Адам а?засына зиянды сусын
Адам ағзасына зиянды сусын
ЗАҒИПА ЖАҚСЫБАЕВА,
АСТАНА ҚАЛАСЫ ГЕНЕРАЛ
С.Қ. НҰРМАҒАМБЕТОВ АТЫНДАҒЫ
«ЖАС ҰЛАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
МЕКТЕБІНІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ
ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ
Жекелеген әлеуеметтік топтардың табиғатпен қарым-қатынасын қарастыратын экологияның бір түрі - адам экологиясы. Адамдардың іс-әрекеттерін және сол іс әрекеттерді өзге адамдардың түсінуі, жеке тұлға немесе ұжым мәселесі болып табылады. Зерттеу нысаны ортақ болуына байланысты адам экологиясы, әлеуметтік экологиямен ұштасады. Жаратылыстың ең ғажап құбылысы- адам. Адамның өмір сүруі үшін әлеуметтік жағдайлар, қоғамдық орта өз әсерін тигізеді. Сонымен қоса адам , адамға жау десе де болады. Оның куәсі кәсіпкерлердің қалтасын ақшаға толтыру мақсатында адам денсаулығына қауіпті тағамдар мен сусындарды жарнамалап үздіксіз шығаруы.
Еліміздің нарығына шөліңді әп -сәтте басып, сергітетін түрлі энергетикалық сусындардың сатылып жатқанына біраз уақыт болды. Көбіне ештеңеден бейхабар жасөспірімдер, жастар, тіпті ата-аналардың өздері баласының денсаулығына аса қатерлі улы сусын сатып әперіп жатқанын білмейді. Қай сауда орнына барсаңыз да, сусындардың түр-түрін көресіз. «Кока-кола», «Пепси-кола», «Спраит», «Макси шай» т.б. жастардың сүйікті сусынына айналды. Бұл сусындардың зияндылығы, әсіресе жас ағзаға қаншалықты үлкен зардап әкелетіндігі жайлы кейінгі уақыттта ғана айтыла бастады. Әсіресе, Coca-Cola сусынын үнемі пайдалану салдарынан адам ағзасының фильтрі саналатын бауырдың іруі өте жиі кездессе, бүйрекке тас жиналуы, жүйке аурулары, қант диабеті, асқазан жарасы, қатерлі ісік аурулары т.б. пайда болатын көрінеді.
Халық арасында бұл сусынмен түрлі дақтарды кетіруге болатыны да айтылып жүр, ал өзіміз бұл сусынның құрамында не бар екенін де біле бермейміз.
130 жылдан аса тарихы бар және Атланта қаласында бас офисі орналасқан Coca-Cola компаниясы сусынның құпиясын ашар еді, алайда сусынды ойлап тапқан дәрігер-фармацевт Джон Пэмбертон 1886 жылы бұл сусынның құпиясын ешкімге айтпайтындығын уәде еткен екен.
Табиғаттың ерекше жаратылысы адамзат баласының өмір сүруіне қатер төндіретін бұл сусынды пайдаланбас үшін денсаулыққа пайдалы, ата-бабамыздың сүйіп ішкен қымызы мен шұбатын, қымыран сияқты сусындарын көптеп өндіріп, шетелден келген сусындарды дүкен сөрелерінен ығыстыруымыз керек. Алайда, Coca-Cola қазіргі таңда елімізде де шығарылып , ақша табудың жолына айналды. Сондықтан ата- аналар балаларына жас кезінен өзіміздің ұлттық тағам, сусындарды ішуге үйретуі керек. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Еліміздің – болашағы жастар»-дейді, ендеше жастарды салауатты өмір салтын ұстап, жас ғұмыры солмасын деп, экологиялық мәселелерді шешудің маңызы зор деп білемін. Жалпы адамзаттың өсіп – өнуіне қауіп төндіретін энергетикалық сусынды пайдаланудың алдын алу күресі – әрбір жеке тұлғаның ғана емес, қоғам үлесінде.