?лтты? бірі??ай тестілеу ж?не о?ушыларды? о?у жетістіктерін ба?алау бойынша талдау


А.Нұрқатов атындағы Шұқыркөл орта мектебінің 2015-2016 оқу жылындағы ҰБТ және ОЖСБ дайындық жұмысы туралы
Білім мазмұнының жаңғыруына орай әрбір мекеме басшыларын ҰБТ мен ОЖСБ-ның дайындығына сапалы жұмыс талап етілуде. Осыған орай сол талаптарды орындауға әр мұғалім өзінің кәсіби біліктілік деңгейлерін шыңдауда.
Мектепте ҰБТ дайындыққа жалпы және пән мұғалімдерінің жеке жұмыс жоспарлары негізінде жұмыс жүйесі негізделген болатын. 11-сыныпты бітіруші оқушы: 2 ұл, 2 қыз. Сапалық құрамы бойынша екпінді және үздік оқушылар жоқ. Ал, қазіргі таңда ҰБТ тапсыратын оқушы саны-3. Барлығы: 75 % қамту бар. Сабақ беретін мұғалімдердің сапалық құрамы бойынша қазақ және орыс тілдері,физикадан бірінші санатты, биология, география, тарих, математика, ағылшын тілінен екінші санатты құрайды. Негізгі ҰБТ тапсыратын пәндермен қатар, таңдау пәндері: физика, биология.
Мектептің жұмыс және әр пән мұғалімінің жұмыс жоспарына сәйкес консультация сабақтары, он-лаин түрінде тестілеу,әкімшілік бақылау тесті-леуі уақытында жүргізіледі. Соңғы жылдары таңдау пәндері бойынша екі деген баға алушылар қатары азаймай отыр. Оған себеп таңдау пәніне үстүр-тін дайындықпен, жауапкершілікті сезінбей ҰБТ қатысуы деп ойлаймын. Осы оқу жылында барлығы он сегіз рет тестілеу өткізілді. Оның бесеуі көш-пелі. Мектептің көрсеткіштері: 15.10 күні 50,5 бал, 03.11 күні 75 бал, 18.12 күні 55,67 бал, 25.01 күні 61,6 бал, 16.02 күні 70,5 балды көрсеткен. Соңғы үш тестілеуде орташа бал 55,67 ден 70,5-ке өзгеріп, яғни 14,83 балға артқанын көруге болады. Жеке пәндер бойынша өзгеріс динамикасын қарастырсақ, қазақ тілі 17,3 балдан 19 балға, яғни 1,7 бал ;орыс тілі 10,7 балдан 14 балға, яғни 3,3 бал; математика 8,3тен 10,5-ке, яғни 2,2бал; Қазақстан тарихы 8,3 балдан 12 балға, яғни 3,7 балға; биология 13-тен 22-ге яғни 9 балл; физика 7-ден 8-ге,1 балға көтерілген. Орыс тілінсіз орташа бал 45-тен 56,5-ке, яғни 11,5 балға көтерілген. Соңғы 16 ақпан бойынша мектептің қамтуы 50%,аудандық орташа бал 76,24-тен мектептің орташа балы 5,26-ға төмен, математикадан 12,61-ден 10,5-ке, яғни 2,11 балл, қазақ тілі 17,05-тен 19-ға, яғни 1,95 балға жоғары, орыс тілі 15,5-тен 14-ке, яғни 1,5 балға төмен, Қазақстан тарихы 16,08-ден 12-ге, яғни 4,08 балл төмен, биология 16,38-ден 22-ге, яғни 5,62 бал жоғары, физика 12,65-тен 8-ге, яғни 4,65 балға төмен көрсеткені байқалды. Әрбір тестілеуден соң пән мұғалімдері түзету жұмыстарын жүргізіп отырады. Қазіргі таңда туындап отырған мәселе: мектептің орташа балын және жекелеген пәндер бойынша өсу динамикасын көтеруге мақсатталған тиімді жолмен дайындық орнату.
ҰБТ базасынан алынған тест кітапшаларымен, сонымен қатар әр пән мұғалім өзінің технологиясы бойынша дайындық жұмыстарын жүргізуде.
Мектепте оқу жетістіктерін сырттай бағалау жұмыстарының дайындық жоспары бойынша 9-сыныптың оқушыларымен қосымша сабақтар, жекелеген консультациялар, он лаин тестілу оқу жылының басынан бастап өткізіліп отырады. Ата-аналармен, оқушылармен бірнеше рет кездесулер ұйымдастырылып, дайындық жайында психологиялық қызмет көрсетілді. Мектепте 7 рет, 1көшпелі тестілеу өткізілді. Мектеп бойынша мысалы, ағылшын тілінен тестілеу көрсеткіштері: 10,4 балдан 12,6 бал аралығында болды. Тестілеуде төмен көрсеткен оқушылар: Карбаев Қ.
Оқу жылының басында 22.09 күнгі тестілеуде Қазақстан тарихынан орташа балл-8,6; математи-кадан -7,6; биологиядан -8,8; физикадан- 4,8; әдебиеттен-8,4 көрсеткен. Жалпы орташа балл. Жалпы орташа 38,5 балды құраған.
9-сыныпта барлығы 9 оқушы аудандық тестілеуге қатысты. Мектептің орташа көрсеткіші 34,22 балл, аудандық көрсеткіш 29,53-тен, 4,69 бал жоғары, жекелеген пәндер бойынша қазақ тілінен 11,56 балл, алгебра 19 балл, геометрия 7,67 балл, биология 9 балл, Қазақстан тарихы 11,5 балл, дүние жүзі тарихы 20 балл, орыс тілі 11,33 бал аудандық көрсеткіштен жоғары болса, физика 3,33 балл, география 4,67 балл, химия 4 балл, ағылшын тілі 3,8 балл, әдебиет 7 балл аудандық көрсеткіштен төмен екендігі анық-талды. Туындаған мәселелер: пән бойынша оқушылардың шекті деңгейлерін көтеру, дайындықты сапалы жүргізу. Осыған орай тағы да жұмыстарды мазмұнды және қарқынды жүргізу керекдеп ойлаймын.
Айқын Нұрқатов атындағы Шұқыркөл орта мектебі
А.Нұрқатов атындағы Шұқыркөл орта мектебінің 2015-2016 оқу жылындағы ҰБТ және ОЖСБ дайындық жұмысы туралы
(Шұқыркөл орта мектебінің директоры С.Е.Разахова)