Ашы? саба?. Ана тілі. Та?ырыбы: ??рман?азы (4 сынып)


№ 3
Пән: Ана тілі
Сынып: 4 «ж»Сабақтың тақырыбы: Құрманғазы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың күй атасы Құрманғазы мен оның талантты шәкірті Дина жөнінде білетіндерін толықтыра түсу.
Дамытушылық: Көркем сөзді сөздік қорларына қолдану арқылы ауызша сөйлеу дағдыларымен жазба тілдерін жетілдіру арқылы шығармашылық ізденіске баулу.
Тәрбиелік: Ұлттық өнерге деген сүйіспеншілік арқылы эстетикалық тәрбие беру.
Көрнекілігі: Мәтін авторы С.Бақбергенов, Құрманғазы, Динаның суреттері, тірек сызбалар.
Түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Әдісі: Сұрақ-жауап,топтастыру,тауып оқу.
Сабақтың жүрісі.
I. Ұйымдастыру. Ой ашар. Назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Ш.Мұртаза «Бала Тұрар» жоспар бойынша әңгімелеу.
Үй тапсырмасын қорытындылау.
1. Т.Рысқұлов кім?
2. Ол неге Сибирь сөзін естігенде селк етті?
3. Қоңырау үні неге кісен сылдырына ұқсап кетті?
III. Жаңа сабақ.
Қызығушылықты ояту.(Оқушының өз білімін ортаға салуға мүмкіндік жасау).
Енді жаңа сабағымызға көшпес бұрын мынаны біліп алайық. Өнерлі деген сөздің мағынасын қалай түсінеміз?
Топтастыру.
Балалар тақтаға шығып топтастырады.
256794013589000 биші әнші
13677901270000034156655080000 ақыл
169164022860өнерлі
00өнерлі

14154152476525869901962150033204157239000
спортшы күйші жыршы
Олай болса, бүгін біз атақты күйші Құрманғазы мен шәкірті Дина әжеміз жайлы мағлұмат алмақпыз.
Әңгіме авторына тоқталу.
С.Бақбергенов Оңтүстік Қазақстан облысы,Созақ ауданында 1920 жылы дүниеге келген. Соғысқа қатысқан. Мәскеу түбіндегі шайқастарға қатысқан. Көптеген кітаптардың авторы. Ол 1997 жылы қайтыс болған.
-Балалар мен сендерге алдыңғы сабақта белгілі күйші,домбырашы Құрманғазы мен Дина туралы мағлұматтар жинақтап келіңдер деп едім тапсырмаға кім дайын?
Оқушы жауаптары.
IV .Тақырыпты әңгемелеу.
Оқулықпен жұмыс. Тізбектей оқыту.
Тапсырма: (мағынасы қиын сөздерге белгі қиып отыру)
Дәптермен жұмыс. Сөздік жұмыс.
Суыт-
Кілтипандарын-
Жігері құм болды-
Құқай-
V. Сұрақтарға жауап алу арқылы мәтін мазмұнын айтқызу.
«Қайран шешем» күйін тыңдап отырып тапсырмаларды орындау.
1. Мәтіннен осы күйдің шығу тарихы жөнінде айтылған тұсты тауып оқы.
2. Құрманғазының анасы жөнінде пікіріңді білдір.
3. Мәтіннің соңғы сөйлемін қайталап оқып шық. Осы жолдардағы ойды өрбітіп, әңгімені өз бетіңше жалғастырып көр.\
4. Динаның көңіл-күйін білдіретін тұсты тауып оқы. Динаның бейнесін көз адыңа елестетіп көр.
Құрманғазы атамыз туралы мағлұмат беру. Ұлы күйші 1818 жылы Батыс Қазақстан облысы Жаңа қала ауданы Жиделі ауылында дүниеге келген. Ұстазы Ұзақ домбырашы. Алғашқы «Кішкентай» . Ол әділетсіздікке қарсы күрескен. Халықтың көңіл-күйін бейнелейтін көптеген күйлер шығарған ұлы дарынды сазгер. Күйлері: « Сарыарқа» , «Алатау», «Көбік шашкан»,» Кісен ашқан», «Адай» т.б.
Құрманғазы атында аудан ,музыкалық оөу орындары, Мемлекеттік оркестр бар. Қазір де күйшілер көп Р.Тәжібаев, А.Үлкенбаева, С.Тұрысбеков т.б.
Дина Нұрпейісова-ұлы күйші. Ол 1870 жылы өнерде алғаш тұсауын кескен күйші атамыз Құрманғазымен кездесті .Содан кейін ол ұлы күйшіден сабақ алды. Оның аманатын ,күйлерін келер ұрпаққа жеткізді. Өзі де көптеген күйлер шығарды. Күйлері: « Әсем қоңыр», «Бұлбұл» т.б
Тыңдау. Құрманғазы оркестрінің орындауында күй «Алатау»
VI.Қорытынды.
Білемін Білмеймін Білгім келеді
Дина
Құрманғазы
Күйші 1. Не үшін тұтқынға алынды?
2. Ақырғы өтініші не болды? 1. ҚҰрманғазы күйлері:
2. Олардың ұрпақтары бар ма?
VII.Бағалау.
VIII.Үйге тапсырма.
1. Тақырыпты оқу.
2. Құрманғазының күйлері.
3. Динаның күйлері.