыстың қиямет, қиын-қыстау кезеңіне тұспа-тұс келді.1. Қазақстанда болып жатқан аштық, оның себептері туралы Сталинге ашық хат жазған алғашқы адам Тұрар Рысқұлов еді.
Тұрар Рысқұлов (26 желтоқсан 1894, Жетісу облысы, Верный уезі ШығысТалғар болысы – 10 ақпан 1938, Мәскеу) – мемлекет қайраткері. Оның әкесі Рысқұл Жылқыайдарұлы 19 ғасырдың 80-жылдары патша әкімшілігінің озбырлығына шыдамай Сырдария облысының Черняев уезінен (қазіргіОңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы) Верный уезіне қоныс аударып келген болатын. Жаңа қонысында да әділетсіздік көрген Рысқұл 1904 жылы желтоқсанда халыққа тізесі батқан Саймасай Үшкемпіров деген болысты атып өлтіреді. Түрмеде жатып өш алушылардың жалғыз ұлы Тұрарға зияны тиер деп қауіптенген ол оны өзінің қасына алдыртады. «Түрме баласы» аталған Рысқұлов түрме үйлерін сыпырып, бастықтың атын айдап жүріп орыс тілін үйренеді. Әкесі 10 жылға сотталып Сахалинге жер аударылған соң Рысқұлов – «Қырғызбаев» деген жалған фамилиямен нағашыларының қолына келіп, Меркідегі орыс-түземдік бастауыш мектепте оқиды.
2.Мәтінді түсініп оқу.
Әңгме кім туралы?
Тұрар неліктен Серікті сұраққа алды?
Серік неліктен шындықты айтты?
Тұрар мен Қабылбек қандай шешімге келді?
Сен олардың орнында болсаң не істер едің?
Ү.Жаңа сабақты пысықтау:1.Мәтіннің соңғы жолын қайталап оқы. Балаларға сипаттама бер. Іс-әрекетіне баға бер. Әңгімеге басқаша ат қой. Неге олай ат қойдың дәлелде.
ҮІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1.Мәтінді оқы, Тұрар неге Сталинге хат жазды деп ойлайсың? Ойланып кел.. ҮІІ Бағалау