Тор к?зде ба?дарлау.Тор к?зді ?рт?рлі т?ске бояу.


Сабақтың тақырыбы: Тор көзде бағдарлау.Тор көзді әртүрлі түске бояу.
Сабақтың мақсаты: 1) Қолдың ұсақ моторикасын,зейінін,есте сақтау қабілеттерін,зейінін,логикалық ойларын дамыту,көңіл-күйлерін сергіту; 2)Сөздік қорларын кеңейту;
3)Кеңістікті бағдарлауын,сенсорлық түйсігін жетілдіру;4)Достыққа,сыйластыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Керек заттар:қалам,түрлі-түсті бояулар,пішіндер,таяқшалар
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
II. Негізгі бөлім.
Қызығушылықтарын ояту.
«Бұлар ненің төлдері» ойыны.
-Балалар, мынау суреттерге қараңыздаршы,бұл нелердің суреттері?
-Жабайы жануарлардың.(оқушылар)
-Енді,балалар осы суреттерден жануарлардың төлдерін табыңыздаршы?
-Кәне кім тез табар екен.

Тапсырма №1 (ауызша орындаймыз)
Әр топтағы сөздерді бір сөзбен қалай айтуға болады?
Піл,қасқыр,арыстан,түлкі......-аңдар немесе жабайы жануарлар
Доп,шар,қуыршақ,зырылдауық......-ойыншықтар
Үстел,шкаф,орындық,парта........-жиһаз
Кітап,қалам,қарындаш...............оқу құралдары
Тапсырма №2
Адасқан әріптерді жаз.Қандай сөз пайда болды?
Арша............шара
Уоаж............ожау
Ағжа............жаға
Ыуст............туыс
Тапсырма №2
Заңдылығын бұзбастан,өрнекті жалғастыр,әр түрлі түске боя.
(тор көзде)


«Қуырмаш» жаттығуы
( ұсақ саусақ моторикасына арналған жаттығулар)
Қуыр,қуыр,қуырмаш,
Бидай қуыр қуырмаш
Тауықтарға тары шаш
Бас бармақ,(бас бармақты жұмады)
Балаң үйрек,(сұқ саусақты жұмады)
Ортан терек,(ортаңғы саусақты жұмады)
Кішкентай бөбек,
Шылдыр шүмек.(кішкентай саусақты жұмады)
Тапсырма №3
Жазып көр.
(тор көзде)
/ / / / / / / / / / / / / / / / / / / / / / / /
Көзге арналған жаттығулар:
«Көзді жыпылықтату»
Тапсырма №4 (тор көзде)
Графикалық диктант.
Желкенді қайықпен өту.

(саусақтарымен жүргізу,карандашпен түрлі түске бояу)
Сабақ нәтижесі
Оқушының мұқият,ұқыпты орындағанын қарап,мадақтау.