Та?ам ж?не сусын 1 сынып


Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:7-бөлім: Тағам және сусынМектеп: Жамбыл ЖОББМ-Б
Күні:12.04.2017ж. Мұғалімнің аты-жөні: Касимов К.
Сынып: 1 Қатысқандар саны:20
Қатыспағандар саны: 0 Сабақтың тақырыбы Кафе/мейрамханаға бару
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) Өзгелерді тыңдайды, түсінеді және кейбір тұстардың не туралы екенін біледі
1.1.3.1 Оқиғаны ретімен жай сөйлемдерді қолданып баяндау тәсілімен айтады. (мұғалім көмегімен)
Сабақтыңмақсаттары Өзгелерді тыңдауды, түсініп, өз ойларын айтуға жағдай туғызу;«Кафе» тақырыбынақатысты үйренген сөздерді пайдаланып диалогқа қатысуға үйрету .
Жетістік критерийлері . «Кафе» тақырыбына қатысты үйренген сөздерді пайдаланып диалогқа қатысады
Сөздік қор
Кафе, тұтынушы, сәлеметсіздер ме, қош келдіңіздер, төрге шығыңыздар, астарыңыз дәмді болсын, салқын сусын, ыстық күн, ыстық кофе, даяшы, балмұздақ.
Құндылықтарды дарыту Жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтарды қалыптастыру.
Пәнаралықбайланыстар Ғылымғакіріспе.
Алдыңғы меңгерілген білім
Оқушылар жазу нұсқаулары мен қарапайым әңгімелермен (мәтін) таныс. Әр түрлі сөйлем түрлерін айта алады.
Сабақбарысы
Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет
РесурстарСабақтың басы
1.Оқушылардың зейінін шоғырландыру. Ортақ тақырыпты еске түсіріп, өткен сабақта не үйренгенін еске түсіруді сұрау. 
2.Оқушылармен бірге сабақтың мақсатын анықтап алу Сабақтыңортасы
(Ұ) Постер бойынша жұмыс:
1.Мәтінді еске түсіру.
Оқушыларға өткен сабақта оқыған мәтінді қайталап оқу.
Кафеде
Осы демалыста біз достарымызбен кафеге бардық. Кафеде көп адамдар болды. Олар тамақ ішіп отырды. Даяшы бізбен амандасып қарсы алды. Ол бізге бос үстелдерді көрсетті. Балалар үстел жағасына жайғасып отырды. Даяшы бізге ас мәзірін ұсынды. Ас мәзірінде кафеде дайындалатын түрлі тағамдардың аттары жазылып тұр екен.
Ұлдар ас мәзірінен өздеріне «Тұшпара» тағамын таңдады. Қыздар болса «Сірне» тағамын таңдады. Сусындардан алма шырынын, ал тәтті тағамдардың ішінен балмұздақты таңдадық. Даяшы бізден тапсырысты қабылдап алды. Біраз уақыттан кейін біздің тапсырысымыз дайын болды. Даяшы біздің алдымызға тағамдарды әкелді. Тағамдар өте дәмді дайындалған.
Бізге тағамдар өте ұнады. Біз аспазшыға алғыс айтып, қоштастық.
2.Постердегі сөздерді орнына орналастыру.
Кафеде
Тұтынушы: Сәлеметсіз бе?
Даяшы: Сәлеметсіз бе, қош келдіңіз!
Тұтынушы:Сіздерде бос орын бар ма?
Даяшы: Бар, мына үстел бос. Мен даяшымын, атым- Абылай.
Тұтынушы:Маған ас мәзірін беріңізші.
Даяшы: Өтінемін. Қандай тапсырыс жасайсыз?
Тұтынушы:Маған «Көктемгі салат» және палау.
Даяшы: Сусындардан ше?
Тұтынушы:сүт қосылған шай. Десертке - кекс .
Даяшы:Ракмет! Сіздің тапсырысыңыз 10 минутта дайын болады.
Тұтынушы:Ракмет, тағамдарыңыз дәмді болды. Сау болыңыз.
Тапсырма:
Үйде дайындалған диалог бойынша сабақта рөлдік ойын ойналатынын хабарлау. Оқушыларға қалай тапсырыс беріп, қалай қабылдау керектігін естеріне түсіру.
(Т)Оқушыларды топқа біріктіру. Әр топқа постер ұсыну. Оқушылар постерге қарап, кафеде отырған тұтынушылардың айтқан сөздерін болжап көреді. Әр топтың жауабын тыңдап болған соң, түпкі нұсқасын оқыту.
Әр оқушыға ас мәзірін ұсыну. Оқуға мүмкіндік беру.

(Ұ) «Кафеде» рөлдік ойынды ойнату
Сынып ішінде кафе секілді бұрыш жасау. Орындық пен үстел қойып, үстіне дастарқан жаю. Тапсырыс қабылдайтын парақтар, ас мәзірі, тағамдар мен ақша, чек, дайындау(муляж).
Оқушыларға кафе ойынын ойнауды ұсыну. Мұғалім оқушылар арасында көбірек жүріп, даяшы мен қонақ арасындағы қарым- қатынас үлгісін көрсетеді. Ол оқушыларға сыпайылық, көпшілік орындарда әдептілік сақтауды үйретеді.
Тапсырмаларға сәйкес өлеңдер оқып беріп, оны қайталауға ықпал жасау:
Сорпа, көже, кеспені іш,
Сорпылдатпай, еппен іш.
Алып жаймен алдыңа,
Үгітпей же нанды да.
Асты шашпай-төкпей іш –
Жаман әдет білгенге.
Шайды «ыстық» деп үрлеме.
Келген асты алдыңа
Тауысып іш, қалдырма.
Сабақтың соңында кафе қызметкерлерімен кездесуге мүмкіндік болса, қандай сұрақтар қояр едіңдер, сол сұрақтарыңды ойластырып келулерін сұрау.
Суреттер
Сабақтың соңы -Сабақта не үйрендік?

Сабақ ұнаса бармақпен көрсетуді сұрау. Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Қиналатын оқушыларға дербес қолдау көрсету. Оқушылардың сөз ойлап тапқандарын, сөйлем құрағандарын, мәтіндіретімен жай сөйлемдерді қолданып баяндау тәсілімен айтқандарын «көңілді смайл» беру арқылы бағалау, жұптасып жұмыс жасау үдерісін бақылау арқылы бағалау. Сергіту сәттерін өткізу.